"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ

05.10.2017
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдің №1 құрастырмалы темір-бетон өндірісі бірлестігінің еңбек ұжымының бастамасымен, сол бірлестікте ұзақ жылдар бойы басшылық еткен, еліміздің құрылыс саласына өлшеусіз үлес қосқан жерлесіміз, Халық қаһарманы Аким Атмачиди тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Ескерткіш тақтаның ашылуына қалалық мәслихат депутаттары, Аким Атмачидидің бірге істеген қызметтестері мен көзін көрген замандастары қатысты.

Аким Атмачидидің Шығыс Қазақстан облысының, жалпы еліміздің гүлденуі жолындағы ерен еңбегі, қосқан сүбелі үлесі зор екені ескерткіш тақтаның ашылуына жиналған қауымның жүрекжарды лебізінде айтылып жатыр. Өкініштісі сол, тек өткен шақта. Семейдің №1 құрастырмалы темір-бетон бірлестігі директорының орынбасары Бекболат Мусин:

— Аким Ивановичтің 45 жыл еліміздің, соның ішінде Семейдің құрылыс индус-триясына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Грек ұрпағынан тараған, қазақ топырағынан нәр алған Аким Атмачиди абыройы асқақ, беделі биік азамат болған. Ол өз ісіне адал, халқын сүйген нар тұлға еді. Аким Иванович басшылық еткен Семейдің №1 құрастырмалы темір-бетон өндірісі бірлестігі тарапынан мектеп, балалар бақшасы, балалар үйі сынды бірқатар әлеуметтік маңызы зор нысандарға материалдық тұрғыда көмек берілді. Біздің мекемеде еңбек еткен әрбір жұмысшы баспанамен қамтылды. Мұның барлығы Аким Атмачидидің өз жерлестеріне деген қамқорлығын, жанының жомарттығын айқын аңғартып тұр, — деп еске алды.

Ескерткіш тақтаның ашылуына келген Аким Ивановичтің көршісі, жазушы Медеу Сәрсеке де Халық қаһарманы туралы ұмытылмас естеліктерімен бөлісті.

— Біз Аким Ивановичпен бір үйде, бір подъезде ұзақ жылдар бірге тұрдық. Ол жаны жайсаң, пейілі ақ, көңілі кіршіксіз, өте мейірімді жан еді. Бойындағы бар күш-жігерін елдің ертеңі үшін сарп еткенімен, өз жанұясына адал отағасы болғанын бәріміз жақсы білеміз. Өмірлік жарының, кейін баласының жарық дүниеден өткені Акимнің қабырғасын қайыстырды. Өмірінің соңғы жылдарында орын алған мұндай ауыртпашылықты көтере алмағаны рас. Мен Аким Ивановичті ешқашан ұмытпаймын,- дейді қабырғалы қаламгер Медеу Сәрсеке.

Игі бастаманы қолға алған Аким Атмачидидің қызметтес жолдастары алдағы уақытта Семей қаласының халық қалаулыларының қарауына Аким Ивановичтің есімін қала көшелерінің біріне беру туралы ұсыныс жасамақ ниетте екен.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС