"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЫННАН САБАҚ АЛСА ИГІ

28.04.2017
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қалалық мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов бастаған бір топ халық қалаулылары сейсенбі күні қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысына терең үңілді. Мәслихаттың өндірістік комиссиясының мүшелері жолаушылары көп қала аялдамаларының біріне барып, көлік жүргізушілермен және жолаушылармен тілдесіп, автобустардың санитарлық талапқа қаншалықты лайықты екендіктеріне көз жеткізді.

Қала көшелеріндегі қоғамдық көліктер қатынасы тұрғындар көңілін көншітпейді. Тазалығы тағы бар. Бұл биыл ғана айтылып, болмаса жазылып келе жатқан жайт емес. Жылдағы көрініс, келеңсіз жағдай. Өкінішке орай, «баяғы жартас — сол жартас» күйінде қалып отыр. Бұл жолы да, әдеттегідей, автобустардың уақытынан кешігуі, салон ішінің «кіршеңдігі» еш өзгеріссіз екен.

— Біз бұл мәселеден хабардармыз. Өткен жылы да дәл осы уақытта қоғамдық көліктердің жұмыс сапасы мен жолаушыларға қызмет көрсету аясын тексеріп, көрген кемшіліктерімізді тасымалдаушы мекеме басшыларына айтқан болатынбыз. Айтылған сыннан қорытынды шығарғандары өз кемшіліктерін дер кезінде түзетті. Алайда бұл бір мезеттік жұмыс емес, сондықтан биыл да, жылдағы дәстүр бойынша, кезекті мәрте бақылауға шығып отырмыз. Нәтижесі көз алдымызда. Бұдан бөлек жолаушылар уәжіне де құлақ түрмекпіз. Олардың тарапынан айтылар сын мен ұсыныстар да ескерусіз қалмайды,- дейді қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов.

Алдымен Суықбастау кенті мен темір жол вокзалы арасына қатынайтын №13 автобусқа мінген депутаттар көлік жүргізушісімен тілдесіп, кестеге сай жүрер–жүрмесін сұрады. Бұдан бөлек салон ішіндегі ескірген хабарландырулар мен кір басқан орындықтардың ауыстырылмайтындығына сын айтты.

Алайда бұл жауаптың шындыққа жанаспайтындығын ашына айтқан жолаушылар сол көліктің өз ішінен табылды. Өзін Айнаш Ерғалиқызы деп таныстырған жерлесіміз осы және № 9 бағыттағы автобустың өз міндеттеріне салғырт қарайтынын атап өтті. «Бұл автобустардың түс мезгілінде соңғы аялдамаларда сағаттап тұрып алатындары жанға батады. Себебін сұрасақ, таусылмайтын сылтаулар. Біресе көлік сынып қалады, біресе келесі автобусты күтуіміз керек екен. Соның салдарынан жұмысқа кешігеміз. Сенбі, жексенбі күндері автобустардың қатынауы тіптен нашар»,- дейді қала тұрғыны.

Әпкеміздің сөзін қуаттағандарға депутаттар №45 автобусқа бас сұққан сәтте куә болды. Өйткені Шығыс кенті мен Северный кентінің арасын жалғайтын бұл автобусты сарыла күтуге осы аумақ тұрғындарының еті үйреніп кеткен. Мәселен, бүгін осы бағыттағы 3 автобустың екеуі ғана желіде, ал соңғысы не себепті жолға шықпағаны белгісіз. Дәл осындай келеңсіздіктер №№14, 22, 32 бағыттағы қоғамдық көліктерде де орын алды.

— Мен ауысымдық жұмыста еңбек етемін. Кешкі сағат 8-де жұмыстан шығып аялдамаға келсең, автобус көрмейсің. Еріксіз үйге таксимен жетеміз,- деді тағы бір жерлесіміз Жанат Сүлейменова.

Қоғам болғасын пікірлер де әрқилы. Біреу ренішті болса, енді бірі бейтарап ұстанымда. Зейнеткерлер жағы, өзге қалалардағы сияқты, қоғамдық көлікте тегін жүру құқын қайтарып беруді қалайды. Осы ойларды бір арнаға тоғыстырған өкілетті билік ортақ шешім шығаруды алдағы күннің еншісіне қалдырды.

— Біздің негізгі мақсатымыз — жолаушылар көзқарасымен санасу. Айтылған жайттар мен көтерілген мәселелер алдағы кезекті сессияда қарастырылатын негізгі сұраққа айналмақ. Оған дейін біз жолаушылар тасымалымен айналысатын мекеме басшыларымен жүздесіп, бүгінгі сапарымызда көрген – білгенімізді ортаға саламыз. Бүгін біз «Семей көлігі», «Таксопарк», «Семавтопарк» сынды мекемелерге қарасты автобустардың жұмысымен таныстық. Менің ойымша, жолаушылар тасымалын өз мойындарына алған мекемелер, облыс әкімі Даниал Ахметов атап өткендей, билікке түрлі сылтаулы шарт қоя бергенше, өз жауапкершіліктерін толықтай атқарса деймін,- деді қалалық мәслихаттың өндірістік комиссия төрағасы Әміржан Ахметжанов.

Ермек ИСАБАЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС