"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨТКЕН ЖЫЛ ОҢ КӨРСЕТКІШПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

12.01.2017
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының өткен жылды экономикада және әлеуметтік салада оң нәтижелермен аяқтап отырғанын хабарлады.

Кеңейтілген аппараттық кеңес барысында ШҚО-ның өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары жарияланды.

— Біз 2016 жылды оптимистік көрсеткіштермен аяқтап отырмыз. Өңірлік жалпы өнім 114 пайызды құрап отыр. Бұл — облыс тұрғындары атқарған жұмыстың оң нәтижесі. Өнеркәсіп саласында көрсеткіштер 139,7 пайызға, ауыл шаруашылығында 109 пайызға артты. Аграрлық салада өнім көлемінің артуы барлық қалалар мен аудандарда байқалады. Негізгі капиталға құйылған инвестицияның көлемі 103,9 пайызға көбейді. Жалпы, біз мақсаттық көрсеткіштердің нәтижелі екенін көре аламыз. Бұл облыс әлеуетінің жоғары екенін тағы бір айшықтай түседі,- деді аймақ басшысы.

2016 жылы өнеркәсіп саласы Өскемен, Семей, Риддер қалаларында және Аягөз ауданында қарқынды дамыған. Мысалы, бұл бағыттағы көрсеткіш 111,8 пайызға жеткен Семейде өткен жылы электр қуатын тарату желілерінің бағандарын, фанерлар мен OSB тақтайшаларын өндіру қолға алынған. Алдын ала қорытындылар бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 399,9 млрд. теңгені құраған. Ет өндірісі 103,6 пайызға, сүт өндірісі 102,2 пайызға артып отыр.

2016 жылы негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 427,9 млрд теңгені құраған. Мұндай жоғары көрсеткішке Аягөз, Жарма, Шемонайха аудандары қол жеткізген. Өткен жылы Ақтоғай тау-кен өңдеу комбинатында сульфидті кенді өңдеу фабрикасы іске қосылған болатын. Сонымен қатар, жылдың қорытындысы бойынша, 334 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Облыс әкімі Даниал Ахметов 2017 жылы даму қарқынын күшейту үшін бірқатар маңызды міндеттерді атқару керектігін де атап өтті.

Ағымдағы жылы өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін бюджеттен тиісті қаржы қарастырылғанына да аймақ басшысы басымдық беріп тоқталды. Өңірдің 2017 жылғы бюджеті 304 миллиард теңгені құрап, Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарындағы ең жоғары межеге жетіп отыр.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС