"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕКІ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТ БЕКІДІ

27.12.2016
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

21 желтоқсан күні Семей қалалық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы өтті.  Сессия жұмысы басталмас бұрын, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов халық қалаулыларын, сессияға шақырылғандарды егемендіктің ширек ғасырлық мерекесімен  құттықтап, жылы лебізін білдірді және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығының құрметіне бірқатар халық қалаулыларына ШҚО әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті.

Сессия төрағасы Қайрат Құсайынов күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырған соң, Семей қаласы мәслихатының  2017 жылға арналған жұмыс жоспары жайында мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов баяндады. Халық қалаулылары келер жылы өздері қарайтын мәселелерді бір ауыздан қолдады.

Күн тәртібінде қаралған екінші мәселе – Семей қаласының  2017-2019 жылдарға арналған бюджеті. Екі жылдық бюджеттің қай салаға бағытталғаны жайында қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова баяндама жасады.

Жалпы, екі жылдық бюджеттің жоспары бойынша, келер жылы қала жолдарын күтіп ұстауға, балабақшаларды жөндеу мен Степной кентін жарықтандыруға бөлінген қаражат көлемі артады. Мұздыбай ауылындағы тұрғын үйлер құрылысын аяқтау, Комсомол кентінде электр желілерін тарту мен №6 гимназия ауданындағы аспалы жолды салуға 320 млн. теңге қарастырылған екен. Бұған қоса қосымша трансферттер бөлініп отыр. Бұл қосымша қаражат ағымдағы шығындар үшін жұмсалады.

— 2017 жылға арналған бюджет көлемі, мақсатты трансферттер мен кредиттерді ескермегенде, 21 702  983 теңгені, 2018 жылға 20 633 133 теңгені, 2019 жылға 20 627 762 теңгені құрады,- деген экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы 2017 жылға субвенсия көлемі 4 776 360 теңгеге жеткенін айтып өтті. — Аталған субвенсия қаражаты  2017 жылы азаматтық қызметшілерге жаңа модель бойынша еңбекақы төлеуге, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын ұлғайтуға, мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік білім беру тапсырмасын орналастыруға, орта білім беру ұйымдарының сандық білім беру инфрақұрылымын құруға, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында бюджет саласындағы жұмыс берушілердің аударымдарына, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын енгізуге, жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге және өзге мақсаттарға жұмсалатын болады,- деп атап өтті Гүлжан Қайырханқызы.

Баяндамадан соң «Семей таңы»-«Вести Семей» газеттерінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Риза Молдашева сауал жолдады: «Ертіс өзенінің жағалауында қауіпсіз шомылу алаңы жоқ. Көтерілген мәселе сол қалпында қалған сияқты. Бұл алдағы жылдың бюджетінде жоспарланған ба? Екінші сауалым, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы атаусыз өтті. Келер жылы Алашорданың 100 жылдығы бар. Алаштың ғасыр тойы Семейден бастау алу керек деп ойлаймын. Бұл сауалға орай, облыстық әкімдіктен аталған мәселе Семей қаласының бюджетінде қаралуы керек деген жауап алдым. Алашорда үкіметінің тойына қала бюджетінде қаржы қарастырылды ма?».

Екінші сауалға Гүлжан Алтынбекова жауап беріп, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған қаржы кеш бөлінгендігін айтып, алдағы уақытта Әлихан Бөкейхановқа ескерткіш пен саябақ ашылатынын мәлімдеді. Ал алғашқы сауал төңірегінде түсінік берген ТҮКШ бөлімінің басшысы  Марат Аленов өткен жылы бөлінген 1 млн. 300 мың теңге қаржыға Түйемойнақ аралындағы жағалауда  шомылу маусымында құтқару жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Семей қалалық Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Бағлан Шегедеков аз қамтылған отбасылардың балаларын ыстық тамақпен қамту жөнінде сұрады. Бұл ретте Гүлжан Алтынбекова бюджеттен бөлінген қаражатқа 5 500 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Халық қалаулылары қараған үшінші мәселе  кәсіпкерлікті қолдау және дамыту тұрғысында өрбіді. Депутат Әміржан Ахмеджанов тоғызыншы сессияға дайындық барысында өндірісті дамыту, әлеуметтік инфрақұрылым мен тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша тұрақты комиссия құрамындағы депутаттар «СемАЗ» автокөлік құрастыру зауытының, Семей асбестцемент бұйымдар зауытының, «СәтТранс» ЖШС-нің, «Solo-интерьер» ЖШС-нің, «Мусабалина Г.К» ЖК ательесінің жұмысымен танысқандарын, кәсіпорындар мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиелер алып, өрісін кеңейтіп отырғанын атап өтті.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС