"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ — ТАТУЛЫҚ ПЕН БЕРЕКЕ

13.03.2017
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 10 наурыз күні Бородулиха ауданының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің аудандық жиыны өтті. Жиында Бородулиха ауданына қарасты ауылдық округтердің Қоғамдық келісім және аналар кеңесі төрайымдары алғаш рет бас қосты. Жаңартылған Қоғамдық кеңес алдағы уақыттағы жұмыс барысын талқылап, жоспарларын түзді.

Осыған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) жанындағы Қоғамдық келісім және аналар кеңесі тек аудан орталығында ғана жұмыс істесе, биылғы жылдың қаңтар айынан бастап Бородулиха ауданына қарасты ауылдық округтерде де осындай кеңестер жаңадан құрылып, өз жұмысын бастаған. Жиынға осы ауданға қарасты 18 ауылдық округ пен Жезкент кентінің Қоғамдық келісім және аналар кеңесінің басшылары, сондай-ақ аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің құрамына енетін басқа да мүшелер қатысты.

Ассамблеяның 20-шы сессиясында Мемлекет басшысы бес институттық реформаны жүзеге асыру аясында Қоғамдық келісім кеңесін құруды тапсырған болатын. Елбасы айтып өткендей, мемлекеттің одан арғы құрылысында Ассамблеяның басты міндеті — этносаралық келісімді ғана емес, сондай-ақ қоғамдық келісімді де сақтауға үлес қосу. Президенттің тікелей тапсырмасымен құрылған Қоғамдық келісім кеңестері бүгінде үлкен күшке ие болып, әлеуметтік мәселелерді шешуде тиімді тетікке айналды.

Сондай-ақ қазіргі күні еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында облыстық, аудандық, ауылдық деңгейде 210 аналар кеңесі жұмыс істейді. Облыстық деңгейдегі кеңестер құрамына 335 адам мүше. Олардың көпшілігі — этномәдени және қоғамдық әйелдер бірлестіктерінің, мәдени және білім беру мекемелерінің өкілдері. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім және аналар  кеңесі өз қызметінде ҚР Конституциясын, заңдарын, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жұмыс істейді. Кеңес құрамына ардагерлер, аналар, жастар істері бойынша кеңестердің, шығармашылық одақтардың, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің міндетті өкілдігінің болуы есепке алынады және  қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік органдардың өкілдерінің де Кеңес құрамына енуі қарастырылған. Кеңес құрамы  облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесімен бекітіледі. Кеңес төрағасы болып беделді қоғамдық қайраткер немесе белсенді қоғамдық-саяси ұстанымы бар тұлға сайлануы мүмкін.

Қоғамдық кеңестің негізгі міндеті азаматтардың арасындағы түсініспеушілік пен дау-дамайды сотқа жеткізбей, бейбіт түрде шешуге атсалысып, еліміздегі біртұтастық пен бірлікті нығайтуға күш салу болса, аналар кеңесінің міндеті — отбасы және ана институттарын нығайту арқылы қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз етудегі  ҚХА-ның мақсаттарын іске асыруға жәрдемдесу, жалғыз басты және көпбалалы аналарға әлеуметтік мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсету және отбасылық құндылықтарды насихаттау жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

Жиынды ашқан «Бородулиха ауданының Достық үйі» КМҚК директоры Александра  Шпилькина  жаңадан сайланған Кеңес басшыларының жұмысына сәттілік тілеп, татулықтың шаңырағына айналған аудандық Достық үйінің жұмыс барысымен таныстырды.

— Бородулиха ауданында ұлтаралық келісімді нығайту және қоғамды шоғырландыру бағытындағы міндеттерді Достық үйі сәтті шешіп келеді. Біздің Достық үйінің  негізгі міндеті – Бородулиха ауданында тұратын барлық этностардың өзіндік мәдени ерекшеліктерін сақтап, тілдерін дамытып, бейбітшілікті және халықаралық келісімді нығайтуға үлес қосу. Достық үйінде өткен жылдан бері, ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесімен бірге, аудандық аналар кеңесі де жұмыс істеп келсе, биыл бұл құрамға аздаған өзгерістер енгізілді. Енді ауылдық округтердегі Қоғамдық кеңес басшылары аудандық кеңестің мүшелігіне еніп отыр. Сондай-ақ Достық үйінде Жастар лигасы және таяуда ғана  жұмысын бастаған Жастар клубы жұмыс істеп жатыр,- деп атап өтті Александра Шпилькина.

Қазіргі кезде аталған мекемеде 7 этномәдени бірлестік, атап айтқанда орыс, татар, неміс, белорус, украин, кәріс және қазақ мәдени бірлестіктері жұмыс істейді. Өткен жылы облыстық «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің өкілдігі ашылған.

Аудандық мәслихат депутаты, Достық үйіндегі Жастар лигасы басшысы  Виктория Осипова Президент ұсынған бес институттық реформаның әрқайсысына кеңінен тоқталып, олардың маңыздылығын түсіндіріп өтті.

— Елбасы «Нұр Отан» партиясының ХVI  съезінде сөйлеген сөзінде мемлекеттің нығаюы үшін 5 институционалдық  реформа жайында жан-жақты түсіндірді. Бірінші – экономикалық бағдарламаларды сапалы жүзеге асыруды және мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы, кәсіби және автономиялы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру. Екінші – меншік құқығына кепілдік беретін, кәсіпкерлік қызмет үшін, келісімшарттық міндеттемелерді қорғау үшін жағдай жасайтын, түптеп келгенде, экономикалық өсім үшін негіз болатын заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Үшінші – индустрияландыру және әртараптандыруға негізделген экономикалық өсім. Төртінші –  болашағы біртұтас ұлт. Бесінші – транспарентті және есеп беруші мемлекет.

Осының ішінде «Болашағы біртұтас ұлт» атты төртінші реформада: «Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік. Қазақстан Конституциясы, нәсілдік, этностық, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан, барлық азаматтың құқықтық теңдігіне кепілдік береді. Сонымен қатар қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажет. Ол азаматтық қағидатқа негізделуі тиіс. Барлық азаматтар құқықтың бір көлемін пайдалануы, жауапкершіліктің бір жүгін арқалауы және тең мүмкіндікке қолжетімділікті иеленуі керек,- деді Елбасы. — Тілдердің үштұғырлығын – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін дамыту – қоғамды топтастырудың, оның бәсекеге қабілеттілігі өсімінің кепілі. Қазақстанның барлық азаматтары үшін қандай да бір өзгешеліктер мен шектеулерсіз тиімді әлеуметтік лифттерді қамтамасыз ету қажет. Біздің басты мақсатымыз – қазақстандықтар жаңа жалпыұлттық құндылықтарды – құқықтың үстемдігін, мемлекеттік дәстүрлерді, қазақстандық құндылықтарды – өздерінің этностық мінез-құлық модельдерінен жоғары қоюлары керек. Барлық қазақстандықтар үшін қазақстандықтың бойында азиялықтың да, еуропалықтың да озық сапаларын шынайы сүзгіден өткізетін еуразиялық идеясы біріктіруші болып табылады.

Орта тап қазақстандық ұлттың негізі, кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастырудың қайнар көзі ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл – заң үстемдігіне барынша мүдделі және мемлекеттің халық пен елдегі тұрақтылыққа есептілігінің қозғаушы күші. Сондықтан нақ кең көлемді орта тап ұлттық біртектілікті қалыптастырудың өзегі болып табылады. Мемлекеттің аса маңызды құжатында ресімделген «Мәңгілік Ел» идеясы жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі ретінде көрінуі тиіс. Мектептерде бүкілқазақстандық «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын оқыту бағдарламасына енгізу қажет»,- деп атап өтті Н.Назарбаев, — деді Виктория Осипова.

Осыдан соң Қоғамдық кеңес пен аналар кеңесі мүшелері екіге бөлініп, әрқайсысы алдағы уақыттағы жұмыс барысын талқылады. ҚХА жанындағы аудандық аналар кеңесінің төрайымы Галина Аргумбаева  ауылдық округтердің аналар кеңесі төрайымдарымен танысып, кеңестің мақсаты мен міндеттерін пысықтады.

— Аналар кеңесі Қоғамдық келісім кеңесімен, ақсақалдар кеңесімен және жастар ұйымдарымен, БАҚ өкілдерімен бірлесе отырып жұмыс істейді. Сонымен бірге арнаулы оқу орындары мен жалпы орта білім беретін мектептермен, этномәдени бірлестіктермен де тығыз қарым-қатынаста. Аналар кеңесінің негізгі міндеті – ұлтаралық тыныштықты сақтауға үлес қосып, жалғыз басты және көпбалалы аналарға әлеуметтік мәселерді шешуде көмек көрсету, оларға құқықтық ақыл-кеңес беру. Сондай-ақ қоғамдағы үлгілі отбасыларды насихаттап, отбасы құндылықтарын нығайтуға, оны сақтауға атсалысу, сол арқылы  сәтсіз отбасылардың алдын алу да аналар кеңесінің жауапкершілігіндегі мәселе. Мұнымен қоса тәртібі қиын жасөспірімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолғабыс етіп, оларды түзу жолға салуға атсалысу, қадағалау да  – бізге жүктелген міндеттердің бірі. Қазір жасөспірімдер шетелдің тәлім-тәрбиесін бойына көп сіңірген. Ғаламтордың бұған қосып жатқан үлесі шектеусіз. Сондықтан қоғамның негізгі ұйытқысы болып саналатын аналарға жастарды, қоғамды адамгершілік бағытта тәрбиелеу мақсатында осындай жауапкершілік жүктеліп отыр,- деді Галина Аргумбаева.

Ал ҚХА жанындағы Бородулиха аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің басшысы Зоя Шкоданың айтуынша, Қоғамдық келісім кеңесі жергілікті жердің әкімдігімен, жастар ұйымымен бірлесе жұмыс істеуі керек. Әкімдік бюджетті бөлу, қаражатты жұмсау, қандай да бір нысан салу барысында Қоғамдық келісім кеңесінің басшыларымен, мүшелерімен міндетті түрде кеңесуі тиіс.

— Қоғамдық келісім кеңесі бұқара арасында туындаған дау-дамай мен жанжалды бейбіт түрде шешуге бір кісідей атсалысады. Мәселен, осы Достық үйінің медиация кабинетінде халық арасында орын алған қаншама мәселелер сотқа жетпей, бейбіт түрде шешімін тапты. Сол себепті де  Кеңес мүшелері бір орнында отырып жұмыс істемей, халықтың мұң-мұқтажын, қажеттілігін анықтап, бұқарамен тығыз қарым – қатынас орнатуы керек. Халықтың не қалайтынын билікке жеткізіп, мәселені шешуге атсалысу — Қоғамдық келісім кеңесінің қызметіне жатады.

Қарапайым ғана жастар мәселесін алып қарайық. Ауылдарда жастар клубы жоқ. Олардың бір-бірімен әңгімелесіп, мәселелерін айтуына жағдай жоқ. Бұрынғыдай, жастарға арналып би кештері де ұйымдастырылмайды. Жастар арасындағы суицид те бүгінгі күні етек алып бара жатқан проблеманың бірі. Сондықтан жастармен, халықпен көп әңгімелесіп, олардың көкейінде жүрген түйінді шешуге атсалысуымыз керек. Барлықтарыңыз алдағы уақытқа арнап жұмыс жоспарын бекітіп, сол жоспар бойынша жүйелі түрде жұмыс атқарасыздар. Жергілікті әкімдіктен де шешілмей жатқан проблемалардың түйінін тарқатуды талап ету керек,- деген Зоя Шкода қоғамдағы жалғыз басты ардагерлер мәселесін де қозғап, оларға жиі көңіл бөлу қажеттігін айтты.

Осылайша, алғашқы Кеңес отырысы таныстықпен, кеңестің мақсат-міндетін айқындаумен тамамдалды. Аудандық Қоғамдық келісім және аналар кеңесі отырысы тоқсанына бір рет, яғни жылына төрт рет өтіп тұратын болды. Кеңестің тоқсандық есебі сол кезде тыңдалатын болады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді

23.12.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді

Ресей, Санкт-Петербург қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев: – Жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған Петербургтегі кездесуіміз мазмұнды өтті. Біз ЕАЭО қызметіне қатысты бірқатар...

Толығырақ...Details

«Үлгілі ауыл» байқауы: Абай облысының 20 үздігіне жаңа трактор кілті тапсырылды

23.12.2025
«Үлгілі ауыл» байқауы: Абай облысының 20 үздігіне жаңа трактор кілті тапсырылды

Semeytany.kz - Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өткен облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздары марапатталып, үздік шыққан 10 аудан...

Толығырақ...Details

Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды

22.12.2025
Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды

Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Оқу-ағарту министрінің орынбасары Шынар Ақпарова, ВІ Group компаниясының негізін қалаушы Бауыржан Исабаев,...

Толығырақ...Details

Абай облысы бойынша табиғи монополиялар саласында 39 субъект халыққа қызмет көрсетеді

22.12.2025
Абай облысы бойынша табиғи монополиялар саласында 39 субъект халыққа қызмет көрсетеді

Өңірде энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жоба кезең-кезеңімен іске асырылуда. Бұл бастама Мемлекет басшысының 2024 жылғы Қазақстан халқына...

Толығырақ...Details

Тарихи диірмен жаңарып, Семейде «Pana Unique Semey» қонақ үйі есігін ашты

22.12.2025
Тарихи диірмен жаңарып, Семейде «Pana Unique Semey» қонақ үйі есігін ашты

Semeytany.kz - Семей қаласында «Pana Unique Semey» бес жұлдызды қонақ үй және мейрамхана кешені ашылды. Жоба аясында 1890 жылы ағайынды...

Толығырақ...Details

Қарабұлақта ауыл жастарына арналған жаңа спорт модулі есігін ашты

22.12.2025
Қарабұлақта ауыл жастарына арналған жаңа спорт модулі есігін ашты

Semeytany.kz - Абай облысының Мақаншы ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында жаңа спорт модулі пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді

2 часа бұрын

«Үлгілі ауыл» байқауы: Абай облысының 20 үздігіне жаңа трактор кілті тапсырылды

2 часа бұрын

Семейдің орталық алаңында бас шыршаның шамы жағылды

6 часов бұрын

Семейде заманауи Оқушылар сарайы ашылды

1 день бұрын

Абай облысы бойынша табиғи монополиялар саласында 39 субъект халыққа қызмет көрсетеді

1 день бұрын

Тарихи диірмен жаңарып, Семейде «Pana Unique Semey» қонақ үйі есігін ашты

1 день бұрын

Қарабұлақта ауыл жастарына арналған жаңа спорт модулі есігін ашты

1 день бұрын

Бекет ауылының көптен күткен арманы орындалды: орталық су жүйесі іске қосылды

1 день бұрын

Мақаншыда 27 жыл бойы “сақалды құрылыс” болып тұрған ғимарат дәрігерлік амбулаторияға айналды

1 день бұрын

Үржарда 10 орындық күндізгі стационары бар жаңа амбулатория ел игілігіне берілді

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС