"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ауыз су — әрбір аулаға

23.06.2017
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жоламан кенті тұрғындарының көптен күткен ауыз су мәселесі шешімін тапты. Осыған орай 20 маусым күні қала әкімі Ермак Сәлімов және қалалық мәслихат депутаты Мәрлен Көкірекбаев аталған кентке арнайы барып, тұрғындарымен жүздесіп қайтты.

Жоламан кентінің тұрғындары осыған дейін суды колонкадан тасып ішіп жүрген болатын. Ауыз су мәселесін жолға қою туралы тұрғындар өтінішіне құлақ түрген халық қалаулысы Мәрлен Көкірекбаев қалалық әкімдіктен көмек сұраған екен. Шаһар басшысы Ермак Сәлімов пен депутат Мәрлен Көкірекбаевтың араласуымен бүгінде аталған мәселе оң шешімін тауып, Жоламан кентіндегі үйлерге су құбыры тартылып жатыр.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, аталған кентте көп жылдар бойы ауыз су мәселесі шешілмей келген.

— Менің бала кезімнен бері бұл ауданда су мәселесі жолға қойылған емес. Осыған дейін тұрғындар айналдырған екі-үш колонкада кезекке тұрып, су тасып келді. Әсіресе қыс мезгілінде су тасу халыққа қиын болатын. Енді, міне, үйімізге су келіп, қуанып жатырмыз,- дейді зейнеткер Құсманжан Жұмабеков.

Жоламан кенті тұрғындарының кезекті өтініш-шағымын тыңдаған Ермак Бидахметұлы алдағы уақытта аталған ауданнан балалар ойнайтын алаң салу жоспары барын жеткізді.

— Біз, өкінішке орай, қаланың орталығын абаттандыруға көп көңіл бөліп, шет аймақтарды назардан тыс қалдырып жатамыз. Осы мәселелерді жолға қою үшін округ депутаттарымен жұмыс істеуді бастадық. Яғни қалалық мәслихат депутаттары өз округтерінің өзекті деген проблемаларын қалалық әкімдікке жеткізеді, ал біз тиісті мекемелер мен кәсіпкерлердің араласуымен қолдау көрсетуге тырысамыз. Бәсекелестікті арттырсақ, жұмыс жандана түседі деп ойлаймын. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын белсенді депутаттардың бірі Мәрлен Көкірекбаев бүгін, міне, халықтың қуанышына себепкер болып отыр,- деді тұрғындармен жүздесу барысында қала әкімі Ермак Сәлімов.

Тұрғындардың жер, тұрғын үй мәселесі бойынша қойған сауалдарына жауап берген Ермак Сәлімов «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы жаңа үй салуға болатынын да айтып өтті.

— Мемлекет ешкімге тегін тұрғын үй бермейді, тек жеңілдіктер қарастырған. Біріншіден, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  арқылы, екіншіден, «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы баспанаға ие болуға болады. «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы баспана салуға қаламызда 10 жер учаскесі анықталған. Бұл 3 кезеңде жүзеге асады. Бірінші кезеңде Ақсай, Ұшақтар, Комсомол кенттері қарастырылған,- деді қала әкімі.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

17.07.2026
Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар сауда нысандарын аралап, үш ай бұрын берген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Алдымен...

Толығырақ...Details

Семей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

17.07.2026
Семей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарының барысын барып көрді. Өңір басшысы құрылыс алаңындағы атқарылып...

Толығырақ...Details

Бородулихадағы орман өрті: облыс әкімі жағдайды әуеден бақылап, қосымша күштер тартылды

17.07.2026
Бородулихадағы орман өрті: облыс әкімі жағдайды әуеден бақылап, қосымша күштер тартылды

Абай облысының Бородулиха ауданында шыққан орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрт ошағындағы ахуалды бақылау үшін оқиға орнына облыс әкімі Берік...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

17.07.2026
Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасы түлектеріне диплом тапсырудың...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынды

17.07.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынды

Мемлекет басшысы трансұлттық цифрлық инфрақұрылым жасақтауға және ЖИ саласындағы саясатты өзара үйлестіруге қатысты бірқатар ұсынысты ортаға салды, деп жазды Ақорда...

Толығырақ...Details

Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ

17.07.2026
Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда Қазақстанның жасанды интеллектіні дамытудағы стратегиялық артықшылықтарына тоқталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президенттің пікірінше,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

2 дня бұрын

Семей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

2 дня бұрын

Бородулихадағы орман өрті: облыс әкімі жағдайды әуеден бақылап, қосымша күштер тартылды

2 дня бұрын

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынды

2 дня бұрын

Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ

2 дня бұрын

Тоқаев: Жасанды интеллект нарығы 2033 жылға қарай 5 триллион долларға жетуі мүмкін

2 дня бұрын

Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу салтанатына қатысты

2 дня бұрын

Адал қоғам — әр азаматтың жауапкершілігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС