"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРІГЕН ҚАР СУЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘБІГЕРГЕ САЛУДА

03.04.2017
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде күннің күрт жылынуынан қар еріп, тұрғындарды әбігерге салуда. Шаһардың шеткері аудандарындағы көшелер мен жекелеген үйлердің аулаларын су басып, автокөлік қозғалысына да қиындық келтіруде. Еріген қар суы Суық бастау кенті тұрғындарына да өз кедергісін келтіруде. Аталмыш аудандағы Цветочный көшесімен жүру қазір тіптен мүкін болмай отыр. Негізгі көшелердің бірі саналатын аумаққа жайылған судан адам түгілі көліктің өзі жүре алмайтын жағдайға жеткен. Ал тұрғындар болса балаларын қалай сабаққа жіберерлерін білмей дал.

Өткен жұмада, тұрғындардың жанайқайынан кейін, Суық бастау кентіне ат басын бұрдық. Тілшілер қауымын күтіп алған тұрғынның бірі түсіру тобын суға толы аталмыш Цветочный көшесімен бастап барды. Діттеген жерімізге жартылай жаяу, жартылай көлікпен жүріп, әрең дегенде жеттік. Халықпен кездесетінімізді естіген жергілікті атқарушы билік өкілдері де сол жерден табылды. Тұрғындар да бірден жылдар бойы қордаланып қалған көкейкесті мәселелерін жеткізді. Айтуларынша, кенттегі басты мәселенің бірі көктем сайын келетін еріген қар суы болып отыр. Соның салдарынан қатынас қиындап, оқушылар сабақтарынан да қалуға мәжбүр.

«Аялдамаға баратын осы жалғыз жол. Қыс бойы қар күрейтін көлік шақырғанымызбен, біреуі де келген жоқ. Келгендерімен, мынандай ауыр қарды күрей алмаймыз деп кетіп қалды. Қалың қар еріп көлге айналды. Ал енді демалыс аяқталды, балаларымыз сабаққа қайтіп барады? Жылда осы жағдай қайталанады. Биыл ағын су да көп болып тұр»,- дейді тұрғындар.

Аудандағы көкейкесті мәселе жалғыз бұл емес болып шықты. Суық бастауда қоғамдық көліктен бастап электр жарығы, шашылған күл-қоқыс пен жолдың азабы тұрғындардың әбден жүйкесін жұқартқан.

— Жаңағы Цветочный көшесінің өзі қисық-қисық. Соны түзеп, тегістеп ретке келтіру керек. Балаларымыз №48 мектепте оқиды. Олар малтып бара ма? Сабақ болса басталды. Жедел жәрдем мүлдем келе алмайды. Ауырған адамдарды жедел жәрдем көлігіне дейін өзіміз апарамыз,- дейді Дүйсен Макишев.

Тұрғындар өткен жылғы сайлау қарсаңында облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер келіп, уәдені үйіп-төккендерін, ал кейін олардың қараларын да көрмегендерін айтып отыр. Көше жарығы мен жол мәселесі жергілікті атқарушы билік алдында да талай мәрте көтеріліпті.

— Алдыңғы жылы қала әкімі келгенде, мектепке дейін жарық орнатып, асфальт төселмесе де жолдың сілемін жасап берсе деп айтқан болатынбыз. Бұл жерде қаншама халық тұрады. Дегенмен жолымыз содан бері жасалған жоқ,- дейді Айтбай Қабдікеш есімді тұрғын.

Осы орайда Семей қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұржан Есенжолов та пікір білдіріп, мәселені шешудің бірнеше жолын көрсетті.

— Алдымен шлак жеткізу жұмыстарын жүргізетін боламыз. Қазір өтініштер қабылданды. Екіншіден, су сорғыш көліктердің қажеттігін қараймыз. Қажет болмаған жағдайда, суды басқа жаққа бұру жолын жүргіземіз. Шыны керек, тұрғындарда да жауапкершілік болуы қажет. Қыс бойы халық өздері бірігіп маңайларындағы қарды шығару керек болған,- дейді әкімнің баспасөз хатшысы.

Сол күні Суық бастау кентіне баратын жолдағы көпірдің үстінен еріген қар суы жүріп кетіп, көлік қатынасы тоқтатылған болатын. Құртоған өзені деңгейінің көтерілуі салдарынан, көпірдің сол жағындағы жаяу жүргіншілер жүретін бөлігін су шайып кеткен. Қазір ол жер қалпына келтірілуде. Өзен деңгейі де төмендеп, қатынас кешкісін қайта жанданған.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС