"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА КҮНІН ҚАЛАЙ ӨТКЕРДІК?

26.09.2017
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Семей жұртшылығы қала күнін кең көлемде атап өтті. Күннің суықтығына қарамастан, айтулы мерекені бір кісідей өткеруге Ертістің оң жақ жағалауы бойына келген семейліктердің көңіл-күйі көтеріңкі. Қар мен жаңбыр аралас жауған бұршақты жауынды бәз біреулер өздерінше жақсылыққа жорып жатты.

Салтанатқа жиналған жұртшылықты қала күнімен құттықтауға шаһар басшысы Ермак Сәлімов келіп, ізгі тілегін жеткізді.

— Ерке Ертістің бойындағы асқан рухтың, тарлан тарихтың, ынтымақ пен достықтың киелі мекені – қарт Семейдің мерекесі құтты болсын! Биылғы жыл бәріміз үшін ерекше. Ел рухани жаңғыруға қадам басты. Алаштың дәстүр тойын тойлап, Әлиханды тұғырына қондырдық. Тарихты түгендеп, болашаққа бағдар жасадық. Мұның барлығы уақыт өлшемі, заман талабына сай қабылданған игі шаралар. Биылғы жыл Семей үшін табысты болды. Қаланың көркі кірді, рухы оянды. Экономикасы да жақсарып келеді. Семей – ірі транспорттық-логистикалық орталық. Ертістің флорасы мен фаунасы біздің ортақ дәулетіміз. Қаланың басты байлығы – бұл қала тұрғындары. Семей өлкесі тау тұлғаларға бай екенін бүкіл ел біледі. Киелі Семей топырағы Абайдай дананы, Мұхтар мен Шәкәрімді сыйлады бізге. Біздің қалада Алашорда үкіметінің негізі қаланды. Семейліктер адамзат тарихындағы жойқын жарылыс – ядролық сынақ палигонының ащы дәмін татып, оның ауыр зардабын тартты. Міне, бүгінде Ұлт Көшбасшысының сарабдал саясатының арқасында бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Ел президентінің, Үкіметтің және облыстық әкімдіктің қолдауымен сүйікті қаламыздың келбеті заман талабына сай ажарланып келеді. Көздің жауын алатын тұрғын үйлер бой көтеріп, жаңа технологиямен көше жолдары жөнделуде, коммуникация жүйесі де ретке келтіріліп жатыр, саябақтар абаттандырылуда. Қала дамуы-                                                                                      ның даңғыл жолында аз жұмыс істелген жоқ. Дегенмен, алдағы уақытта атқарылатын шаруалар да аз емес. Алдымызда құт қонған қасиетті өлкені одан әрі дамыту міндеті тұр. Бұған бәріміз бір кісідей жауаптымыз. Жауапкершілік, сыйластық, қолдау көрсету және мақсатқа жету қасиеттері бойында бар семейліктер азаматтық позициясын нық ұстап, Семейдің өсіп-өркендеуіне белсенді түрде ат салысады деп риясыз сенемін. Қала күні құтты болсын, қымбатты жерлестер! Ісіміз оңға басып, табысты болайық. Баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт, мағыналы ғұмыр тілеймін, — деді өз сөзінде Ермак Бидахметұлы.

Семей қаласының тұрғыны Ришат Нұриахметов еліміздегі броньды техникаларды күрделі жөндеуден өткізетін, конверсиялық дөңгелекті техниканы дайындайтын бірден бір мекеме «Семей Инжиниринг» АҚ-да 1987 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның қос баласы Ельдар және Рифхат Нұриахметовтер де осы жерде еңбек етеді. Осы орайда қала әкімі Ермак Сәлімов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан Нұриахметовтер отбасына сый-сияпатын тарту етті. Сол сияқты қаладағы «Қазполиграф» ЖШС-нде 97 жыл еңбек етіп келе жатқан Надежда Слухайға да құрмет көрсетілді.

Сән-салтанатымен өткен мерекелік шара барысында қаламыздың мәдени дамуы мен көркеюіне ерекше үлес қосып келе жатқан әр сала қызметкерлерінің жеткен жетістіктері айтылып, олар Ертіс жағалауындағы алаңда шерулетіп жүріп өтті. Қолөнер шеберлерінің, шаруа қожалықтары мен жергілікті тауар өндірушілердің, қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітаптар көрмелері шараның көрігін одан әрі қыздыра түсті. «Семей шежіресі» деп аталған кітап көрмесіне қаланың тарихынан сыр шертетін, Алаш тақырыбында 100-ден астам кітап қойылған. Олардың дені Несіпбек Айтов, Тұрсын Жұртбай, Төкен Ибрагимов, Мұратбек Оспанов, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Мұрат Сұлтанбеков сынды бала мінезін туған жердің бал-бұлағына қандырған өзіміздің жерлес ақын-жазушылардың қаламынан туындаған шығармалар.

— Қала тұрғындары мен қонақтарын бүгінгі айтулы мерекемен құттықтағым келеді. Күздің қара суығы білінсе де, мерейлі мезет жүрегімізге жылу ұялатты. Береке — бірліктің негізінде өткізіліп жатқан шара біздің ұлт ретінде ұйысуымызға өзіндік ықпалын тигізді. Семейіміз күн санап көз алдымызда өсіп, ілгері қарай жылжып келетіні қуантады. Әрбір жанұяға бақыт, толағай табыс тілеймін, — деген ізгі лебізін арнады қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Назгүл Дәулетказина.

Назарбаев зияткерлік мектебінде білім нәрімен сусындап жүрген білімпаз оқушылардың қолөнер бұйымдары да менмұндалап тұрғандай. Он саусағынан өнер тамған жас шеберлердің ағаштан, қыштан, моншақтардан жасаған тундылары мен батик тәсілімен А1 форматында салынған суреттері алыстан көз тартады.

Қала күні мерекесінде Семейдің кішкентай тұрғындары да назардан тыс қалмады. Орталық демалыс саябағында бүлдіршіндер үшін «Балалық шақ қаласы» атты шара ұйымдастырылып, олар ертегі әлеміндегі таңғажайып ке-йіпкерлермен жүздесті. Мәз-мейрам болған балалар түрлі-түсті борлармен асфальт бетін суреттермен көмкерді. Сонымен қатар мұнда Семей қалалық Достық үйінің тұңғыш ұйымдастыруымен «Бауырсақ battle», яғни «Бауырсақ шайқасы» өтті. Бауырсақ пісіру және оны жылдам жеу жарысына қаладағы Бизнес және сервис колледжі, Шығыс Қазақстан технологиялық колледждерінде аспаз мамандығында оқитын студент жас-тар қатысты. Дәмі тіл үйіретін ең дәмді бауырсақты шараны тамашалауға келген меймандар таңдап, жас мамандарға тиісті бағасын берді. Шара қатысушыларына естелік сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, бұл күні «Қазақстан теміржолы» бекеті алдындағы Қабанбай батыр ескерткіші алаңында, 72-ші шағын аудандағы Революция, азаматтық соғыс батырларының ескерткіші маңында, «Көктем» сауда үйі алдында, қалалық Офицерлер үйінде де  концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Сон-дай-ақ, арбатта «Менің қалам» атты фотосуреттер көрмесі, мәдениет сарайында «Семейім – Алаштың астанасы» ақындар айтысы өтті. Семей тұрғындарының басын біріктірген шара өнер ұжымдарының қатысуымен гала-концертпен жалғасып, соңы мерекелік отшашумен аяқталды.

Жібек СЕРҒАЗЫ,

Айкерім ҚИЫҚБАЙ

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС