"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛ ЕРТЕҢІ СЕНІМДІ ҚОЛДА

03.10.2017
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жұма, 29 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша 500 сайлау учаскесінде ШҚО жастар мәслихаты депутаттарының сайлауы өтті. Семейдегі төрт жоғары оқу орны мен 28 колледждің белсенді студенттері де маңызды шарадан шет қалмай, өз үміткерлігін ұсынды.

Жастар мәслихаты депутаттарының сайлауын ел тарихында алғаш рет Шығыс Қазақстан облысы қолға алып отыр. Облысымыздағы барлық аудандар мен қалаларда сол күні таңғы тоғыздан сайлау басталып, сайлауалды бағдарламаларын ұсынған 1000-ға тарта үміткер бағын сынады.

Семей қаласы бойынша 94 студент ШҚО жастар мәслихаты депутаттығына үміткер болып тіркелген. Сайлау үш түрлі форматта ұйымдастырылды. Дәстүрлі, ашық дауыс беру форматынан басқа, онлайн дауыс беру және әлеуметтік желі арқылы дауыс беру жүйелері де қолға алынған. Семей қаласы бойынша 4 үміткердің кандидатурасы әлеуметтік желі арқылы дауыс беру жүйесімен анықталды.

— Бүгін Шығыс Қазақстанның жастары үшін ерекше күн, тарихи сәт деуге болады. Шығыстың жастары тұңғыш рет жастар мәслихаты депутаттығына сайлау өткізіп жатыр. Жастар мәслихатын құрудағы мақсатымыз – жастардың қоғамдағы азаматтық белсенділігін арттырып, жастар арасындағы түйіні шешілмеген мәселерді өздерінің шешуіне ықпал ету. Ең басты мақсатымыз — жастардың кадрлық резервін даярлау. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 1 ай көлемінде жүрді. Бізді қуантатыны —  жастар өте белсенді және сауатты жұмыс істеуде,- дейді ШҚО ішкі саясат басқармасының жастар ресурстық орталығы директоры Арайлым Есімбекова.

Болашақтың тізгінін ұстар белсенді жастар осылайша ел тарихындағы маңызды сәттердің біріне үн қосып, ел игілігіне жұмыла жұмыс жасамақ ниетте. ШҚО жастар мәслихаты депутаттығына үміткер жастардың бірі — Семей мемлекеттік медицина университетінің студенті Ернұр Өртбаев.

— Мемлекет тарапынан жастар саясатына баса көңіл бөлініп жатыр. Елбасымыз айтқандай, болашақ  жастардың қолында. ШҚО жастар мәслихатына депутаттыққа сайлану арқылы жастар өзіне жүктелген жауапкершілікті түсініп, азаматтық көзқарасы қалыптасқан тұлғаға айналады деп ойлаймын. Өткенге көз салсақ, жиырма жасында мемлекет мінберінде жүрген қазақ жастары аз болмаған. Облысымызда алғаш рет қолға алынып отырған осы игі бастаманың нәтижесінде жастардың қоғамдағы рөлі нығайып, белсенділігі жандана түсетініне сенімім мол, — дейді Ернұр Өртбаев.

Сайлау қорытындысына сәйкес, ШҚО бойынша 409 үміткер жастар мәслихатының депутаттығына сайланды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС