"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Туған жер» бағдарламасын қолдаудың жарқын үлгісі меценаттың ісінен көрінді

11.05.2017
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жеңістің 72 жылдығы қарсаңында Семейдегі №21 мектепте айтулы шара өтті. ШҚО мәслихатының депутаты, «Ақшың» корпорациясының президенті Марат Құрманбайдың меценаттығымен білім ошағы алдына Жоламан кентінен Ұлы Отан соғысына аттанған майдангерлерге мемориалдық тақта орнатылып, жауынгер Мұқанбек Құрманбайұлы атындағы тарихи тағылым кабинеті ашылды. Тәрбиелік маңызы зор шараға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, ҰОС ардагері Ғабдулғазиз Ахмеров, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары және кент тұрғындары қатысты.

Елбасы таяуда жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында тәуелсіз еліміздің алдағы жылдары жүзеге асыратын бірнеше бағыттағы жоспарларын нақтылап берген болатын. Мақалада өскелең ұрпақты отаншылдыққа, ұлтын сүюге үндейтін «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Бағдарламаның жастарға берері мол екендігіне кеңінен тоқталған Елбасы: «Туған жерге деген сүйіспеншілік туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. Ал бағдарлама жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады»,- деген еді.

Президент мақаласындағы осы бағдарламаны негізге ала отырып, тыңға түрен салған Марат Құрманбай елдің ертеңін тәрбиелеуде септігі тиетін шаруаны өңірімізде алғашқы болып қолға алды. Осыдан біраз жылдар бұрын Марат Серікжанұлының басшылығымен «Абыралы — Дегелең» қоры жас ұрпақты отаншыл болуға шақыратын талай тындырымды істерді атқарған болатын. Соның бірі – Абыралы өңірі Қайнар ауылында «Ұлы Отан соғысына аттанған абыралылықтар» атты 1500 майдангердің есімі енгізілген мемориал, «Бабалар ерлігі – тәуелсіздік тірегі» атты Абыралы көтерілісіне қатысқан 258 адамның есімі енгізілген тарихи ескерткіш қойылды. Сонымен бірге, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 20 жыл толуына орай, полигон құрбандарына арналған ескерткіштің бой көтеруіне де осы қор себепкер болған. Енді, міне, мерейлі 25 жылдық аясында № 21 мектеп ұжымы мен кент ақсақалдары, белсенділерінің өтініші бойынша дәл осындай игілікті шаруа жүзеге асты.

— Елбасымыз өзінің мақаласында қазақстандық әрбір азамат шамасы келгенше туған ауылына, қаласына көмек қолын созуы керектігін жақсы атап өтті. Бұл —  өте жақсы бастама. Әрбір адам өз тарихын білгені дұрыс. Өткенді білу аға ұрпаққа көрсетілген құрметтің бірі деп түсінемін. Қан майданда от кешкен бабаларымыздың есімі жазылған тақта кентімізде бұрын да болған. Алайда уақыт озған сайын тозуына байланысты оны жаңарту қажеттігі туындады. Осыны ескере отырып, алдыңғы тақтада аттары жазылған, сонымен бірге ол тақтаға есімдері енбей қалған Жоламан кентінің ҰОС майдангерлерін топтастырып, жаңа мемориалдық тақтаға жаздырдық. Ал мектепте ашылған ҰОС-на қатысушы Мұқанбек Құрманбайұлының атындағы кабинет те жас ұрпаққа терең ой салады деген үміттемін. Тарихи тағылымды оқушылар бойына сіңіруде бұл кабинеттің рөлі ерекше. Менің ойымша, әр адам артына өшпестей із қалдыруы керек,- дейді Марат Серікжанұлы.

Ескерткіш тақтаның лентасын қию мәртебесі қала әкімі Ермак Сәлімов пен ҰОС ардагері, запастағы полковник Ғабдулғазиз Ахмеровке берілді. Тақта ашылысымен сөз алған шаһар басшысы Екінші дүниежүзілік соғыстағы көзсіз ерлікті өскелең ұрпақ ұмытпайтындығын айта келіп, жылдар жылжып, заман ауысқанымен, мәртебесі биіктей беретіндігін жеткізді.

— Қасиетті Жеңіс жолында соғыс майданындағылар мен тылдағы еңбек майданындағылар да қатар жүрді. Басқыншы жауға деген өшпенділік біздің аталарымыздың, әкелеріміздің бойынан табылып, олар ертеңгі келешек үшін жан аямады. Солардың қатарындағы 155 майдангердің есімі мына тасқа қашалып жазылған. Бұл біздің сол жауынгерлердің алдындағы перзенттік парызымыз. Мен Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасын қолдаған азаматтарға ризашылық білдіріп, алғысымды айтамын. Мұны Жеңіс қадірін түсініп, батырларын ұлықтау деп білемін. Балықтарыңызға тек жақсылық тілеп, егемен еліміздің еңсесі биік, келешегі кемел болсын деп тілеймін,- деді Ермак Бидахметұлы өз құттықтауында.

Бұдан кейін сөз алған Ғ.Ахмеров, соғыс өрті сөнгеніне ұзақ жылдар өтсе де, оның жанға салған жарасы әлі де жазылмағандығын айтып, сұм соғыстың қайталанбауын тіледі. Аталық ақ тілегімен бүгінгі ұрпаққа қарата ұлағатты сөз айтты.

Мемориал тақтаның ашылуына қатысқан көпшілік содан соң мектептегі Мұқанбек Құрманбайұлының атындағы тарихи тағылым кабинеті лентасының қиылуына да куә болды. Барлық қажеттіліктермен жабдықталған кабинетте 1916 жылғы ұлт–азаттық көтеріліс, 1931-1932 жылдардағы Абыралы көтерілісі, жауынгер Мұқанбек Құрманбайұлының өмірінен сыр шертетін деректерден бөлек, мектептің 25 жылдық тарихы да қамтылған екен.

Сөз орайы келгенде, кабинетке есімі берілген Мұқанбек Құрманбайұлы туралы да айта кетелік. Мұқанбек Құрманбайұлы қазақша-орысшаға жүйрік әрі арабша хат таныған сауатты, ақынжанды адам болған. Ол 1931-1932 жылғы Абыралы көтерілісіне қатысқаны үшін «үштіктің» үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген. Жазасын өтеп келісімен Семей ет комбинатында жұмыс істеп, қалада қалуға бел байлайды. 1941 жылы соғыс басталғанда, алғашқылардың бірі болып Мұқанбек те майданға аттанды. Алайда соғысқа дейін «халық жауы» болып жазаланғандар бәрібір де НКВД-ның қырағы бақылауынан тыс қалған жоқ. «Халық жауы» болып нақақ сотталғандардан құралған сарбаздар «Айыптылар батальоны» құрамында жауға қарсы қарусыз соғысты. Мұны Мұқанбек: «Алдымызда неміс солдаттары танкімен ентелейді, ал соңымызда НКВД мылтық тіреп отырады. Қалай боларын кім білсін?..»- деп үйіне жолдаған хатында да баяндаған екен. Осындай от пен оқтың ортасында жүріп қиянатты бастан өткерген айыптылар батальонында болғандардың тағдыры туралы күні бүгінге дейін нақты деректер жоқ. Талай боздақтың өмірін қиған сол соғыста Мұқанбек Құрманбайұлы да хабарсыз кетті. Араға жылдар салып Мұқанбек Құрманбайұлының есімі Жеңістің 50 жылдық мерекесіне орай жарық көрген «Книга памяти» кітабына да енгізілгенін айта кеткен жөн. Онда былай делінген: «Курманбаев Муканбет, рядовой. Родился в 1910 г. Воевал в составе 830 СП, 238 –СД. Погиб 28 ноября 1941 г. Похоронен в д. Даниловке» (128-бет) Сондай-ақ «Мемориал» сайты арқылы да жауынгер Мұқанбек Құрманбаев жайында біраз деректер анықталды. Қазіргі күнде жауынгер ұрпақтары М.Құрманбаевтың қайда қаза тапқанын нақты анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Егер іздестіру оң нәтижесін берсе, Марат Серікжанұлының бастамасымен жауынгер жерленген зиратқа туған жерінен арнайы топырақ жеткізіліп, марқұм аруағына Құран оқып қайту көзделіп отыр.

Бір қуантарлығы,  «Мемориал» сайтының анықтамасы мен «Книга памяти» кітабына енген деректердің сәйкес келетіндігі. Осы негізде елі үшін жанын пида еткен Мұқанбек Құрманбайұлының Волгоград облысының Даниловка селосы маңында қаза тапқандығы жөнінде болжам жасауға болады.

Тағдырдың қатаң сынын бастап өткеріп, елі үшін жанын қиған жауынгердің өмір жолы осы кабинетте білім алуға келген әрбір оқушыға ой саларына күмән жоқ.

Ермек ИСАБАЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

10.06.2026
101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шәкәрім университетінің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов пен дәстүрлі әнші Қайрат...

Толығырақ...Details

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

10.06.2026
Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

На пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций о предстоящем культурном проекте рассказали проректор по стратегии и социальному развитию Университета имени Шакарима...

Толығырақ...Details

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

10.06.2026
В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

В Департаменте полиции области Абай в рамках реализации Концепции по продвижению идеологии «Закон и порядок» на 2025–2030 годы состоялось мероприятие...

Толығырақ...Details

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

10.06.2026
«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 29 мамырда Астана қаласында «Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» тақырыбында дөңгелек үстел...

Толығырақ...Details

«Заң керуені» акциясы өтті

10.06.2026
«Заң керуені» акциясы өтті

«Заң керуені» көшпелі акциясы аясында құқық қорғау және облыстық мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған мобильді топ Семей қаласының тұрғындарына құқықтық көмек...

Толығырақ...Details

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

09.06.2026
Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымға орай шомылуға арналған 16 ресми орын белгіленіп, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді және қауіпті учаскелерде тәулік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

8 часов бұрын

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

8 часов бұрын

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

8 часов бұрын

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

8 часов бұрын

«Заң керуені» акциясы өтті

20 часов бұрын

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

1 день бұрын

Абай облысында инвестициялық жобалар саны төрт есеге артты

1 день бұрын

Абай облысында демалыс орындарының санитариялық жағдайы тұрақты қадағаланады

1 день бұрын

Абай облысында банкроттық рәсімін пайдаланғандар саны 2,4 мыңнан асты

1 день бұрын

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС