"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОЛ АҚЫСЫ ҚЫМБАТТАЙТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС СИЯҚТЫ

28.03.2017
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма күні кешкісін семейліктер уақытын аялдамада қоғамдық көлік күтумен өткізді. Қоғамдық көліктердің басым бөлігі себепсіз желіден шығып кеткен. Тасымалдаушылар өздерінің әрекеттерін сапасыз жолдардың әсерінен көліктердің сынуымен байланыстырды. Әлбетте, бұл әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Тұрғындардың бірі тасымалдаушылардың әрекеттерін сынға алса, кейбірі жағдайдың жол ақысын көтеру үшін қолдан ұйымдастырылған акция екенін айтып жатты.

Ал сенбі күні қалалық прокуратурада жабық есік жағдайдағы жиын өткізілді. Бірақ оған бір күн бұрын желіге шықпаған үш тасымалдаушы мекемелерден ешкім келіп қатыспаған. Бұл ретте Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі төмендегідей ақпарат таратты:

«Ағымдағы жылдың 26 наурызы күні ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Н.Сақтағановтың, облыс әкімінің орынбасары С.Ақтановтың және Семей қаласының әкімі Е.Сәлімовтің төрағалығымен қаланың тасымалдаушылары қатысқан жиын өтті.

Жиынның күн тәртібінде Семей қаласындағы жолаушылар мен жүк тасымалы, атап айтқанда, автобустардың жұмыс кестесінің сақталуы, жолаушылар легі, қоғамдық көліктердегі жол ақысы құны мен қала көшелерінің жағдайы сынды ағымдағы мәселелер қаралды.

Семей қаласының әкімі Ермак  Сәлімов жиынға қатысушыларды ағымдағы жылға жоспарланып отырған жұмыс барысы жайында ақпараттандырды. Қала жолдарын жақсарту мақсатында 2017 жылғы ағымдағы жөндеу жұмыстарын (шұңқыр жөндеу) жүргізу үшін 200,0 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген. Аталған қаражат 2016 жылмен салыстырғанда 100 млн. теңгеге артық.

Орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылы 949,262 млн. теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарлануда. Айта кетуіміз керек, 2016 жылы қала жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетін 8 көше анықталды. Олар:

— Шәкәрім даңғылы, Абай көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін;

— Б.Момышұлы көшесі, Шайжүнісов көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін;

— Интернационал көшесі, Шмидт көшесінен Чайковский көшесіне дейін;

— Абай көшесі, Аймауытов көшесінен Жұмабаев көшесіне дейін;

— Шайжүнісов көшесі, Интернационал көшесінен Шәкәрім даңғылына дейін;

— Жұмабаев көшесі, Абай көшесінен Найманбаев көшесіне дейін;

— Дулатов көшесі, Жұмабаев көшесінен «Жансая» базарына дейін;

— Шмидт көшесі, Интернационал көшесінен Шәкәрім даңғылына дейін.

Бүгінгі күні, жоғарыда аталған іс-шаралар жоспарына сай, мемлекеттік сатып алулар заңы негізінде жұмыстарды атқару үшін байқау жарияланды. Сондай-ақ 2017 жылы Дальняя көшесіндегі тротуар мен жүргіншілер жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыру үшін 104,903 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Бүгінгі күні Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен қаланың орталық көшелері мен магистральды жолдардағы ойылған шұңқыр жолдарды жамау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар ауа райының қолайсыздығы себепті және асфальт бетонды төсеу мүмкін болмағандықтан жүргізіледі және ағымдағы жөндеу жұмыстары басталғанға дейінгі уақытша жөндеу болып табылады.

Келесі қаралған мәселе жол ақысының мөлшеріне байланысты болды. 2016 жылдың соңында қаладағы тасымалдаушылар тарифті көтеру туралы жергілікті билікке өтініш айтқан болатын. Бірақ тасымалдаушылардың тілегі қабыл болған жоқ. Десе де, соған қарамастан, 24 наурыз күні кешкілік бірқатар бағыттағы автобустар жолаушы тасымалдауға шықпады.

Жолаушы тасымалдаушылардың өкілдері бұл жағдайға байланысты    облыс және қала басшылығына түсінік беріп, сол күні сағат 18.00-ден бастап бірқатар автобустар техникалық жағдайларға байланысты тоқтатылғандығын және келесі күні таңнан бастап толықтай барлық қоғамдық көліктер бағыттары бойынша жолаушы тасымалына кіріскенін айтты.

Жолаушы тасымалдаушылар бұл жағдай жол ақысын көтерумен немесе, бірқатар ақпараттық интернет порталдарында жарияланғандай, жолаушы тасымалдаушылардың акциясымен байланысты емес деген ақпарат берді.

Жолаушылар тасымалына байланысты жол ақысының тарифін көтеру мәселесі 2014 жылдан бастап айтылып келеді. Қалалық әкімдікте бұл мәселені жан-жақты қарастыру үшін арнайы комиссия құрылған. Ол комиссияның құрамында жолаушы тасымалдаушылар да бар. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 2017 жылдың 14 ақпанында құрылған жұмыс тобы бүгінгі таңда өз жұмысын аяқтауға жақын»,- делінген.

Осы ретте айта кетсек, 2015 жылы жергілікті атқарушы билік тасымалдаушылардан жол ақысын көтеруге дәлелдер келтіруді  сұраған болатын. Алайда бұл әлі күнге дейін жүргізілмей отыр. Қалалық прокуратурада өткен кездесуде қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков бүгінгі күні қаладағы алты тасымалдаушының төртеуі өз есептерін толықтай көрсеткенін айтқан. Ал қалғандары тиісті құжаттарын 29 наурызда ұсынбақ, осыдан кейін барып жол ақысын көтеру мәселесі қалалық мәслихатта қарастырылмақ.

Жол ақысының өсуіне байланысты жолаушылар тасымалының сапасы жақсара ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

— Ақпан айындағы соңғы отырысымызда біз тариф бағасының 75 теңгеге дейін көтерілетінін айтқанбыз. Ол жолы тасымалдаушылар комиссияға құжаттарын бере алмады немесе бергісі келмеді. Мұның барлығы қалалық комиссияның жұмыс барысын едәуір кешеуілдетті. Меніңше, екі тарап та кінәлі. Әкімдік те, тасымалдаушылар да тариф бағасының қымбаттамайтынын айтқан. Тасымалдаушылар құқықтық тұрғыда дұрыс әрекет жасап отырған жоқ. Азаматтардың құқығына нұқсан келтіруге болмайды. Кеше олар өз міндеттерін орындаған жоқ,  90 пайызы автобус шығармады. Бұл — барып тұрған заңсыздық, сорақы әрекет,- деген еді қалалық прокуратурада жабық есік жағдайында өткен жиында Марат Турубаев.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

13.07.2026
Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Мақаншы ауданында «құрғақ порт»...

Толығырақ...Details

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

13.07.2026
Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылындағы «Тарбағатай» жазғы сауықтыру лагері биыл да балаларға есігін айқара ашты. Мұнда аз қамтылған және әлеуметтік...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

13.07.2026
Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

Абай облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мақаншы ауданында 2026–2027 оқу жылында жалпы 4549...

Толығырақ...Details

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

12.07.2026

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

12.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

18 часов бұрын

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

18 часов бұрын

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

1 день бұрын

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

2 дня бұрын

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

2 дня бұрын

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

2 дня бұрын

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

2 дня бұрын

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС