"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШВЕД СУРЕТШІСІНІҢ КӨРМЕСІ

07.02.2017
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

3 ақпан күні Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде Швеция Корольдігінің Қазақстан-дағы Елшілігінің қолдауымен суретші Туве Крабоның «Түзелмейтін қателік: алғашқы найзағай» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті. Көрме музейдің «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған. Көрмеге осыдан 25 жыл бұрын Президент Жарлығымен жабылған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың адамзатқа, қоршаған ортаға тигізген зардабын көрсетуге арналған картиналар сериясы ұсынылды.

Салтанатты жиынға Швецияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Христиан Камилл арнайы келді.

— Қазақстанмен бірге біз де БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде қарусыздану және қаруды таратпау бастамаларын қолдаймыз. Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында осы көрмені ұйымдастыру арқылы біз ядролық қарудың және ядролық сынақтардың зардаптары жайлы ақпарат беру жұмысын жандандырамыз деген ойдамын. Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығы және Қазақстанның Кеңес Одағынан қалған дүние жүзіндегі қуаты жөнінен 4-орынды иеленетін ядролық қарудан бас тарту шешімі маңызды әрі елеулі оқиға болып табылады. Швеция ұзақ жылдар бойы қарусыздану саласындағы белсенді іс-қимылдарға өз тарапынан күш сала отырып, Қазақстанның ядролық қарусыздануға бағытталған бастамаларын жоғары бағалайды,- деген Христиан Камилл өткен жылдың қараша айында Туве Крабоның жеке көрмесі Астана қаласында ашылғаннан кейін, суретшімен бірге Семей мен Курчатов қалаларындағы Туве Крабо өз картиналарында бейнелеген Семей мен Курчатовтағы ядролық сынақ ошақтарын аралап көргендерін, жабық режімдегі полигон ошақтарын аралап жүріп ерекше сезімді бастан өткергенін айтты.

Айта кетейік, биыл Швеция және Қазақстан мемлекеттері 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды.

Жұмыстар арасында ақырзаман сәтін бейнелейтін Шаған радиоактивті атом көлінің суреті көз тартады. Картиналарда ядролық сынақ арқылы адамдардың қаншалықты жантүршігерлік қылмыс жасағандары бейнеленген. Туындылар топтамасының негізгі арқауы —  барлық зұлымдықтың артында адам тұрады деген ой.

— Мен өз тәжірибемде мәтінмен жеткізу мүмкін емес әлдебір нәрсені, мәтіннен айтарлықтай өзгеше бір дүниені салуға тырысамын. Ол шығармашылық үстінде, көңіл-күйдің әуеніне қарай пайда болуы мүмкін. Нәтижесінде соңғы шешімді акварель мен сия қабылдайды. Менің өнерім кино секілді, онда драма, көңіл-күй, қозғалыс, жарық пен түнек бар. Көбіне өз образдарымды интернет желісінен аламын, олардың басым бөлігі — адамзат трагедиясы мен экологиялық зардап шеккен орындар. Мен қазіргі қоғамдағы апатты оқиғалар ағымы адамзатты мейірімсіз ете ме деп қорқамын. Адамзатқа қасірет әкелетін құбылыстар мен оқиғаларға жаңа, шынайы мән-мағына беретін жанашырлық пен түсіністік секілді сезімдерді бейнелеу өнері арқылы қайтарғым келеді,- дейді суретшінің өзі.

Қазіргі уақытта Туве Крабо Швецияның Гетеборг қаласында тұрады. Ол 16 жыл бойы шетелде, атап айтқанда, Франция, Австралия, Иордания елдерінде өмір сүрген. 2003 жылы Париждің бейнелеу өнері мектебін бітіріп, Марсель және Париж қалаларында сурет салу өнеріне машықтанады. Сондай-ақ автор кино, проза тәрізді өнер салаларымен де айналысады. Туве Крабоның жеке көрмесі Франция, Швеция және басқа да көптеген елдерде ашылған. Сондай-ақ Астанада Туве Крабоның картиналары ҚР-ның Тұңғыш Президенті музейінде көрмеге қойылған.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС