"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

22.12.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерекесін тойлау аясында 14 желтоқсан күні Семей қаласы жастарының форумы өтіп, жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан белсенді жастар қала әкімінің сыйлығымен марапатталды. Жастар форумына қала әкімі Ермак Сәлімов арнайы қатысты.

Бүгінгі күні Семей шаһарында 100 мыңдай жас бар. Сонымен қатар Семейде тіркелген 30-ға жуық жастар ұйымы бар болса, оның 17-сі белсенді жұмыс істеуде. Сол жастар мен жастар ұйымдары еліміздің дамуына мейлінше үлестерін қосып келеді. Шығыс Қазақстан облыстық «АМиДО» балалар және жастар ұйымының Семей қалалық филиалы мен ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған форумда үздіктер анықталып, оларды қала басшысы құттықтады.

— Сіздермен жастардың дәстүрлі форумында кездескенімізге қуаныштымын. Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңындағы құттықтауымды қабыл алыңыздар,- деген Ермак Бидахметұлы ширек ғасыр ішінде еліміздің жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері жайында ой өрбітті. — Қазақстан жастары – мемлекетімізбен бірге, тәуелсіз елімізбен бірге өскен ұрпақ. Ел ертеңі бүгінгі жастар деп бағалаған Президентіміз жастарға ерекше көңіл бөліп, оларға барлық мүмкіндікті жасап отыр. Елбасы сенген ұрпақ өздеріңізсіздер. Мемлекет басшысының тың идеялары мен жоспарларын жүзеге асыратын да жігерлі жастар. Сіздерге жүктелетін басты міндет – аға ұрпақ қол жеткізген барлық құндылықтарымызды сақтап, келер ұрпаққа табыстау. Семей — жүздеген жас өмір сүріп, еңбек етіп отырған жастар қаласы. Сол жастар бүгінгі күні зауыт-фабрикаларда, білім, спорт, мәдениет және денсаулық сақтау салаларында еңбек етуде. Мектеп, лицей, орта және жоғары оқу орындарында білім алуда. Сонымен бірге олар жастар қозғалыстары мен  жастар ұйымдарының мүшелері. Бүгінгі жастар мемлекет келбетін қалыптастырады. Сондықтан сіздерге жаңа бастамалардың ұйытқысы болып, мақсаттарға жету жолында ынтымақ пен бірлікті сақтап, табыстарға жетулеріңізді тілеймін,- деді Ермак Бидахметұлы.

«Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» атты қала әкімінің жүлдесі 7 номинация бойынша берілді. «Жылдың жас көшбасшысы» аталымын Семей мемлекеттік медицина университетінің 4-курс  студенті Кристина Кривец иеленді. Ал электротехникалық колледж директоры Азат Сарпеков «Жылдың жас кәсіби маманы» атанса, «Жылдың үздік жастар ұйымы» аталымы «Жасыл ел» еңбек жасағының облыстық штабына берілді. «Жылдың жас отбасысы» аталымына Кәрібаевтар мен Жұмаділовтер отбасылары ие болды. Думан Кенжеғазин «Жылдың жас еріктісі» атанды. Сондай-ақ «Жылдың жас спортшысы» аталымы «Алтай» футбол клубының ойыншылары Азат Ерсәлімов пен Дмитрий Колбунцовқа, Еркебұлан Нұрғалиев пен Әлібек Сәкеновке берілді. Ал Знаменка ауылдық округінің әкімшілік қызметкері  Айдын Сәкенов «Ауылдың жас маманы» атанды.

Құттықтау рәсімінен соң жастар сөз алып, алғыстарын жеткізді. Форум соңы концертке ұласты.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

04.07.2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Әділет» партиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға толықтай дайын екенін мәлімдейді. Біз бұл сайлауды жаңа Конституцияны іске асырудың және Қазақстандағы демократиялық...

Толығырақ...Details

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

04.07.2026
Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

Semeytany.kz – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасымен өткен республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы өз жұмысын аяқтады. Алты айға жуық уақытқа созылған...

Толығырақ...Details

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

04.07.2026
Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Абай атындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ұйымдастырылды. Аталулы шара Ұлттық домбыра...

Толығырақ...Details

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

03.07.2026
Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

Бүгін Курчатов қаласында қуаты 700 Мегаватт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті. Маңызды шараға облыс әкімі...

Толығырақ...Details

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

03.07.2026
Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің...

Толығырақ...Details

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

03.07.2026
Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың бұйрығымен құрылған Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Аталған іс-шара мемлекеттік органдарды,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

1 день бұрын

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

1 день бұрын

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

1 день бұрын

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

2 дня бұрын

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

2 дня бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

2 дня бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

3 дня бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

3 дня бұрын

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

3 дня бұрын

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС