"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Серік ЗАЙНУЛДИН: АУЫРТПАЛЫҚТАР АРТТА ҚАЛАДЫ

13.02.2017
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ақпан айының 7-сі күні Үржар ауылындағы Абылайхан көшесінің бойындағы 16 пәтерлі екі қабатты №85  үйде түскі уақытта аяқ астынан өрт шыққан болатын. Аудандық №60 және қосымша Мақаншы №15 өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметі өртке оранған жерге тез арада жетіп, тілсіз жауды ауыздықтауға тырысты.

Алайда, 1949 жылы қолданысқа берілген ескі тұрғын үй қамыс пен тез жанғыш ағаштан салынғандықтан, толықтай аман алып қалуға дес бермеді. Өрт сөндіру құрамының шапшаңдығы мен жіті қимылының арқасында тұрғындардың материалдық құндылықтары тез арада сыртқа шығарылып, зардап шеккен адамдар болмады.

Оқиға орнында, ШҚО өрт сөндіру бөлімінің орынбасары Дмитрий Титовтың айтуынша, өрттің шығу себептерін ШҚО Төтенше  жағдайлар департаментінің өрт сөндіру зертханасы тексеру үстінде екен. Құтқару кезінде 4 бірлік өрт сөндіру, 3 су тасығыш техникасы жұмылдырылып, Үржар АІІБ коммуналдық мемлекеттік мекемесі, аудандық әкімшілік пен тиісті мекемелер ұйымшылдық танытып, көмекке келді. 400 шаршы метр аумақты алып жатқан тұрғын үйдің 300 шаршы метрі мүлдем жарамсыз деп танылып отыр.

Аудан әкімі Серік Зайнулдиннің тапсырмасына орай, қызыл жалынға оранған нысанның тұрғындары орталықтағы «Вайн» қонақ үйіне орналастырылып, оларға алғашқы көмек көрсетілді. Осы ретте ауданымызға Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіру жұмыстарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Сабильянов та оқиға орнына ат басын бұрып, аудан әкімі Серік Зайнулдинмен бірге зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Халық қалаулысы апат болған орынға барып, одан кейін қонақ үйде уақытша тұрып жатқан тұрғындардың жағдайларымен танысып, рухани қолдау көрсетті.

Нұртай Салихұлы:

— Баспана мәселесі мен апат себептері Төтенше жағдайлар комитеті шығарған қорытындылардан кейін белгілі болады. Аурухана мен мектептер тарапынан да көмектер көрсетіледі. Денсаулықтарыңызға немқұрайлық танытпай, міндетті түрде дәрігерге тексеріліңіздер. Құжаттарыңыз бен зардап шеккен азаматтардың жеке куәліктерінің барлығы әкімшілік тарапынан қалыпқа келтіріледі. Дипломдарыңызды алу үшін жоғары оқу орындарына өтініш жазып, көшірмесін алдыру керек. Үкіметке де, облыстағы тиісті органдарға хат жазып, сіздердің жағдайларыңызды жеткіземін,- деді.

Аудан әкімі Серік Зайнулдин:

— Алдағы уақытта әрқайсы-ларыңызды жеке-жеке қабылдап, түскен қаржыға байланысты көмек көрсетеміз. Сіздерге Нұртай Салихұлы 500 мың теңге қаржылай көмек беріп отыр. Аудан көлемінде «Ақ ниет» қоры құрылып, бастама ретінде өзімнің де жалақымнан жүз мың теңге қаражат аудардым. Ауданымыздағы қалталы азаматтар, барлық мекемелер мен ұйымдар елдігімізді көрсетіп, шама-шарқынша жәрдемдерін беріп, қолдау көрсетуде. Бірде-бір адам қараусыз, ескерусіз қалмайды. Алдағы уақытта ел болып, халық болып барлығын шешеміз. Барлық ауыртпалық артта қалады,- деді аудан басшысы.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС