"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Отбасы құндылығы және ұлттар татулығы

04.07.2017
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Отбасы құндылығы мен ұлттар арасындағы ауызбіршілік — бүгінгі Қазақстан қоғамының ең басты байлығы. Отбасы — шағын мемлекет екенін ескерсек, өскелең ұрпақтың бойына даритын ізгі қасиеттер ата–ана тәрбиесімен беріледі. Ал кең-байтақ қазақ даласын мекендеген өзге ұлттарға деген құрмет тәуелсіз мемлекетіміздің мызғымас тірегі бола бермек. Осы мақсатта Семей қаласында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қалалық Аналар кеңесі мен Қоғамдық келісім кеңесі аз ғана уақыттың ішінде ауыз толтырып айтуға тұрарлық іс бітіруде. Енді осы жұмысты ауылдық округтерде жандандыруды көздеген кеңес басшылығы қалалық Достық үйінде ауыл әкімдерімен арнайы жиын өткізді.

Жиынға Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина, ауыл әкімдері, қос кеңестің жетекшілері қатысты.

Қалалық Аналар кеңесі Семейде бұрын да болған. Алайда 2016 жылы оның құрамы қайта жасақталып, өз жұмысын жандандыра бастады. Негізінен, отбасы құндылығына басымдық беретін кеңестің, қаламен қатар, ауылдық жерлерде де өкілдері бар.

— Біз бірінші кезекте отбасы мәселесіне ерекше көңіл бөлеміз. Отбасылық, ұлттық  дәстүрімізді ұлықтап, сақтауға, бала тәрбиесіне бейжай қарамауға назар аударамыз. Кеңесімізге 17 адам мүше болып отыр. Олардың арасында мұғалім, дәрігер, психолог, ғалым сияқты мамандық иелері бар. Оның сыртында Семей өңіріне қарасты 15 ауылдық округте 76 кеңес мүшесі тағы бар. Ортақ жұмысымызда Елбасының алға қойған міндеттерін басшылыққа алып отырамыз. Өйткені Ұлт Көшбасшысының отандастарына қарата айтқан әрбір сөзінде ұрпақ тәрбиесі, жанұя жарастығы қалыс қалған емес. Бір ғана «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында кеңес жұмысымен үйлесетін орынды пікір, орамды ойлар жетерлік. Біздің ойымызша, отбасылық қысым көрсету, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарау, дін, экстремизм, терроризм мәселелері — қоғам дамуына кесірін тигізетін факторлар. Міне, біз осы көлеңкелі тұстарды күнгейлеп, дұрыс жол сілтеуіміз керек. Шаһарымызда бұл жұмыс бір ізге түсті, енді осы шаруамыз-ды ауылдық жерлерде лайықты дәрежеде жүргізсек дейміз. Аз ғана уақыттың ішінде оқу орындарын аралаған Аналар кеңесі мүшелері жастармен жүздесіп, отбасындағы ер мен әйелдің орны, бала тәрбиесі, үлкенді сыйлау, салт–дәстүрімізді жаңғырту сынды тағылым–тәлімді ақыл–кеңестерін беріп келеді. Бұл біздің болашағымыз үшін қажет,- деді  жиында қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Нағима Мойынбаева.

Семейдегі талай ұлттың ортақ ұясына айналған Достық үйінде құрылған Қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс істегеніне де 2 жыл. Ұлттар арасындағы бірлік, ата дәстүр, тіл мен мәдениеттің сақталуын, қоғамдық келісімді жақтайтын кеңес күні бүгінге дейін өз араларында 12 отырыс өткізіп үлгеріпті.

— Өткізілген 12 отырыста 22 сұрақ қаралды. Сондай–ақ кеңес жұмысының жоспары әзірленіп, алға қойған міндеттері айқындалады. Кеңес мүшелігіне қаламыздағы әртүрлі этномәдени бірлестіктердің басшылары кіріп отыр. Қандай шаруа болмасын ақылдаса, кеңесе жұмыс жасайтын біздер ұлтаралық араздықтың орын алмауына ерекше назар аударамыз. «Бармақ бірікпей, ине ілікпейді». Ортақ Отанымыз Қазақстанның кемел келешегі жолында барлық ұлт өкілдері бір арнаға тоғысқаны жөн. Семейде біз бір атаның баласындай ғұмыр кешудеміз. Қоғамдық келісім кеңесінің тағы бір жұмысы — атқарушы билік пен халықтың арасын жақындастыру. Бұл дегеніңіз — ел ішіндегі түрлі түйткілді мәселелерді кеңес арқылы тиісті орындарға, жауапты қызметкерлерге жеткізу. Қазір барлық ауылдарда Қоғамдық келісім кеңесіне адамдар сайланды. Олар ауыл–аймаққа беделді, елдегі өзекті мәселелерді көре білетін адамдар. Ендігі біздің ортақ міндетіміз – жұмысты бірлесе атқару,- деді қалалық Достық үйінің директоры Берік Көпбаев.

Жиында көтерілген осы сұрақтар жан–жақты талқыланып, ауыл әкімдеріне қажетті ақпараттар берілді. Сонымен бірге ономастикалық мәселелер бойынша қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі әзірлеген баяндама оқылды.

Ермек ИСАБАЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС