"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨКІЛЕТТІ БИЛІК ПЕН БҰҚАРА АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС БАР МА?

21.02.2017
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қалалық әкімдігінде «Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттарының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудегі рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған қала әкімі Ермак Сәлімов пен Семей қаласы мәслихатының хатшысы  Бейсенбек Ақжалов, ШҚО-ға қарасты қалалар мен аудандардың мәслихат хатшылары қатысты.

Мәслихат хатшыларының алғашқы басқосуының мақсаты кездесуді жүйелі сөз бен жүйрік ойдың жарыс алаңына айналдыру және тәжірибе алмасу, мемлекет басшысы тапсырмалары мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолдарын айқындау болатын. Сондай-ақ дөңгелек үстел басында жергілікті өзін-өзі басқарудағы мәслихаттардың рөлі, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спортты дамыту мәселелері талқыланды.

Аймағымыздағы қалалық, аудандық мәслихат хатшыларының киелі Семей шаһарындағы мәдени орындар мен білім ошақтарын аралап, мекемелердің жұмысымен танысуы да жоспарда қарастырылған. Алғашқы рет ұйымдастырылса да, мәслихат хатшыларының кездесуінің маңызына тоқталған Ермак Бидахметұлы дөңгелек үстел жұмысына сәттілік тілеп, аудандардағы дарынды балалар үшін Семейдегі білім және спорт нысандарының есігі әрқашан ашық екенін атап өтті.

— Кездесу бағдарламасына сәйкес, сіздер Назарбаев Зияткерлік мектебімен танысасыздар. Дарынды балаларға арналған мектепте интернат та бар. Сіздердің аудандарыңыздағы талантты балақайлардың сол мектептің қабырғасында біліммен қарулануына мүмкіндік мол. Сондай-ақ спорт академиясында да 200 орынға арналған интернат жұмыс істеп тұр. Облыс әкімі Даниал Ахметов ауылдық жерлердегі болашағы жарқын жас спортшыларды тартуды тапсырған. Соған сәйкес, өңірлердегі спортқа ынтасы бар палуандар мен спорт саңлақтарын дайындауға жол ашық. Спорт нысанында жағдай жасалған, білікті жаттықтырушылар да осында,- деген Ермак Сәлімов дөңгелек үстел жұмысына қатысушыларды бұл бағытта бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Жиын барысында билік пен бұқара арасындағы алтын көпір іспетті халық қалаулыларының рөлі талқыланып, тақырыпты Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы Қайырбек Сыдықов таразылады.

-«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 97-98-ші қадамдары жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіруге бағытталған. Оның негізгі мақсаты – халық пен биліктің арасын жақындату. Биылғы жылдан бастап 6 түрлі салық төлеу түсімдері жергілікті әкімдерге берілді. Жергілікті әкімдік салықты өздері жинап, ауыз су немесе жол, өзге де түйткілді мәселелерін шешу мақсатында ұқсату мүмкіндігіне ие болды. Осы кезде депутаттардың, оның ішінде мәслихат депутаттарының рөлі жоғары болуы керек,- деп атап өтті Қайырбек Қажыбайұлы.

Шараның негізгі бөлімі — дөңгелек үстелден кейін қонақтар шаһардағы тарихи, мәдени орындар мен білім ошақтарын аралады. Кездесу жоғары дәрежеде өтті деп бағалаған олар шараны ұйымдастыру дәстүрге айналса деген тілекпен тарқады.

Әйгерім Сәрсенғали, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС