"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ — УАҚЫТТЫҢ ТАЛАБЫ

16.03.2017
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта басында қалалық Достық үйінде мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуде міндетті әлеуметтік медицина-лық сақтандыруды енгізу барысы және оның тиімді тұстары жайлы түсіндірілді.

Шарада №3 емхананың бас дәрігері Найля Әлменова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігіне тоқталды.

— Мемлекеттің де, халықтың да медициналық қызметтің сапасына көңілі толмағандықтан, оңтайлы шешім қабылдау міндеті тұрды. 2014 жылы Елбасы өз Жолдауында міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жұмыстарын саралауға тапсырма берген. Нәтижесінде жұмыс беруші, жұмысшы және мемлекеттің жауапкершілігін күшейту мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті сақтандыру енгізіледі,- деген Найля Сапанқызы жаңа жүйе сапалы қызмет кепілі және өмір сүру жасын ұзартудың бір жолы болатындығына сенім білдірді. Бұл жүйе бірқатар дамыған елдерде қолданыста екендігіне де тоқталып өтті.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі Германияда ғасырдан астам уақыт қолданыста екен. Сондай-ақ Еуропадағы 16 мемлекет, Жапония бұл жүйені игіліктеріне жаратуда. Аталған елдерде медицина жоғары деңгейде дамып, орташа өмір сүру жасының ұзақтығы 80-85 жасқа жеткен. Ал Қазақстан әлі ондай көрсеткіштерге жете қойған жоқ. Сарапшылардың пайымдауынша, жүйе енгізілген соң, медицина саласы қарқынды даму жолына түсіп, тұрғындардың өмір сүру жасы ұзарады екен. Сонымен қоса жаңа жүйенің тиімділігі — ол денсаулықты қорғау мәселесінде мемлекеттің, жұмыс берушінің және  азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделеді.

«Міндетті медициналық сақтандыру жарнасын кім төлейді?» деген сұраққа тоқталсақ, оны мемлекет, жұмысшылар, жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар төлейтін болады.

Мемлекет барлық қазақстандықтар үшін жарна төлемейді, әрине. Халықтың осал топтарына ай сайын еліміз бойынша орташа айлық еңбекақының 7 пайызы көлемінде аударым жасайды. Ал жұмыс берушілер еңбеккер жалақысының 5 пайызы, қызметкерлер табыстарының 2 пайызы, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 7 пайыз көлемінде төлем жасайтын болады. Айта кетерлігі, аударымдардың пайыздық көрсеткіші жыл сайын артып отырады.

Ал балалар мен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана» атанғандар, «Ана даңқы» ордендерінің иегерлері, соғыс ардагерлері, жұмыссыз ретінде тіркелгендер, студенттер, мүмкіндігі шектеулі жандар, тергеу изоляторындағы азаматтар, бала тууға және оның күтіміне орай жұмыссыз отырған аналар төлемнен босатылады.

Жалпы, міндетті медициналық сақтандырудың екі қызметтік пакеті бар. Біріншісі — еліміздің барлық азаматтарына мемлекет ұсынатын базалық пакет. Ол – жедел жәрдем мен санитарлық авиация, профилактикалық екпелер, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете отырып көрсетілетін амбулаториялық-емханалық көмек. Екіншісі – міндетті медициналық сақтандырылған азаматтарға арналған көмек. Олар: амбулаториялық көмек (емханаларда ем алу, диагностика, дәрігердің қабылдауы), стационарлық көмек, жоғары технологиялы медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен қамту және басқалары.

Яғни, сіз өзіңіз үшін қаражат жинайсыз. Егер басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздаса, жинақталған қаржы көзін пайдалану арқылы дәрігердің көмегіне жүгінесіз.

Медицина мамандарының айтуынша, өз қаржыңызды бақылап отыруыңызға мүмкіндігіңіз болады. Сондай-ақ көңіліңіз қалаған медициналық мекемені таңдай аласыз. Бұл медициналық қызметтің сапасын арттырады деп болжануда. Себебі ақ халаттылар қаржыдан қағылмас үшін емделушілерін жоғалтып алмауға тырысады, сондықтан сапалы қызмет көрсетеді. Әр адам – қаржы көзі. Айта кетер бір мәселе, сақтандыру жыл сайын жаңартылып отырады. Яғни, сіз ағымдағы жылы аурудан аулақ болып,  жиған қаржыңызды қолданбасаңыз, ол жинақталмайды, бір жылдан соң нөлденеді.

Алдағы шілдеден бастап жұмыс берушілер мемлекеттік сақтандыруға төлем жүргізетінін ескерсек, жұмыссыздар «жұмыссыз» статусын алулары керек. Оларға мемлекет жарна төлейтін болады.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

5 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

6 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

6 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

6 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

6 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

1 день бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

2 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС