"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Көкөністің бағасы көк тіреп тұр

23.06.2017
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бау — бақшалардағы жеміс — жидек пен көкөніс піспей жатып, қала базарлары мен сауда орындарындағы бағалар көтеріліп тұр. Жергілікті билік бұған атүсті қарамай, алаңдаушылық білдіріп отыр. Апта басында шаһар басшысы Ермак Сәлімов кәсіпкерлік бөлім өкілдерімен бірлесе отырып бірнеше сауда нүктелеріне барды. «Наурыз», «Адал» сауда үйлері мен көтерме сауда базарына барған әкімнің негізгі мақсаты – картоп, сәбіз, сарымсақ, қырыққабат сынды әлеуметтік маңызы бар көкөністердің бағасына қатысты жағдайды білу.

Қала тұрғындарының көпшілігі көкөніс, жұмыртқа, ет бағасының өскендігін тілге тиек етті. Алайда «Наурыз» сауда үйінің әкімшісі қазіргі бағаға қосымша 10 пайыздық үстеменің енді қосылмайтынын айтып отыр. Осыған байланысты әкім де өз ойын ортаға салып, қазір көкөністі тасымалдаушылар мен сатушылар бағаны ұстап тұруға тырысып жатқандарын,  бізге жеткенше тауар бағасының қай жерде көтерілетінін анықтау керектігін айтты. Қазір картоп, сәбіз, сарымсақ, қырыққабаттың бағалары едәуір көтерілгені анық байқалып тұр. Солай бола тұрса да, қалалық кәсіпкерлік бөлім бағаны тұрақтандыру бағытында жұмыстар атқарылып жатқанын алға тартады.

— Көкөніске қатысты бағаны тұрақтандыру үшін жұмыстар жүргізілуде. Көршілес Ресейден, Өзбекстаннан көкөніс тасымалдаушыларды шақырып, біздің нарықта төмен бағада саудалауларын сұрап отырмыз. Олар бағаны көтермеуге тырысуда. Екі жақты меморандум бекіттік, бұл жұмыс былтыр да жүргізілген болатын. Жақын күндері өзіміздің шаруалардың өнімдері саудаға шығады. Алайда біз оған дейін бұл саланы тұрақтандырамыз. Көкөніс өнімдеріне қатысты мәселе біздің ғана облысымызда емес, бүкіл республика бойынша орын алып отыр,- дейді кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Айжан Хасенова.

Рейд барысында Ермак Бидахметұлы базарға да барды. Бір қызығы, семейліктердің көпшілігі сауда орталықтарындағы емес, базар сөрелерінде тұрған өнімдерді көбірек сатып алатын көрінеді. Оның басты себебі  тек бағасына ғана емес, сонымен бірге сапасына да қатысты болып шықты.

— Мәселен, «Солтүстік» сауда логистикалық орталығында баға да осы деңгейде, бірақ таңдау аз. Бастапқыда баға төмен болған, қазір өзге базарлармен бірдей. Кейде неге бұл жаққа келдім, одан да базарға барғаным дұрыс еді деп ойланып қаласың. Пиязды 200 теңгеге іздеп жүріп табасың. Саудагерлер елге арзанға бергенше, бұзыла берсін дейді. Мен кәсіпкерлік бөлім жұмысын жандандырғаны дұрыс дер едім. Арзан бағадағы көкөніс базарда ғана. Міне, қиярдың келісін 120 теңгеден осы жерден алдым,- дейді қала тұрғыны Альбина Чумачь.

— Картоп бағасы 120 теңгеден болған, қазір 300 теңге. Тіптен қаланың сол жағалауында сулы, крахмалы көп, бұзылған картопты 250 теңгеден саудалап жатыр,- дейді тағы бір қала тұрғыны.

Алайда қалалық кәсіпкерлік бөлім оған қарсы өз уәжін айтты.

— Өткен жылы картоп өте көп болды, базардағы бағасы төмендеп кетісімен, тұрақтандыру қорындағы картоп та өтіп кетті. Өткен жылы жиын–терін жақсы болды, нәтижесінде баға да қалта көтерерліктей еді,- дейді кәсіпкерлік бөлім басшысының орынбасары Бауыржан Юсупов.

— Бағаның өскенін жасыра алмаймыз. Бағаға қатысты біз мониторинг жүргізе алмайтын жүйе бар, салдарынан біз істің кілтипаны неде екенін соңына дейін білмейміз. Осыны ескере отырып, кәсіпкерлік бөлім осы бағытта жұмыс жүргізуі керек, сонда ғана бағаны бақылауға қол жеткіземіз. Екіншіден, бірнеше көкөніс тасымалдаушылар бірер күнде картоп, сәбіз, қырыққабат, пияздың бағасын түсіруге келісіп отыр. Бұл басқаларға да әсер етеді деп үміттенемін. Үшіншіден, шілде айының ортасынан бастап өзіміздің «Приречное» агрофирмасының өнімдері сатылымға шыға бастайды. Біз өз өнімдеріміздің барлық жерде саудалануына көмек жасауымыз керек. Көкөніс бағасына қатысты жағдай – маусымдық мәселе. Біз бірнеше тасымалдаушылармен жүздестік, меморандумдарға қол қойдық. Тіптен көкөніс жеткізуге қатысты Тараз қаласына дейін барып қайттық. Бүгінгі күннің негізгі сұрағы тасымалдаушылардың өз міндеттерін қалай орындайтынын бақылау,- дейді  Ермак Сәлімов.

Көкөніс бағасына қатысты сауалнама жүргізу барысында көптеген жерлестеріміздің арзан әрі сапалы өнімді базардан ғана алуға болады деген пікірде екеніне көз жеткіздік. Оның үстіне әр көкөніске сауда орталықтарында 10 пайыз үстеме қосатын болса, базарда 5 пайыз-дан артпайды. Оның бір себебі – көшеде саудалайтындар тұрған жеріне сауда орталықтарындағыдай ақы төлемейді.

Қала басшысы Чехов көшесіне де назар аударып, заңсыз саудамен айналысушылар жолды жауып, қозғалысқа кедергі келтіретінін атап өтті. Тәртіп сақшылары болса, қанша мөлшерде айыппұл салынғанына қарамастан, көшедегі бұл көрініс қайталана беретінін, алайда алдағы дүйсенбіге дейін көшені қалыпқа келтіретінін айтты.

Ермек ИСАБАЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

5 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

5 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

5 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

5 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

5 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

5 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

5 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС