"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗЫРЯНДЫ КОММУНИЗМ ЕЛЕСІ ӘЛІ КЕЗІП ЖҮР

09.03.2017
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ЗЫРЯНДЫ КОММУНИЗМ ЕЛЕСІ  ӘЛІ КЕЗІП ЖҮР

Орыстанып кеткен ауылдар… Орыс болып кеткен қандастар… Бұрышқа тұрғызылған  мемлекеттік  тіл…

Одақ тұсында еліміздің қай облысына, қай аудан орталығына барсақ та алдымыздан пролетариаттың көсемі Лениннің «болашаққа жол сілтеп» қасқайып тұрған тас мүсіні шығатын. Қазан революциясы белсенділеріне құрмет көрсетілген ауыл-қалаларда қазақтың иісі шығатын бір белгі жоқ еді. Сол ескерткіштер қазір азайғанымен, сақталып қалғандары әлі де бар.

Сондай өңірлердің бірі — Зырян қаласы. Неге екенін кім білсін, кеншілер қаласына әр кезде басшылық жасаған әкімдердің тарапынан осы ескерткішті алып тастауға бастама көтергендері әзірге болмай тұр… Келмеске кеткен Одақтың отаршыл заманындағы  үрейшілдіктен әлі арыла алмай келеміз бе? Кім білсін…

Аталған өңірмен танысу мақсатында Зырян ауданы әкімінің ресми сайтына кірдік. Бұл ауданның аумағында Зырян және Серебрянскіден бастап, Прибрежный, Зубовск,  Малеевск, Северное, Средигорный, Чапаев, Парыгино, Никольск, Соловьево, Первороссийск сияқты атауларымен-ақ әлі күнге «ал қызыл жалауын» желбіретіп тұрған ауылдар көп.

Назарымызды өңірдің әлеуметтік дамуына бағытталған ақпараттағы балалар бақшаларының тізіміне аудардық: «Ладушки», «Катюша», «Жасмин», «Алва», «Золотой ключик», «Сказка», «Радуга»… Орысша атаулардан көзіміз сүрініп бара жатқанда,  «Қарлығаш», «Салтанат» атты балалар бақшасы бар екендігін көріп бір селт ете қалдық… Соңғы екеуі қазақ балалар бақшасы болар деп жорамалдап, Зыряндағы бүлдіршіндеріміз  «Катюшаны»  әндетіп, Буратиноның бастан кешкендерін ғана тыңдап өспей, арасында өзіміздің «Мақта қыз бен мысықты», «Қарлығаштың  құйрығы неге айырды» да білетіндер болады деп қуандық…

Ары қарай… Мектептер тізбесіне көз жүгірттік: Путинцев, Леснопристань, Зубовка, Парыгин, Чапаев, Никольск, Бородино, Маяк, Средигорный, Соловьево, Александровка, Андреевка, Кремнюха, Быков, Новокрестьянка, Крестовка, Снегирево… Бұл — Зыряндағы  мектептердің атауы. «Балаң қай ұлттың мектебінде оқыса, өскенде сол ұлтқа қызмет етеді» деген даналық сөз бар ғой. Зыряндағы жоғарыдағы атауларды алып жүрген мектеп оқушыларынан ұлтжанды ұрпақ өсіп шығады деген үміттен күдік басым…

Шекараның ар жағына қарап аңсары ауып отырғандар саны да бұл жақта аз емес сияқты.  Отбасы мүшелерін Ресейге апарып тастағандар немесе жақын болашақта кетуді жоспарлап жүргендер көп деседі білетіндер. Әрине, оларды ешкім қуалап жатқан жоқ. Дегенмен қос азаматтықты астыртын қалтасына салып алып, әлдеқандай заман туа қалса, «тәйт» деп қыр асып кетуге шамадандарын жинап, буынып-түйініп дайын отырғандардан сақ болу қажеттігі тарихтың ащы сабақтарынан белгілі. 2008 жылы жазда Грузиядағы Оңтүстік Осетияда болған қанды қақтығыс дәл осы қос азаматтықтан, соның ішінде Ресей азаматтығын көптеп алудан басталғанын есте ұстаған дұрыс болар. Бөтен елдің тұрғындарын өз азаматы етіп алған Ресей кейіннен қорғаймын деген желеумен Осетияға әскер кіргізіп, Грузияның қару – жарақ қоймаларын бомбаның астына алғаны естеріңізде болар…

Зырянды мекендеп жатқан өзге ұлт өкілдері арасында ғана емес, осы жерде туып-өскен қандастарымыз арасында да қазақ тілін білмей-ақ өмір сүруге болады  деген пікір қалыптасқан сияқты. Байырғы тұрғындардың басым бөлігі — өзі де, ата-бабасы да орыс тілін ананың тілі ретінде қабылдап өскен  қандастар. Тіпті  ұлттық дәстүрді әлі де  «күні өтіп кеткен» өркениет есебінде қабылдайтындар да бар сияқты. Оларға енді қазақ тілін үйрену де оңай бола қоймас…

Тәуелсіздік алған 25 жылдан бері Зырянда талай әкім ауысты. Алайда солардың бірінің қала орталығында қолын көкке сілтеп тұрған  аласа бойлы қасқа бас шалдың  ескерткішін алып тастауға батылдары жетер емес.

Сонымен, Ермак Сәлімов пен Айбек Кәрімовтің тұсында тұғырынан қозғалмаған пролетариат көсемінің тас тұғырының ғұмыры Нұржан Тоқсеитов басшылыққа келгеннен кейін үзіле ме, әлде қасқайып тұра берер ме екен? Бұл көпшілік көкейіндегі сауал…

Риза МОЛДАШЕВА, ШҚО мәслихатының депутаты.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

14 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

14 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

14 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

14 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

15 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

16 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС