"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙЫМ» БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ЕСІК АШТЫ

27.12.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында соңғы жылдары мемлекеттік – жекеменшік әріптестік негізінде салынған балабақшалардың көптеп ашылып жатқанын анық аңғаруға болады.   Тәуелсіздік мерекесінен бері шаһарда үшінші балабақша есігін айқара ашты.   Заманауи үлгідегі балабақшалардың бірі — 27 желтоқсан күні лентасы қиылған  «Айым» балабақшасы.

Жоба бойынша, балабақша 400 балаға арналып, 16 топқа бөлінген. Соның ішінде 3 топ, яғни 61 орын мемлекеттік тапсырысқа берілген. Оқыту тілі – аралас: қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Ай сайынғы төлем құны 10 200 теңгені құрайды. Балабақшаның ашылу салтанатына арнайы келген ШҚО Білім басқармасының басшысы Айжан Садықова мен қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова балабақша лентасын қиды. Бұдан кейін бір топ қонақтар мен ата-аналар балабақшаны аралап, кабинеттерді көрді. Мұнда спорт, музыка, медициналық, әдістемелік, логопед және психолог кабинеттері бар және әр сала бойынша арнайы мамандар жұмыс істейді. Сондай-ақ балабақша ішінен хореография, бейнелеу өнері мен ағылшын тілін үйрететін курстар да ашылған. Педагогтердің айтуынша, балдырғандар мұнда  «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» секілді мектепке дейінгі оқу бағдарламаларын меңгереді, сондай-ақ арнайы курстарға жазылуға да мүмкіндіктері бар.

— Биыл ШҚО бойынша ашылған жекеменшік балабақшалар саны 19-ға жетті. Соның ішінде Семей қаласы да бар. Сол 19 балабақшаның барлығы жекеменшік нысандар. Тек Риддер қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы бір ғана мемлекеттік балабақша ашылады, бұйырса, Жаңа жыл қарсаңында пайдалануға беріледі. Білім саласына арналып мемлекет тарапынан қомақты қаражат бөлініп жатыр,- дейді ШҚО білім басқармасының басшысы Айжан Сыдықова.

Айжан Ерханқызының айтуынша, мемлекеттік және жекеменшік әріптестігі аясында, сондай-ақ «Балапан» бағдарламасы шеңберінде  де осындай нысандар көптеп ашылуда. Қараша айында өткен Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі де осы мәселені талқылап, келесі жылы мемлекеттік тапсырысты бір жылдан үш жылға дейін созу туралы нормативтік-құқықтық құжат қабылдауды қарастыратынын айтқан еді. Бұл — жекеменшік балабақшалардың  дамуына, кәсіпкерлерге көрсетілген үлкен көмек. Сонымен қоса 2017 жылы балабақша қызметкерлері мен тәрбиешілерінің, педагогтерінің біліктілігін көтеруге арналған оқу курстарына  республикалық бюджеттен  қаражат бөлінеді деп жоспарлануда.

Балабақша жұмысымен танысқаннан соң қонақтар бүлдіршіндердің өнерін тамашалады. Қазіргі күні «Айым» балабақшасында 9 педагог, 6 тәрбиеші жұмыс істейді. Айта кетейік, балабақша Кұтжанов көшесі, 72 «Б» мекенжайында орналасқан.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

Семей қаласы

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС