"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Кеңестің кезекті отырысы

04.07.2017
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бейсенбі, 29 маусым күні қалалық әкімдікте қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңеске қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина, ШҚО Колледж директорлары кеңесінің төрағасы Оралхан Сартаев, «Болашақ» қайырымдылық мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дулат Оспанғалиев және басқа да қоғам белсенділері қатысты.

Кеңес отырысының мақсаты – қаладағы оқу орындарында діни экстремизмнің алдын алу бағытында атқарылып жатқан тәрбие жұмыстарына қанығып, мәдениет мекемелерінің халыққа рухани-адамгершілік тәлім-тәрбие беру жөніндегі рөлін айқындау.

Алдымен қалалық мәдениетжәне тілдерді дамыту бөлі-мінің басшысы Назерке Ақ-қожинаның «Қалалық мәдениет мекемелерінің тұрғындар арасында рухани-адамгершілік тәрбие жұмысын жүргізу барысы туралы» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Назерке Мәулітқызының айтуынша, биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында қалада 201 мәдени іс-шара ұйымдастырылыпты. Бүгінде Семей қаласында 49 мәдени мекеме болса, оның 24-і  мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне тікелей қарасты.

— Жастарға рухани-адамгершілік тәлім-тәрбие беру – қазіргі қоғам-дағы ең маңызды міндеттердің бірі. Алаш қайраткері Мұстафа               Шоқай: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын азамат шықпайды»,- деп қадап айтқан  болатын. Қазіргі жастар тәрбиесіндегі басты мәселе – тұлғаны рухани дамытып, адамгершілікке тәрбиелеу. Осы бағытта 68 дөңгелек үстел, «Экстремистік бағыттағы жат діни ағымдардан қалай сақтануға болады?» деген тақырыпта 22 танымдық, 38 ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Сондай-ақ мәдениет мекемелерінің қатысуымен 10 кітап көрмесі, 14 рухани сабақ, 29 концерттік бағдарлама және бірнеше акциялар болып өтті. Осы орайда жастарға рухани тәлім-тәрбие беруде кітапханалардың орны ерекше екенін атап өткім келеді. Кітап жастардың білімін арттырып қана қоймай, сөйлеу мәдениетін дамытып, олардың бойында рухани құндылықтардың қалыптасуына игі әсер етеді. Бұл бағытта қала кітапханаларының ұйымдастыруымен мектеп оқушы-лары және кітапхана оқырмандары арасында «Қызықты кітаптар», «Дыбыстар мен әріптер», «Ойнайық та, ойлайық» атты тәрбие сағаттары өтті. Мұқыр ауылында ұйымдастырылған «Жасыл желекті Мұқыр» іс-шарасы аясында кітапхана қызметкерлерінің бас-тамасымен ауылға ағаш отырғызу акциясы өтті. Кітап күніне арналған «Кітапханаға кітап сыйла», «Білім көзі кітапта» атты республикалық шаралар да өз дәрежесінде ұйымдастырылды. Қала театрларында қойылған Уильям Шекспирдің «Ричард» трагедиясы, Исрайыл Сапарбайдың «Қызыл алма», Тази Гиззаттың «Башмак жоғалды» сынды комедиялары көрермен қызығушылығын тудырған спектакльдер болды. Қалалық Мәдениет сарайында жастарға арналған «Тек қана жұлдыздар» атты лауреаттар шеруі жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар облыстық деңгейдегі «Шығыс шамшырақтары», «Жас өрен», «Наурыз нақыштары» сынды айтыстар мен жыр мүшәйралары өткізілді. Үйірмелер жұмысы да жақсы жолға қойылған. Шаһардағы мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 225 үйірменің 3923 қатысушысы бар. Орталықтандырылған кітапхананың Шығыс кентіндегі бөлімшесінде қыз балаларға тәлім-тәрбие беру мақсатында «Ақжүніс» атты клуб жұмысын бас-тады. Себебі қыз – ұлттың ертеңі, болашақ ана. Сондықтан оларға дұрыс жол көрсету бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі болып отыр. Қалалық Мәдениет сарайында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Қыздар», «Үркер» ән студиялары, «Ақбота» би тобы жұмыс істейді. Олар облыстық «Страна звезд», «Шығыс жұлдыздары» және қалалық «Ақ көгершін», «Биле, биле, жас қайың» би байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ биыл алғаш рет Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған  «Мәдениет кер-уені»  атты үлкен жоба қолға алынды,- деді Н.Аққожина.

Келесі баяндама иесі ШҚО директорлар кеңесінің төрағасы, Семей қаласының Радиотехника және байланыс колледжінің директоры Оралхан Сартаев қала колледждерінде діни экстремизмнің алдын алу бағытында атқарылып жатқан тәрбие жұмыстарына тоқталып, өткізілген іс-шаралар барысын баяндаса, «Болашақ» қайырымдылық мекемесі  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дулат Оспанғалиев «Болашақ» және «Ертіс» қайырымдылық мекемелеріндегі тәрбие жұмыстары туралы айтып өтті.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан оқушылар мен студенттерді тұрғылықты орынмен қамтып, материалдық жағдайын жасап отырған  «Болашақ» қайырымдылық мекемесі 1998 жылдан, «Ертіс» қайырымдылық мекемесі 2010 жылдан жұмыс істеп келе жатыр. Бүгінде екі мекемеде өңірдегі 12-18 жас аралығындағы 100-ге жуық бала тәрбиеленуде.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС