"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АСТАНАДА АНТАРКТИДАҒА САПАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАСАЛДЫ

19.01.2017
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Антарктидаға барған «Тәуелсіздік полюсі» ғылыми-зерттеу экспедициясының қорытындысы туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Экспедиция 42 күн бойы өтті. Онда экспедиция мүшелері Антарктиданың сарышұнақ сары аязында ғылыми зерттеулер жүргізіп қайтты. Экспедицияға команда капитаны Мағжан Сағымбаев, спортшылар Юрий Юшин, Ілияс Ғалымбеков, ғылыми қызметкерлер Дәулет Шәріпов, Арман Баймұхамедов пен команданың жалғыз аруы — Әлия Ерназарова қатысты. Олар Антарктиданың Винсон шыңына шығып, Оңтүстік полюске шаңғымен жетті. Брифингте ғылыми сапар туралы Қазақ географиялық қоғамы» ҚБ төралқа төрағасы Төлеген Тастанбеков баяндады. Ол экспедицияның мәні мен маңызы туралы кеңінен айтып берді.

«Жобаның барлық үш кезеңі сәтті өтті. Біздің қыз-жігіттер Винсон шыңына шығып, шаңғы экспедициясы мен ғылыми зерттеулерді жүргізіп қайтты. Еліміздің тарихында алғаш рет Тәуелсіздік күні Қазақстанның мемлекеттік туы Антарктиданың ең биік нүктесіне көтерілді. Экспедицияға қатысушылар отандасмтарымызға екі рет сый жасады. Яғни, олар 16 желтоқсанда Винсон шыңынан елімізді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, 31 желтоқсанда Оңтүстік полюсінен жаңа жыл қарсаңында құттықтау сөздерін жолдады. Экспедиция көптеген адамдардың атсалысуымен жүзеге асты.  Осыған орай, мен шын жүректен Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы QazaqGeography қамқоршылық кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімовке, QazaqGeography басқарма кеңесінің төрағасы Қанат Байғаринге, ҚХА төраға орынбасары Ералы Тоғжановқа,  Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен  Абаевқа, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Ерболат  Досаевқа, «Қазақ Географиялық Қоғамы» ҚБ қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нұрлан Абдуовқа, Назарбаев Университетінің президенті  Шигео Катсуға, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры Ғалымқайыр Мұтановқа, Д.С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің бірінші проректоры Нүргүл Хамзинаға, сонымен бірге журналистер, блогерлер мен барша Қазақстан халқына бізге сенім артып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін  алғысымды білдіремін.  Шын жүректен сіздерге үлкен рақмет!», — деді ол.

Атлеттер Мағжан Сағымбаев, Юрий Юшин, Ілияс Ғалымбеков мен дәрігер Дәулет Шәріпов Оңтүстік полюске алғаш рет барған қазақстандық шаңғы экспедициясының мүшелері болып отыр. Олар 11 күнде 217 шақырымды мұздың үстімен жүріп өтті.

Жиында QazaqGeography Алматы қаласы өңірлік өкілдігінің басшысы, экспедиция тобының жетекшісі Мағжан Сағымбаев та Антарктидада алған әсерлерімен бөлісті. «Экспедиция капитаны болғаныма қуаныштымын.  Бұл мен үшін үлкен құрмет, сол себептен біздің командамыздың әрбір мүшесі 100 пайызға жұмыс істеді. Әрине, жолда қиын жағдайларда да болды.  Дегенмен біз қандай қиындық болса да оның бәрін жеңе білдік. Бізге қолдау көрсетіп, сенім артқан  барша қазақстандықтарға алғысымды білдіремін. Антарктидада экспедиция барысында жинаған  баға жетпес өмірлік тәжірибе үшін және бірегей мүмкіндік үшін ҚазГео-ге және менің достарыма алғысым шексіз»,- деді ол.

Экспедицияның ғылыми бөліміне биология саласында және Антарктиданың төтенше  жағдайында адам физиологиясына әсер беретін деректерді талдаған жас қазақстандық ғалымдардың зерттеулері енді. Алдағы кезде соның нәтижесі бойынша дөңгелек үстел мен шеберлік сабақтар өткізіледі. Осыған байланысты экспедицияның ғылыми қызметкері Арман Баймұхамедов жақын арада сапардың қорытындысы жан-жақты зерттеліп, ғылыми жұмыстардың нәтижесі шығатынын, оған мамандар талдау жасайтынын атап өтті.

«Антарктидаға жер-жүзінің көптеген ғалымдары келеді. Оны зерттегісі келетін адамдар өте көп. Сондықтан біз ғылыми-зерттеу экспедициясының мүшесі  болғанымыз үшін қуаныштымыз. Біздің ғылыми тобымыз адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау саласында зерттеулер жүргізу үшін көптеген деректер жинады.  Юнион Глетчер базасында болғанымызда шетелдік ғалымдармен танысып, Антарктиданы зерттеген жетекші елдердің зерттеу тәжірибелерін қабылдап келдік. Енді сапардлың нәтижесіне талдау жасайтын боламыз», деді жас ғалым.

Бұл отандастарымыздың Ақ құрлыққа жасаған алғашқы сапары емес. Алғаш рет ҚазГео командасының 15 мүшесі Антарктидаға 2011 жылы барған болатын. Содан кейін олар Арктика мен Антарктикада екі рет болып қайтты.

 

Орталық коммуникациялар қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС