"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАР СУЫНЫҢ АЛДЫН АЛАР ҚАУҚАР БАР МА?

28.03.2017
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Күн жылынғаннан бастап Семейде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатындағы жұмыстар қолға алынды. Өткен жұма, 24 ақпан күні Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында 2017 жылғы су тасқынына дайындық шаралары бойынша брифинг өткізілді. Брифингке Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары  Бақытбек Байбуров, Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ерлан Уалиев, қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Амантай Өтелбаев қатысты.

Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Бақытбек Байбуров халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңыздылығына назар аудара отырып, су тасқыны кезеңіне дайындық туралы айтты.

Оның айтуынша, бүгінгі күні су басу қаупі туындаған аумақтарды анықтау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылып, су алып кету қаупі бар аймақтарға баса назар аударылған. Әсіресе Затон ауданындағы Павлодарская мен Тұрғанбаев, Дальняя ауданындағы Лесная мен Шымкент көшелері, сонымен қатар Дулатов, Найманбаев көшелері, Шығыс кенті, Жаңасемей ауданындағы №27 мектеп аумағы жіті бақылауда. Қала маңындағы Приречный мен Баженово ауылдары құзырлы мекемелердің бақылауында.

Айта кетейік, аталған елді мекендерде жергілікті атқарушы билік органдардың күшімен қар шығару жұмыстары атқарылып жатқан көрінеді.

— Бүгінгі күні Приречный ауылында қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Су ағатын каналдар мен құбырлар тазартылып, көпір маңдары қардан аршылды. Ал Семей қаласы бойынша жағдай қалыпты. Осы уақытқа дейін тоғыз гидротехникалық құрылғылар мен Мұқыр және Знаменка елді мекендеріндегі екі дамба тексерілді. Қазір төтенше жағдайлар қаупін төмендету мақсатында кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Атап айтар болсақ, қалада су басу қаупі туындаған 72 көше анықталып, аталған аумақтардан қар шығару үшін қосымша 89 млн. теңге бөлінді. Осы уақытқа дейін қаладан 236 мың куб қар шығарылды. Ал көшелердегі ағын суларды сору үшін 14 АС машиналары, 4 мотопомпа, 14 автоцистерна жұмыс жасамақ,- дейді Б.Байбуров.

Күн жылынып, көктем келісімен, тұрғындар Ертіс өзенінен де қауіптенеді. Биыл Ертістегі мұздың қалыңдығы 70 см-ге дейін жеткен. Дегенмен мамандар өзеннен келер қауіп жоқ деп сендірді. Олардың айтуынша, күн сайын Ертіс өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Ал қажет болған жағдайда, өзенде мұз жару жұмыстары жүргізілмек. Ал еріген қар суынан тазарту мен инертті материалдар үшін қала бюджетінен 15 млн. теңге қаражат қарастырылыпты. Ол жұмыстарды мердігер «Семей тазалық» ЖШС атқармақ.

Аталған басқосуда жыл сайын су басатын қаланың орталық көшелері де сөз болды. Журналистер қауымы әсіресе Қабанбай батыр көшесімен жүру осы уақытта  мүмкін емес екенін жеткізіп, мәселе өткен жылы шешілуге тиіс болғанын айтып, осы жағдайға қатысты сауалдарын қойды. Бұл тұрғыда жауап берген қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ерлан Уәлиев өткен жылы аталған көшедегі дренажды кәріз желісін жөндеуге бөлінуі тиіс 12 млн. теңге көлеміндегі қаражат тек осы жылы бөлінгенін, енді алдағы уақытта байқау жарияланып, мердігер анықталып, аталған мәселе шешімін табатынына сендірді.

— Өткен жылы осындай жұмыстар «Жансая» базары аумағында жүргізілді. Былтыр аталған аудандағы ескі дренажды кәріз желісін тазарттық. Бүгінгі күні ол аумаққа су жиналмайтын болды. Осындай жұмыстар Аймауытов, Уәлиханов көшелерінде де жүргізілді. Алдағы уақытта жұмыстар жалғасын таппақ,- деді Ерлан Уәлиев.

Қала ішіндегі арықтарды тазарту мәселесіне тоқталған тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Амантай Өтелбаев бүгінгі күні аталған жұмыстармен «Семей» МКК айналысатынын атап өтті.

— Бүгінгі күні Қызыл Кордон аумағы, Дальняя аумағындағы мәселе өз шешімін тапты. Бүгінде аталған аудандардағы арықтар мен  су ағатын құбырлар тазартылып, аумақтар тәулік бойы бақылауға алынды. Мұндай жұмыстар Мирный кентінде де атқарылды. Ол аумақта да бірнеше жыл бұрын мәселе туындаған еді. Бүгінгі күні аталған ауданның да мәселесі толықтай шешілді. Сол сияқты Шығыс кентін бақылауға алдық. Ол жерде де мәселе туындаған болатын. Бүгінгі күні мұнда су жиналу қаупі жоқ,- деп түйді өз сөзін А.Өтелбаев.

Иә, көктем мезгілінде алаңсыз отыруға болмайды. Құзырлы орган өкілдері көктемгі су тасқынына сақадай саймыз дегендерімен, бұл күндері қала көшелерімен еркін жүру мүмкін болмай тұр. Еріген қар суынан пайда болған көлшіктер семейліктерді қазірдің өзінде әуреге салып отыр.

Асан  МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

13.07.2026
Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Мақаншы ауданында «құрғақ порт»...

Толығырақ...Details

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

13.07.2026
Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылындағы «Тарбағатай» жазғы сауықтыру лагері биыл да балаларға есігін айқара ашты. Мұнда аз қамтылған және әлеуметтік...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

13.07.2026
Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

Абай облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мақаншы ауданында 2026–2027 оқу жылында жалпы 4549...

Толығырақ...Details

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

12.07.2026

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

12.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

24 часа бұрын

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

1 день бұрын

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

1 день бұрын

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

2 дня бұрын

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

2 дня бұрын

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

2 дня бұрын

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

2 дня бұрын

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС