"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында жасанды интеллектіні дамытуға басымдық берілмек

18.03.2026
Абай облысында жасанды интеллектіні дамытуға басымдық берілмек
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірде жасанды интеллектіні дамыту барысы қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы баяндама жасады. Оның айтуынша, қазір облыста цифрландыру бағыты бойынша бірнеше жоба жүзеге асып жатыр. Семейде «Ақылды қала» жобасы аясында жастарды бағдарламалау, робототехника және цифрлық кәсіпкерлікке баулу жұмыстары жүргізілуде. Денсаулық сақтау саласында «Цифрлық емхана» мен электрондық кезек жүйесі енгізілсе, білім беру ұйымдарында «Цифрлық мектеп», электрондық журнал, күнделік және «Мектеп асханасы» жобалары қолданылып келеді. Ауыл шаруашылығы саласында да жер және мал шаруашылығын басқарудың цифрлық платформалары іске қосылып, фермерлерге онлайн қызметтер ұсынылуда.

Өңірде ІТ саласына қызығушылық танытатын жастар саны да көбейіп келеді. Хакатондар мен стартап байқауларына қатысушылар қатары артқан. 2025 жылдан бастап жасанды интеллектке қатысты оқыту бағдарламалары аудан орталықтарын да қамти бастаған. Alikhan Bokeikhan University базасында ASSYLTAS қоғамдық қорының бастамасымен «Assyl AI» жобасы іске қосылып, жастарды жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеуге үйрету қолға алынған. Сонымен қатар RO-ALEMI робототехника орталығының тәрбиеленушілері халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Семей қаласы әкімдігі инновациялық бастамаларды қолдау үшін GovTech байқауын өткізіп, 30 млн теңге көлемінде грант бөлген.

Биылғы жоспарға сәйкес облыстағы IT-резиденттер санын 100-ден асырып, 50-ден астам жаңа IT жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Бұдан бөлек, «Ақылды қала» бағдарламасы аясында бағдарламалау мектептерін дамыту, «109» қызметін жетілдіру, ақылды жарықтандыру, контейнерлік алаңдарды цифрландыру, бейнебақылау мен жол қауіпсіздігі жүйелерін жаңарту жобалары қолға алынған. Абай облысының 2026-2030 жылдарға арналған «Ақылды қалаларды дамыту» стратегиясы бекітілген. Жол картасы Семейде 13 жобаны, аудан орталықтарында 7 жобаны қамтиды.

Сондай-ақ өңірде «Tomorrow School» білім беру жобасын ашу және стартап экожүйесін дамыту үшін «Semy-Hub» өңірлік хабын құру жоспарланып отыр.

Кеңес қорытындысында аймақ басшысы цифрландыру басқармасына Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін нақты индикаторлары бар іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Сонымен бірге агробизнес өкілдерімен инновациялық технологияларды енгізу жұмысын күшейтіп, цифрландыруды енгізген кәсіпорындарды ынталандыру бойынша ұсыныстар беру міндетін жүктеді.

«Президенттің Жолдауда белгілеген міндеттерін жүзеге асыру еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экономиканың барлық саласын жаңғыртуға ықпал етеді. Жалпыұлттық жоспарға сәйкес ауыл шаруашылығы, жер, қаржы, өнеркәсіп, сауда, көлік-логистика, құрылыс, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, білім беру және табиғи ресурстарды пайдалану салаларына жасанды интеллектіні енгізуіміз қажет», – деді Берік Уәли.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

5 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС