"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨРІМДЕЙ ҚЫЗДЫ ӨЛІМНЕН ҚҰТҚАРДЫ

17.01.2017

Семей қалалық ІІБ қылмыстық істерді тергеу бөлімінің аға лейтенанты Нұржан Өскенбаев 15 жасар қызды өлімнен алып қалды.

12 қаңтар күні түс уақытында жұмыс бабымен «Әуезов» полиция бөлімшесінен шыққан аға лейтенант Нұржан Өскенбаевтан бұрыннан таныс Ержан есімді аула сыпырушысы көмек сұраған. Дәлірек айтқанда, аула сыпырушысы 8-ші қабаттан бір қыздың секіргелі тұрғанын жеткізген. Бұл оқиға «1000 ұсақ — түйек» ауданындағы жаңадан салынған тұрғын үйлердің бірінде болған.

Дереу тұрғын үйдің алдына жеткен полиция қызметкері 8-ші қабатта қатты жылап тұрған қыз баланы көрген. Ол әуелі жедел көмек көрсету орындарына хабарласып, жәрдем сұрауды жөн көрген. Өзімен бірге ұялы телефоны болмағандықтан, көшедегі бейтаныс жанның қалта телефонынан 102-ге хабарласып, болған жайды түсіндіріп, оқиға орнына тез жетуді сұраған.

-Үйдің алдына жақындап келгенде, нақты ажырата алмадым, әйтеуір, әйел адамның жылап тұрғанын және секіруге оқталғанын байқадым. Жақындап келгенде оның мектеп формасын киген жас қыз екенін білдім,- дейді Нұржан Өскенбаев.

Осыдан соң ол хабарлама бойынша оқиға орнына жеткен аймақтың екі полицейімен бірге жоғары көтерілген. Полиция қызметкерлерінен  3-4 метр ғана қашықтықта тұрған қыз өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін, жақындамауын өтінген.

— Бізбен аздап тілге келген қыздан есімін сұрадық. Есімін айтты. А. есімді қыздан не болғанын сұрап едік, жауап бермеді, тек жылап тұрды. Бізден жақын келмеуді сұрады. Амал жоқ, сыртқы киімімді шешіп, үйдің алдына барып, жерге отырдым. Өзімді оны терезеден көріп қалған көрші ретінде таныстырдым. «Саған не болды? Менің де сен секілді қызым бар, кішкентай ұлым бар. Оларды тастап, саған жүгіріп келдім. Енді тоңып отырмын. Болған жайды түсіндір, сабыр ет»,- деп, қызбен тілдесудің амалын жасадым. Себебі ол қайта-қайта алдыға қарай ұмтылып тұрды,- дейді Нұржан.

Осыдан соң қалған екі полиция қызметкері қыздың артынан келіп ұстап, құтқарып қалған.

Ал қыз болса жедел жәрдем көлігінде «хочу к апашке», «әжем түсіме кіріп жүр» деген сөздерді айтқан.  Полиция қызметкерлерінің түсінуінше, қыздың әжесі қайтыс болған, қазір ол тек анасының ғана тәрбиесінде.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

12 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

12 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

12 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

1 день бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

1 день бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС