"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АДРЕСТІК ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

20.04.2017
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Ұлт жоспары — «100 нақты қадамның» 84-қадамында әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып оңтайландыруды тапсырған. «Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады»,- деп атап өткен болатын Елбасы.

Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы адрестік әлеуметтік көмек түрі енгізілмек.

— Жаңа форматтағы адрестік әлеуметтік көмек қазіргі қолданыстағы — 18 жасқа дейінгі балалардың жәрдемақысы және 4 және одан көп баласы бар көпбалалы отбасылар алатын жәрдемақы мен әлеуметтік жәрдемақы – осы үш түрлі төлемдерді өзгерту есебінен енгізілетін болады,- дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Айдар Самаев.

Жаңа адрестік әлеуметтік көмек бойынша, жәрдемақы көмекке шынымен зәру адамдарға ғана берілмек. Осы мақсатта адрестік көмек шартты және шартсыз ақшалай жәрдем деген екі түрге бөлінетін болады. Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшесі жоқ (мысалы, мүгедектер отбасы, қарт зейнеткерлер) отбасыларға және мүшелері нақты себептермен жұмысқа тарту шараларына қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиелеп отырған жалғызілікті ана) беріледі. Жәрдемақы алу үшін мұндай отбасылардан міндетті жұмысқа тарту шараларына қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай жәрдем бойынша жұ-мысқа қабілетті жандар жәрдемақыларын алу үшін әлеуметтік келісімшарт жасасып, жұмыс табуға міндеттеледі. Жұмыс табуға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көмектеседі. Олар кәсіптік даярлық арқылы немесе жастар тәжірибесі бағдарламасы және өзге де бағдарламалар арқылы қайта оқытып, жұмысқа орналастыру жағын қарастырады.

Жаңа әлеуметтік көмекті енгізу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру көзделіп отыр. Сонымен бірге, қазіргі күні жәрдемақы мөлшері 9 мың теңгеден астам болса, адрестік әлеуметтік көмек енгізілгенде, ол қаржы еселене түспек.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарынан құралған бірнеше мобильді топ 2018 жылы қолданысқа енетін өзгерістерді жәрдемақы алушы әрбір  отбасының үйіне барып түсіндіріп жүр. Сәрсенбі күні де мобильді топ кезекті рет тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кірісті.

— Семей қаласы бойынша мұндай әлеуметтік көмектерді алушы 1500-ден астам отбасы бар. Бүгін кезекті рет түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін тұрғындардың үйін аралауға шықтық. Біздің топ орташа есеппен күніне 60 үйді аралайды. Дерекқордағы мекенжай бойынша тұрғындарға барып, әлеуметтік көмек алу жөніндегі ақпараттардан құлағдар етіп, түсіндіру жаднамаларын таратамыз,- дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Әмина Мусинова.

Мамандардың айтуларынша, жаңадан енгізілетін өзгерістер көмек алушылар үшін тиімді. Оны енгізудегі мақсат халықтың әл-ауқатын арттырып, төменгі күнкөріс деңгейін мейлінше жоғарылату екендігін ескерген жөн.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

17.07.2026
Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар сауда нысандарын аралап, үш ай бұрын берген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Алдымен...

Толығырақ...Details

Семей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

17.07.2026
Семей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарының барысын барып көрді. Өңір басшысы құрылыс алаңындағы атқарылып...

Толығырақ...Details

Бородулихадағы орман өрті: облыс әкімі жағдайды әуеден бақылап, қосымша күштер тартылды

17.07.2026
Бородулихадағы орман өрті: облыс әкімі жағдайды әуеден бақылап, қосымша күштер тартылды

Абай облысының Бородулиха ауданында шыққан орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрт ошағындағы ахуалды бақылау үшін оқиға орнына облыс әкімі Берік...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

17.07.2026
Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасы түлектеріне диплом тапсырудың...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынды

17.07.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынды

Мемлекет басшысы трансұлттық цифрлық инфрақұрылым жасақтауға және ЖИ саласындағы саясатты өзара үйлестіруге қатысты бірқатар ұсынысты ортаға салды, деп жазды Ақорда...

Толығырақ...Details

Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ

17.07.2026
Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда Қазақстанның жасанды интеллектіні дамытудағы стратегиялық артықшылықтарына тоқталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президенттің пікірінше,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

3 дня бұрын

Семей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

3 дня бұрын

Бородулихадағы орман өрті: облыс әкімі жағдайды әуеден бақылап, қосымша күштер тартылды

3 дня бұрын

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

3 дня бұрын

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

3 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынды

3 дня бұрын

Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ

3 дня бұрын

Тоқаев: Жасанды интеллект нарығы 2033 жылға қарай 5 триллион долларға жетуі мүмкін

3 дня бұрын

Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу салтанатына қатысты

3 дня бұрын

Адал қоғам — әр азаматтың жауапкершілігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС