"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТЫНЫҢ ҰРАНЫ БОЛҒАН ДАРАБОЗ

23.03.2017
39
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурызды үржарлықтар биылғы жылы да ерекше мәнерде атап өтті. Олай дейтініміз — екі күн қатарынан тойланған ұлық мереке алдымен қазақтың хас батыры Қабанбай бабамыздың 325 жылдығына арналған ескерткіш мүсіннің ашылуы сынды маңызды оқиғалармен тұспа-тұс келді. Қазақ халқының тарихын парақтап, қай батырын алып қарасақ та, бар өмірін елдің қонысын кеңейту, халықты жаудан қорғау жолындағы жорықтарға арнаған. Ата-бабаларымыз аңсап өткен теңдессіз байлығымыз егемендік пен жарқын болашағымыз үшін күрескен хас батырға аудан орталығынан гранит тастан қашалып жасалған, биіктігі 10 метр болатын ескерткіш салтанатты түрде ашылды.

«Жақсыны көрмекке» дейміз ғой. Батыр баба ескерткішінің ашылуына Үржар ауданы әкімі Серік Зайнулдин, мәслихат хатшысы Қаленбек Қарашев, аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, алыстан шақырылған қонақтар, аудандық ардагерлер кеңесі, зиялы қауым, кәсіпкерлер, ауданның қоғамдық пікір белсенділері, еңбек ардагерлері, ауылдық округ әкімдері, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары, қоғамдық кеңесшілер, аудан жастары қатысты.

Халқының қамын жеп, елінің ертеңін ойлаған, сол жолда басын бәйгеге тіккен ірі тұлға – қазақ халқының ұлы қолбасшысы, Хан батыр Қабанбай бабамыздың ескерткішінің ашылу салтанатында аудан әкімі Серік Зайнулдин, ескерткіштің бой көтеруіне демеушілік жасаған белгілі меценат, жерлесіміз Құсман Шалабаев, Алматы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Алматы облысының Құрметті азаматы Оралбек Жақияновтар сөз алып, үржарлықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Батыр баба құрметіне тұрғызылған тас мүсін салтанатты рәсіммен ашылған соң,  Жабайыл Бейсеновтің сөзіне жазылған «Батыр баба» әнін аудандық Мәдениет үйінің жезтаңдай әншілерінен құралған  «Ақберлі» ансамблі әуелете шырқады. Мерекелік шара негізгі бөлімге ойысып, аудандық Мәдениет үйінде байтақ жерімізді Жоңғар шапқыншылығынан қайыспай қорғап, қазақ халқының айбыны бола білген Қабанбай батырдың ерлігін, өмір жолын ұлықтау мақсатында ғылыми-танымдық конференция өтті. Ғылыми конференцияда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Кәкен Қамзин «Қабанбай батыр және қазақ халқының Тәуелсіздік аңсарлары», Алматы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Алматы облысының Құрметті азаматы Оралбек Жақиянов «Қабанбай батырдың ерліктері жайлы», М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, жазушы, филология ғылымдарының докторы Ақыш Нұрдәулет «Дарабоз» роман дилогиясындағы Қаракерей Қабанбай батырдың образының сомдалуы», Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры Мұхтарбек Кәрімов «Қабанбай батыр тұлғасы ауызша және жазбаша деректерде», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжанов «Аңыз әңгімелер мен тарихи жырлардағы Қабанбай батыр бейнесі», М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Әлімжан Хамраев «Қабанбай батыр заманындағы саяси-тарихи оқиғалар», Философия, саясаттану және дінтану институтының бөлім меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Бақытжан Сатершинов «Қабанбай батыр дәуіріндегі қазақи ойлау жүйесі және оның бүгінгі заманмен үндестігі», «Отүкен» журналының бас редакторы Нұржан Қуантайұлы «Қабанбай батыр — өз дәуірінің саяси қайраткері» атты баяндамаларында Қабанбай батырдың ерлігі мен өмірі туралы көптеген тарихи деректер келтірді.

Сондай-ақ жиын барысында аудан әкімі Серік Зайнулдин Қабанбай батыр ескерткішінің авторы, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, елімізге белгілі мүсінші Болат Құсайыновқа Үржар ауданының Құрметті азаматы атағы берілгенін жеткізіп, салтанатты түрде куәлігін тапсырды.

Ұлыстың Ұлы күні Барқытбел баурайындағы дүбірлі тойдың мәні мен мағынасы батыр бабаға арналған ескерткіштің ашылуымен тереңдей түсті.

Бауыржан ЖАҚЫП, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС