"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҢЫР ӘУЛИЕ ҮҢГІРІ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕР ГЕОГРАФИЯСЫНА» ЕНДІ

12.09.2017
303
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай өңіріндегі Шыңғыс тауларының батыс жағында, Шаған өзенінің оң жағалауында ұзындығы 120 метрге жететін Қоңыр әулие деп аталатын үңгір бар. Сол үңгірдің ішіндегі көл суы сан ғасырдан бері ел-жұрттың тәу ететін киелі жеріне айналған. Емдік қасиеті бар осы жер асты суына түсу үшін еліміздің әр түкпірінен, тіпті шет елдерден келетін адамдар қарасы көп. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған «Қазақстанның киелі жерлері» географиясына енген «Қоңыр әулие» үңгірі мен Тарбағатай жеріндегі Ырғызбай ата кесенесіне 7 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов арнайы жұмыс сапарымен келді.

Осыдан екі ай бұрын облыс басшысы Даниал Кенжетайұлы «Қоңыр әулие» үңгіріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы қаржы бөлдірген еді. Сол тапсырманың орындалу барысымен танысу мақсатында тарихи мекенге келген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхамедті, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті Абай елі жылы рәуішпен құшақ жая қарсы алды. Алдымен «Қырықүңгір» және «Сарыкөл» қорымдарына жүргізілген зерттеу жұмыстарымен, ауданның киелі жерлер картасымен және «Туған жер» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстардың барысымен танысқан облыс басшысы мен «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары осыдан соң «Қоңыр әулие» үңгіріне келіп, мұндағы жөндеу жұмыстарына баға берді.

— Елбасымыз әрдайым ұлтымыздың ұлы ақыны Абай мұрасын қадірлеп, барша халықты оның өлеңдері мен қара сөздерінен өнеге алуға шақырып келеді. Президентіміз ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да Абай атамыздың бүкіл әлемдегі оқу, білім, мәдениеттің ең озық үлгілерінен үйрену жөніндегі өсиеттерімен өзектес. Ендеше, ұлы ойшылдың ізі қалған Қоңыр әулие үңгірі сияқты мекендер біз үшін нағыз киелі жер болуға тиіс. Туған жерге тағзым осындай қасиетті орындарды қадірлеп, қастерлеуден басталады.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Соның нәтижесінде көптеген тарихи ескерт-кіштер күрделі жөндеуден өткізіліп, халықтың тағзым ететін, отандық және шетелдік туристердің жиі келетін, қазақ тарихынан сыр шертетін киелі орындарға айналып отыр. Осындай игі істерді Елбасымыздың халқына тарту еткен тамаша сыйы деп қабылдауымыз керек», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Дертіне дауа іздеп, шипалы көл суына шомылу үшін алыс-жақыннан ағылатын туристер үшін үңгірдің бұрынғы жағдайы қолайсыздық тудырып келген еді. Үңгір ішінде шам болмаған, ал суға жету үшін адамдар қиыршық тастардың үстімен ылдилауға мәжбүр болған.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі қолға алған «Рухани жаңғыру» атты бес жылдық бағдарлама шеңберінде үңгір ішіне ұзындығы 120 метр болатын ағаш баспалдақ төселіп, демалыс орындары әзірленіпті. Этнографиялық белгілер қойылып, балбал тастар орнатылыпты. Біраз күн бұрын ғана қабырға тастарын мыңдаған жылдар бойы қақтаған ыс-күйеден тазарту барысында тасқа қашалып жазылған ертедегі таңбалар мен суреттер анықталған. Алдағы күндері осы таңбалармен қоса, жер астынан шығып жатқан көл суына зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Облыс басшысы білікті мамандарды жұмылдырып, бұл істі әрі қарай жалғастыратынын айтты.

«Қоңыр әулие» — Орталық Азиядағы ең үлкен үңгір саналады. Бір кездері қазақ пен қалмақ арасындағы тартыстардың бірқатары осы өңірде өткен делінеді. Соның бірі – Шаған шайқасы. Қабанбай батырдың ерлікпен көзге түсіп, Дарабоз атануы да осы тұста болған деседі. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге сенсек, Қоңыр әулие немесе Қыз әулие деп аталатын бұл үңгірді бір кездері 11-12 жас шамасындағы жас қыз мекен еткен. Үйінен қуылып, барар жер, басар тау таппаған қыз осы үңгірде ұзақ жылдар бойы тұрақтаған. Кейіннен ауыл ақсақалдары жиылып, қыздан кешірім сұрағанымен, үңгірге үйреніп қалған ол осы орынды тұрақты мекеніне айналдырыпты-мыс. Бұл шамамен 7-8 ғасыр бұрын болған оқиға деп топшыланады.

Жалпы, Қоңыр әулие деп аталатын үңгір еліміздің үш аймағында бар. Оның бірі — Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Жасыбай көлі маңында орналасса, біреуі  Қызылордада.

— «Қоңыр әулие» үңгірі — Қазақстандағы киелі орындардың бірі болып саналады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында үңгірге жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Болашақта туристік картаға енгізу жоспарланып отыр. Мұнда көбіне дертіне дауа іздеген жандар келеді. Суының ерекше суықтығынан ба екен, кейбір сал адамдар суға түскеннен кейін айығып кетіп жатады. Мүгедектер арбасын, зағип жандар көзілдірігін тастап кеткен жағдайлар да орын алды. Бәлкім, адамның сенімінің мықтылығынан да болар. Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір қалаларынан, Жапониядан келген туристер де бар, — дейді Абай аудандық мәдениет үйінің директоры Данияр Нұрпейісов.

Үңгір іші денені тоңазытатын салқын ауасымен ерекше. Ауыл тұрғындарының айтуынша, мұндағы температура қысы-жазы 7 градустан аспайды. Нысан «Абай ауданы мәдениет үйі» коммуналды қазыналық мекемесінің қарамағына берілгендіктен алдағы уақытта келушілердің қалтасына салмақ түсірмейтіндей баға қойылуы да мүмкін. Қазіргі күні үңгір маңында келушілерді қабылдайтын шағын  жатын орын мен асхана жұмыс істеп тұр. Келешекте қонақ үй салу ісі жоспарланып отыр.

Осы орайда, облыс басшысы Даниал Ахметовтің бастамасымен шығыста қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы айтып өтсек. «Рухани жаңғыру» бесжылдық бағдарламасы – «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» атты 4 ішкі бағдарламадан тұратын 61 жобаны қамтиды. Жалпы бюджеті 28 млрд теңгені құраса, биылғы жыл үшін 7 млрд теңге бөлініп отыр. Оның ішінде үш тілді білім беруді дамытуға, археологиялық зерттеу жұмыстарына, ішкі туризмді арттыруға  басымдық берілген. «Рухани қазына» ішкі бағдарламасы шеңберінде 19 өңірлік жоба жүзеге асырылады. Мұның ішінде «Көне қазына», «Шығыс Қазақстан інжу — маржаны» жобалары да бар.

«Қоңыр әулие» үңгірі мен Ырғызбай ата кесенелерінің жөндеу жұмыстары енген «Көне қазына» жобасы аясында Берел — Шілікті кешендерінде археологиялық қазба жұмыстарын жандандыру, Шілікті кешеніне әйнектен саркофаг тұрғызу, «Тархан геологиялық қиығы» ашық аспан астындағы музейін ашу жоспарланып отыр. Барлық жәдігерлер Өскеменде бой көтеретін археология және заманауи өнер музейіне қойылмақ.

Өткен жылы Еуразия ұлттық университеті мен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкерлері және Ұлттық музей қызметкерлері осы Абай өңіріндегі «Қырықүңгір» және «Сарыкөл» қорымдарына жүргізген зерттеу жұмыстарын тамамдаған болатын. Зерттеу жұмыстары барысында қорымнан ерте темір дәуіріне, қола дәуіріне жататын жәдігерлер мен құрал-жабдықтар, жебе ұштары, қайрақ, күміс айна, барыс бейнелері, сүйек сыбызғы, сондай-ақ ер адамның сүйегінің төменгі жағынан 140 және әйел адамның қорымынан 137 асық табылған екен. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед осы жәдігерлермен танысу барысында табылған дүниелердің өте құнды екеніне айрықша тоқталды. Шәкәрім Құдайбердіұлы тұтынған үккіш пен белдік, ойшылдың сүйегі салынған чемодан, сондай-ақ көне жәдігерге жататын сүйек сандық пен төсек те назарға ұсынылды.

«Қоңыр әулиеге» жүргізілген жұмыстар нәтижесіне Даниал Ахметов оң бағасын беріп, аудан басшылығына мәдени-рухани сала бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұдан әрі Мұхтар Құл – Мұхаммед пен Даниал Ахметов Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай ата кесенесіне барып, кесенеге жүргізілген жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

13.07.2026
Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Мақаншы ауданында «құрғақ порт»...

Толығырақ...Details

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

13.07.2026
Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылындағы «Тарбағатай» жазғы сауықтыру лагері биыл да балаларға есігін айқара ашты. Мұнда аз қамтылған және әлеуметтік...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

13.07.2026
Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

Абай облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мақаншы ауданында 2026–2027 оқу жылында жалпы 4549...

Толығырақ...Details

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

12.07.2026

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

12.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

2 дня бұрын

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

2 дня бұрын

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

3 дня бұрын

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

3 дня бұрын

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

3 дня бұрын

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

3 дня бұрын

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

3 дня бұрын

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

3 дня бұрын

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС