"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨШЕ АТАУЛАРЫ ҚАШАН БІР ЖҮЙЕГЕ ТҮСЕДІ?

11.01.2017
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде жер-су, елді мекен атауларының төңірегінде қордаланып қалған мәселе жетерлік. Ауыл, қала атаулары былай тұрсын, көше атаулары да ала-құла жазылып, бір қалыпқа түспегені жасырын емес. Оның үстіне кейінгі кездері көшелерге елге еңбегі сіңбеген, беймәлім адамдардың аттарының берілуі жайлы да баспасөзде жиі айтылып жүр. Жалпы, көшелерге ат беру қоғамның әр саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан, елін-жерін жаудан қорғауда еңбегі сіңген бабалар мен отаншыл, елжанды азаматтарды ел есінде мәңгі сақтау мақсатын көздейді. Бүгінгі мақаламыз көше атаулары мен олардың жазылу реті жайлы болмақ.

Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр толса да, Алаштың рухани астанасы саналатын Семей шаһарында көше атаулары ретке келтірілмеген. Көше атауларын жазудағы ала-құлалықты тақтайшаны жасаған адамның қиялына қарай бір жерде үлкен, бір жерде кішкентай әріптермен жазылып жүргенін көріп жүрміз. Тіпті түрлі түсті боялып, сан алуан оюмен өрнектелгендері де аз емес. Бір қарағанда, бұлай жазылғаннан еш өрескелдік байқалмағанымен, әр үйдегі көше атаулары тасқа жазылғандай анық болғаны жөн-ақ. Айталық, көшенің атауынан кейін жазылатын «көшесі» сөзі «көш.», «к.», тіпті «к-сі» деп жазылып жүргенін көзіміз көрді. Бір сөзбен айтқанда, бірізділік жоқ. Осыдан-ақ жалпы еліміз бойынша көше атауларын жазудың бірыңғай үлгісін енгізу қажет екенін түсіну қиын емес. Барлық көшелердің аттарының жазылу үлгісі, түсі, өлшемі бірдей болса, көлік жүргізушілеріне де, сырттан келген қонаққа да анық, түсінікті болып, қарапайым халықтың да көзінде жатталар еді. Оның үстіне бұл мемлекеттік тілге деген құрметтің белгісі болар ма еді.

Бұл айтылғандарға орай қосар ойымыз — көше атаулары жазылған аншлагтар алдын ала қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен келісіліп ілінсе, жергілікті билік тарапынан арнайы қаржы бөлініп, аншлагтар дұрысталып, жаңадан жасалса деген тілегіміз бар. Бұған қоса бұрын  аты-жөндері қысқартылып, атаулары түрлі нұсқада жазылғандары дұрыс жүйеге түсірілуі керек. Сондай-ақ  орысша, қазақша атаулары және ескі, жаңа атаулары қатар ілінген аншлагтар да бар. Айта кету керек, мұндай қателіктерді, негізінен,  жекелеген тұрғындардың жеке иеліктегі үйлеріне өздері жасап іліп қойған тақтайшалардағы көше атауынан ұшырастыруға болады.

Ескі, жаңа атау демекші, Семей шаһарында көше атаулары жазылған тақтайшалардың жанында ескі атаулардың да сақталып қалуы көңілге кірбің ұялатады. Айталық, қаламыздағы Абай көшесінің атауымен қатар тұрған «Советская» деген ескі атауын да көрсетіп қойған. Сол сияқты Айткеш Ибраев көшесінің бойында да ескінің қалдығы «ул. Карла Маркса» деген атауды сақтап қойғандар бар. Бұл аз десеңіз, «Семей таңы» газетінің алғашқы редакторларының бірі болған Мәннан Тұрғанбаев атындағы көшеде де бұрынғы «ул. Борцов революции» атауы тайға таңба басқандай көрсетілген. Бұл — біз айтып отырған ескі атаулардың қатар жазылып жүрген бірлі — жарымы ғана. Шын мәнінде, мұндай жайттар қалада жетіп артылады.

Иә, тілдің қолданысын толық қадағалау кезек күттірмейтін мәселе екені айдан анық. Елімізде есімдері елеусіз қалып бара жатқан көптеген тұлғалардың атына көше беру мәселесі де өзекті. Мәселен, облыс орталығын айтпағанның өзінде, Семей қаласында жалпы саны 1042 көше болса, оның 280-і ғана мемлекеттік тілде екен. Бұл қаладағы барлық көшенің 37 пайыз ғана қазақ тіліндегі атауға ие. Бұл — кеңес дәуірінің құшағынан шыққаннан бергі тәуелсіз елімізде атқарылған жұмыстар реті. Біздіңше, қордаланған көшелер атауын реттеуде бұл көрсеткіш тым аз. Әрине, еш нәрсенің де бірден жүйеленіп кетпейтінін түсінуге болады. Дегенмен барлығын уақыт реттейді деп қарап отыра берсек, алысқа шаппасымыз анық.

Жалпы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің деректерінше, Семей қаласы аумағында барлығы 1270 геонимдер (көшелер, тұйық көшелер, кварталдар, шағын аудандар) тіркелген екен. Оның ішінде 357-сі мемлекеттік тілде болса (29,8 %), 584-і қайта атауға жатады. Яғни, қала бойынша геонимдердің 46,0%-ы қайта атауға жатады деген сөз. Бұл дегеніңіз қала аумағындағы барлық геонимдерді мейлінше жүйелеп, біріздендіру қажеттігін көрсетеді. Сөзіміздің түйіні ретінде айтарымыз: ономастика саясаты ең алдымен мемлекет тәуелсіздігіне, ел мен жерді ұлықтау идеясына қызмет етуі тиіс.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

18 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

18 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

18 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

18 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС