"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АТЫРАУДАН МАХАББАТПЕН»

18.09.2017
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейге «Атыраудан махаббатпен» көрмесі жетті. Жұма,15 қыркүйек күні Невзоровтар отбасы атындағы өнер музейіне Атыраудағы Шаймардан Сариев атындағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейінің қызметкерлері арнайы келіп, көркемөнер музейінің 25 жылдығына арнап «Атыраудан махаббатпен» атты жылжымалы көрме жұмысын ашты.

Көрменің ашылу салтанатына Атыраудағы Шаймардан Сариев атындағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейінің директоры Төлеген Орынбасарұлы, қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қала прокуроры Марат Турубаев қатысты. Жақсыны көрмекке дегендей, бұл көрмеден қала тұрғындары мен мектеп оқушылары, студенттер де қалыс қалмады.

Көрмеге қойылған туындылардың тең жартысы — Шаймардан Сариевке тиесілі. Оның суреттерінің дені отбасы мүшелері мен достарының, таныстарының портреттерінен құралған. Сонымен қатар Қали Айтқалиев, Қамбарбек Аманов, Абай Айтмағамбетов, Жоламан Аралбаев, Айсы Отаралиев, Нұрсұлтан Қалиев, Аманат Назарқұл, Перизат Есназарова сынды басқа да атыраулық суретшілердің кескіндемелік жұмыстары мен сәндік-қолданбалы өнер туындылары көрмеге қойылды.

Атыраудағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейі 1992 жылы ашылған. 1999 жылы Қазақстанда мұнайдың 100 жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында облыс әкімі музейге «ҚазақОйл» Ұлттық мұнай компаниясының қаржысына қайта жөндеуден өткен ғимаратты ұсынады. ҚР Үкімет басшысының қаулысына сәйкес, музейге 2005 жылы ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Шаймардан Сариевтің есімі берілген екен. Содан бері музей өз жұмысын жандандырып, аймақтағы мәдени ағарту орталығы міндетін сәтті атқарып келеді. Мұнда өткен дәуір мен қазіргі дәуір шеберлерінің жарқын туындылары қамтылған. Музей қорындағы жалпы экспонаттардың саны 2000-нан асатын көрінеді.

— Шаймардан Сариев атындағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейі биыл өзінің 25 жылдығын және Шаймардан Сариевтің 80 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Осы қуанышты әріптестерімізбен бөлісу мақсатында батыстан ат арытып Семей қаласына арнайы келіп отырмыз. Себебі Семей қаласы — өнер мен мәдениет тұнған тарихи шаһар. Қазақтың кең байтақ жері — бәрімізге ортақ. Сондықтан әркім өз қазанында қайнай бермей, мүмкіндік болса жер көрген, ел көрген, әрине, жақсы. Невзоровтар атындағы өнер музейі туралы жақсы пікірлерді осы уақытқа дейін көп естіп келген едік. Шынында да, музей құнды ескерт-кіштерімен, тамаша туындыларымен, көне ғимаратымен ерекше екен. Ұсынысымызды бірауыздан құп алып, жылы шыраймен қарсы алған музей директоры Татьяна Стромскаяға алғысым зор. Невзоровтар отбасы атындағы өнер музейімен  әріптестік және шығармашылық байланысымызды алдағы уақытта нығайта түспекпіз, — дейді Шаймардан Сариев атындағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейінің директоры Төлеген Орынбасарұлы.

Осы орайда Шаймардан Сариев жайлы аз-кем айтып өтсек. Шаймардан Сариев (1937-1988 жж.) – Атырау облысы Махамбет ауданы Забурунье ауылының тумасы. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін, Харьков көркемөнер институтын тамамдаған ол алпысыншы жылдары таныла бастаған С.Айтбаев, А.Садыханов, Т.Тоғызбаев, О.Нұржұмаев, М.Қисаметдинов, Б.Тәбиев, Т.Досмағанбетов сынды суретшілермен үзеңгілес. Олардың шығармашылық ізденістері батыс және шығыстағы кескіндеме дәстүрлерін зерттеуге және синтездеуге бағытталған.

«Атыраудан махаббатпен» көрмесі наурыз айында Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы музейінде және Атырау облысының мәдениет күндері шеңберінде «ЭКСПО-2017» көрмесінде көрсетілген екен. Бүгінде Шаймардан Сариев атындағы қолданбалы және сәндік көрмелер музейі тың идеялардың бастамасы болып отыр. Музей облыс суретшілерінің және Қазақстан шеберлері туындыларының жылжымалы көрмесін жиі ұйымдастырып тұрады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, Семей таңы

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС