"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ

27.12.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жаңа жылдан бастап электр жарығының бағасы қымбаттайды. Бұл жайында Семей қаласында электр энергиясын сату тарифтеріне арналған қоғамдық тыңдауда мәлім болды. Шығыс Қазақстан облысын электр энергиясымен қамтамасыз ететін «Шығысэнерготрейд»  ЖШС енді бұл қызметтің құнын 5,51 пайызға арттырмақ. Биылғы жылы жетінші рет өткізіліп отырған қоғамдық тыңдау отырысына «Шығысэнерготрейд»  ЖШС директорының орынбасары Мстислав Мартемьянов, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.

Қоғамдық тыңдауда сөз алған «Шығысэнерготрейд» ЖШС директорының орынбасары Мстислав Мартемьянов электр жарығын тасымалдаушы компанияның  2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифті өсіруді көздеп отырғанын атап өтті.

— Электр қуатының тарифін мәжбүрлі түрде көтеріп отырмыз. Кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасап, әрбір тұрғынға электр қуатын жеткізуі үшін жарық құнын көтеруге мәжбүрміз. Басты себеп — «КЕGОК» АҚ сынды электр қуатын жеткізуші компаниялар тарифті өсіріп отыр,- деген компания өкілі бұл жолғы қоғамдық тыңдаудың өткен жиындарға қарағанда өзгергенін, атап айтқанда, еліміздегі жаңа Кәсіпкерлік кодексіне байланысты тарифті белгілеп, бекіту кәсіпкерлердің өз еркіне берілгенін атап өтті. Яғни, ендігі уақытта тасымалдаушы компания Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің бекітуінсіз-ақ тарифті белгілей алады екен. Ал өкілетті орган (Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті) тариф бекітілгеннен кейін, қажет деп тапса, тексеріс жүргізіп, заңсыздық орын алған жағдайда ғана айыппұл сала алады.

Сонымен,  2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясының алдағы уақыттағы орташа тарифі 1 кВт электр қуаты үшін 11,106 теңгені құрамақ. Яғни, бұл 5,51 пайыз өсімді құрап отыр. Айта кетуіміз керек, ағымдағы жылы электр тасымалдаушы мекеме электр қуатын қымбаттатуды сұрап, алты рет қоғамдық тыңдау өткізген. Бұл жиындарда электр энергиясын жеткізуші компания жұмысына бірқатар сын пікірлер де айтылған болатын. Бұл жолғы жетінші қоғамдық тыңдау да сын-ескертпелерсіз өткен жоқ.

Әсіресе қоғам белсенділері электр жарығын тасымалдаушы компанияның ресми сайтында, қоғамдық тыңдау өткізілместен, тарифтің өсетіні туралы ақпараттың жарияланғанына наразылықтарын білдірді. Ал энергетиктер, жаңа Кәсіпкерлер кодексіне сай, тарифті көтеру компанияның өз еркіне берілгенін тағы бір мәрте атап өтті.

Қоғамдық тыңдауда «Шығысэнерготрейд» ЖШС директорының орынбасары Мстислав Мартемьянов жарықтың көтерілуінің басты себебін электр энергиясын жеткізуші компаниялармен байланыстырды.

Айталық, электр қуатының қымбаттауын «КЕGОК» АҚ, ШҚ АЭК және «Казцинк Энерго» ЖШС сынды ірі мекемелермен байланыстырған энергетиктер аталған мекемелердің қазірден электр энергиясын көтергенін атап өтті. Мәселен, «КЕGОК» АҚ тарифті өсіруді алдағы бес жылға бекітіп қойған екен. Осы жайт қоғамдық тыңдауға қатысқандардың наразылығын туғызды. Белсенділер, егер «КЕGОК» АҚ тарифті көтеруді заңды түрде бекітіп алған болса, «Шығысэнерготрейд» ЖШС тарапынан өткізіліп отырған қоғамдық тыңдаудың бос әурешілік екенін айтты. Осы ретте жиналғандар халық қалаулыларына сауал жолдап, мәселені заң жүзінде ретке келтіру керектігін де ұмыт қалдырмады.

Осылайша, жыл бойы қоғамдық тыңдауларда талқыға салынған электр энергиясының тарифі нақтыланды. Оның үстіне монополистер құзырлы органның шешімінсіз-ақ тариф құнын өз беттерінше белгілей алатын болып отыр.

Электр жарығы үшін бағаны көтермек болып отырған энергетиктер алдағы уақытта да тарифті өзгертулері бек мүмкін.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС