"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАР ШЫҒАРУ БАЯУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

28.02.2017
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 24 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Басқосуға «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова, қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Юрий Пазына, мәслихат депутаттары мен Кеңес мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде бір мәселе — қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарының жайы талқыланды. Тақырып турасында баяндама жасаған Юрий Пазына қазіргі таңда қар тазалау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтып, 1 наурызда бұл бағыттағы шаралар толықтай аяқталатынына сендірді.

— 2017 жылы қысқы уақытта қала көшелерін күтуге 160 миллион теңге қарастырылған. Қала көшелері бойынша жолдың жалпы ұзындығы 230 шақырым. Қар тазалау бойынша бас мердігер «Семей» көгалдандыру және көркейту мекемесі болса, қосалқы мердігер — «Озон» ӨК. Қала көшелерін күтуге қазіргі таңда 60 бірлік арнайы техника мен 150 жұмысшы жұмылдырылған. Қар тазалау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Ақпан айының соңғы күндеріндегі жағдай бойынша, 50 пайыз қар шығарылып, 69 мың шаршы метр қар қалды. 1 наурызда жұмыстар аяқталады,- деді Юрий Сергеевич.

Алайда қала көшелеріндегі қар мен коммуналдық сала қызметкерлерінің қарамағында (сынып қалған техниканы санамағанда) 30-дан астам ғана техника бар екендігін ескерсек, тәулік бойы үзіліссіз жұмыс жүргізілсе де, қардан көшелердің тазара қоюы екіталай. Бұл ойды қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков та құптады.

— Біз шығарылған қардың көлемін бақылап, күнделікті мониторинг жасап отырамыз. Қар тазалауға «Семей» көгалдандыру және көркейту мекемесі, «Хазипов» ЖШС және «Озон» ӨК жұмылдырылған. 1 наурызға дейін жұмыстарды аяқтауға қала басшылығы тапсырма берген. Алайда күніне 6 мың шаршы қар шығарылатын болса, кесте бойынша  10 күнге жұмыстар кешіктіріліп отыр. Ашығын айтсақ, қала көшелері 1-нде емес, 10-15 наурызда ғана толықтай тазартылады,- деді Н.Ушаков.

Ақпанның соңғы күндерінде-ақ күн жылынып, қар ери бастады. Ал наурыздың орта шеніне дейін жұмыс жалғасса, ол кезде еріген қар көлемі артып, көктемде су басу жағдайы орын алады ма деген қауіп те жоқ емес. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының айтуынша, су басу қаупі бар 72 көше анықталып, оны тазартуға қала қазынасынан қосымша 89 миллион теңге қарастырылған. Айта кетерлігі, өткен жылы қауіпті көшелердің саны 19 болған екен. Ағымдағы жылы ақ ұлпаның шамадан көп түскендігін және Ертіс өзенінің арнасы төмендемей қатқандығын ескерсек, қызыл судан төнер қатер бар.

Бұл ретте Зульфия Жамалтдинова сақтық шараларын жүргізу үшін, тасқын бола қалған жағдайда, тұрғындар қайда, кімге хабарласу керектігін білулері үшін, қала бойынша, қажет болса, әр сайлау округі бойынша бірнеше штаб құрудың маңыздылығын айтты.

Ал Юрий Пазына еріген қар сулары ағатын арналар тазартылып, жыл сайын жауын-шашыннан жиылған сулар көлшікке айналатын көшелер назарда болатынын атап өтті.

«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, мәселенің бастамасы – қардың уақтылы шығарылмауы. Егер 1 наурызда қала толықтай ақ ұлпадан тазартылатын болса, көпшіліктің көкейінде күмән мен қауіп те болмас еді. Кеңес отырысында қазан айында «қысқа сақадай саймыз» деп жар салған жауапты мамандар көктемде жұмыстың кестеден кешіктірілгендігін не себепті қысылмай айтып отырғандығы баса айтылды. Ал жауаптылар болса жыл сайын мұндай жағдайдың қайталануына техниканың жетіспеуі себеп деп отыр.

— Соңғы бес жылда қаламызға бірде-бір техника сатып алынған жоқ. Сол кезде депутаттар корпусы, басқалары қайда қарап отырған? Барлығы үндемей бақылап отырды. Қыс өтіп, су сіңіп кетеді деген ой болғандықтан, ешнәрсе сатылып алынбады. Аспалы көпір облыс қарамағына өтіп, техниканың да бір бөлігі берілген кезде көпшік қайда қараған? Енді біз қолмен жұмыс істеуге мәжбүрміз,-  деген Ю.Пазына кем дегенде 500 немесе 700 млн.теңге қаражатқа техника алу керектігін айтты.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС