"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРТЫ БАР ЕЛ — ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ

28.04.2017
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы ардагерлер кеңесінің құрылғанына биыл 30 жыл. Отты жылдар куәгерлерінің қамқоршысына айналып, жас ұрпақты отансүйгіштік бағытта тәрбиелеуде талмай еңбек етіп келе жатқан ұйымның мерейлі мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Қалалық  Достық үйіндегі салтанатты жиынға шаһар басшысы Ермак Сәлімов, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, соғыс, еңбек, Ауған соғысы, ҚР Қарулы Күштері ардагерлерінен бөлек, қала жұртшылығы қатысты.

Семей өңіріндегі алғашқы Ардагерлер кеңесі 1987 жылдың 14 ақпанында құрылған. Кеңестің тұңғыш төрағасы болып Социалистік Еңбек Ері Иван Васильевич Коробицын тағайындалған екен. Қалалық кеңес іске кірісімен, алғашқылардың бірі болып Тері–былғары бірлестігінде, Ет комбинатында, Цемент зауытында, «Большевичка» комбинаттарында бастауыш ардагерлер кеңесі өз жұмыстарын жандандырған. Кейіннен олардың жалпы саны 275 –ке жетіп, 45 мыңнан астам ардагердің басын қосты. Құрамында 15 Кеңестер Одағының Батыры, 6 Социалистік Еңбек Ері, 5 мыңнан аса соғыс ардагерлері бар іргелі ұйым қала тіршілігіне белсене араласып, оның көркейіп, дамуына бір кісідей атсалысты. Қазіргі таңда, кеңеске мүше қарттардың қатары сиресе де, арқалаған жауапкершіліктері жеңілдеген жоқ.

— Қоғамдық кеңес құрылған күннен бастап соғыс және еңбек ардагерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешумен айналысып келеді. Олардың пәтерге қол жеткізуі, дәрі –дәрмекпен тегін қамтылуы, түрлі жеңілдіктерге ие болуы, санаторийлерде демалуы сынды жұмыстар тікелей ұйым төралқасының араласуымен шешілуде. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері соғыс және тыл ардагерлеріне деген көзқарас ерекше өзгерді. Елбасымыз Н.Назарбаевтың аға буынды ардақтау бағытында берген тапсырмаларына орай, кеңеске мүше барлық қарттарымызды назардан тыс қалдырмай келеміз. Нәтижесінде зейнетақыларына үстеме ақша қосылып, денсаулықтарын қалыпты ұстау мақсатында көмектер көрсетіледі,- дейді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов.

Бүгінде Ардагерлер кеңесінің бастамасымен Семейде соғыс және тыл, Ауған соғысының  ардагерлері мен Чернобыль апатынан зардап шеккендер үшін Оңалту орталығы ашылды. Орталықтың емхана, стационар, күндізгі стационарында білікті дәрігерлер емделушілерге қол ұшын созуда. Бұдан бөлек қаламыздың әрбір ауруханасында соғыс ардагерлеріне арналған арнайы бөлмелер бар. Жыл сайын Жеңіс күні мен Қарттар күні қарсаңында зейнеткерлер үшін Ашық есік күндері өткізіледі. Бойынан қайрат-күші қайта бастаса да көкірегі жалынға толы қариялар жас ұрпақты Отанды сүюге үйретуден қажыған емес.

Шарада сөз алған қала басшысы Ермак Сәлімов кеңес мүшелерін мерекемен құттықтай келіп, аға буынның кейінгі ұрпақ алдында абыройы асқақ, мәртебесі жоғары екендігін атап өтті.

— Ақыл айтып, жол көрсету — келешектің қамы. Қариясына қазақ халқы қашанда құрметпен қараған. Қазынаға балап, бата сұраған, төрін берген. Біз сіздермен мақтанамыз. Жастарымыз ата жолын бағалап, аманатты ақтауға міндетті. Мұны стратегиялық бағыттан айнымай, «Нұрлы жолды» бағдар етіп, Мәңгілік Елге апарар оң қадам деп есептейміз. Ардагерлер ұйымының 30 жылдығы құтты болсын, ардақты ағайын! Біз ешқашан алдыңғы толқынның кейінгілер үшін қолмен жасаған ерліктерін ұмытпаймыз. Сіздер — дәл осы сіздер — соғыс жылдарында от кеше жүріп, біріңіз соғыс, біріңіз еңбек майданында шынықтыңыздар. Келешекке кемел, жарқын өмір сыйладыңыздар. Соғыстан кейінгі тұралаған экономика, қираған қалаларды қалпына келтірудегі қажырлы еңбектеріңіздің өтемі жоқ. Ұрпақ тәрбие-сін де санадан шығармай, бүгінгі қоғамға қажетті толық тұлға қалыптастыруда да өзгелерге үлгі болдыңыздар,- деген Ермак Бидахметұлы 5 қарияға өз атынан грамота табыс етсе, 4 ардагерге алғыс хат ұсынды. Дәл осындай марапаттарға кеңес мүшелерінің тағы бір тобы қалалық мәслихат тарапынан ие болды.

Ермек ИСАБАЕВ,                                                                                                                                                                             «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

11 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

11 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

11 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

11 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

11 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

12 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

12 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС