"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА — ЖАҢА БАСПАНА

27.12.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Семей қаласында 36 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. 26 желтоқсан күні қала әкімі Ермак Сәлімов жалдамалы тұрғын үйдің лентасын қиып, тұрғындарға пәтер кілттерін табыс етті.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй құрылысы бағдарламасымен салынған жаңа тоғыз қабатты үй сол жағалауда, семейліктер «Океан» ықшам ауданы атап кеткен Өтепбаев көшесінде орналасқан. Тұрғын үй құрылысы «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бастамасымен жыл басында басталып, желтоқсан айында құрылыс толық аяқталып отыр. Айта кетейік, құрылыс жұмыстары «Азия» ЖШС фирмасымен бірлескен жұмыс нәтижесінде іске асырылған  («Азия» ЖШС — 51%, «Ертіс» ӘКК ҰК — 49%). Құрылыс жұмыстарына бөлінген қаражат көлемі 365, 251 млн. теңге. Мердігер компания  «Азия» ЖШС-мен жасалған келісімшарт нәтижесінде фирма тарапынан 127, 791 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Тұрғын үйде бір және үш бөлмелі пәтерлердің саны 9 болса, екі бөлмелі пәтерлер саны 18-ді құрайды, ал шаршы метрдің құны 145 мыңға жетеқабыл.

Бұл жолы да баспаналы болып жатқан ағайынның қуанышына қала әкімі Ермак Сәлімов ортақтасты. Қала әкімі пәтер кілтін табыс етіп, қоныс иелеріне ізгі тілегін де білдірді.

— Бүгін барлығымыз қуанышта қауышып отырмыз. Баршаңызды осы қуаныштарыңызбен құттықтаймын. Жаңа пәтерге ие болып, жаңа көрші тауып жатырсыздар. Үйлеріңіздің іші жанға толсын. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында бір тұрғын үй, балабақша пайдалануға бердік. Енді, міне, жаңа тұрғын үй құрылысы да аяқталды. Осы үйдің қасынан тағы да бір жаңа үй салынып жатыр. Қаламызда, облыста құрылыс жұмыстарына жақсы көңіл бөлініп келеді. Аман-есен қыстан шықсақ, жазда тағы да көп қабатты тұрғын үй салу жұмыстарына кірісеміз,- деді құттықтау тілегінде Ермак Бидахметұлы.

Салтанатты түрде пәтер иелеріне кілттер табысталып, лента қию рәсімі өткеннен кейін Ермак Бидахметұлы қоныстанушылармен бірге тұрғын үйді аралап көрді.

Айта кетейік, тұрғын үйді пайдалануға беру туралы актіге мемлекеттік комиссия 3 желтоқсан күні қол қойған. Бүгінгі таңда пәтерлердің барлығы пайдалануға берілген. Осы тұрғын үй жанынан салынып жатқан 54 пәтерлі, 9 қабатты жаңа үйдің  құрылысы да аяқталуға жақын. Сәтін салса, келер жылдың қаңтар айында аталмыш тұрғын үйде де қоныс тойы тойланады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

Семей қаласы.

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС