"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРЕКШЕ ТАРТУ

05.10.2017
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайына Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кристиан Камилл арнайы келді. Швеция елшісі мұражайға швед суретшісі Туве Крабоның «Полигон-1» деп аталатын туындысын салтанатты түрде табыс етті.

Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен 2015 жылы Астанадағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында «Мәдениет арқылы тілдесу» атты халықаралық жоба аясында Туве Крабоның «Түзелмейтін қателік: алғашқы найзағай» тақырыбындағы жеке көрмесі ұйымдастырылған еді. Өткен жылы бұл көрме Семейде жалғасын тапты. Көрмеде Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен жабылған Семей ядролық сынақ полигонының адамзатқа, қоршаған ортаға тигізген зардабын көрсетуге арналған жұмыстар сериясы ұсынылған еді. Қазіргі таңда ол көрме Астанадағы ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында сақтаулы. Ал мәртебелі мейманның арнайы әкелген туындысы аталмыш көрменің бір бөлшегі деуге болады. «Көбіне өз образдарымды әлеуметтік желіден аламын. Олардың басым бөлігі — адамзат трагедиясы мен экологиялық зардап шеккен орындар. Мен қазіргі қоғамдағы апатты оқиғалар ағымы адамзатты мейірімсіз ете ме деп қорқамын. Оларға қасірет әкелетін құбылыстар мен оқиғаларға жаңа, шынайы мән-мағына беретін жанашырлық пен түсіністік секілді сезімдерді бейнелеу өнері арқылы қайтарғым келеді»,- депті Туве Крабо былтырғы жылы Семейде өткен көрмесінде. «Полигон-1» туындысында 1949 жылғы 29 тамыздағы Семей ядролық сынақ полигонындағы ең алғашқы жарылыстың бейнесі берілген. Елші Кристиан Камиллдың айтуынша, Қазақстан мен Швеция елдерін етене жақындататын ортақ көзқарас бар, ол — ядролық қарусыз әлемді қолдауы.

— Нұрсұлтан Назарбаев біздің ел — Швециямен ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән беріп келеді. Ядролық қарусыз әлем құру – біздің ортақ мақсатымыз. Қырық жыл бойы қасірет әкелген Семей ядролық сынақ алаңын жапқан Қазақстан Президентінің сындарлы саясатына, ядролық қарусыз әлемді құрудағы ұшан – теңіз еңбегіне құрметпен қараймыз, — деді Кристиан Камилл.

Шара соңында мұражай директоры Татьяна Стромская Швеция елшісіне алғысын айта келіп, мұражай қорына қосылған туындының орны бөлек екенін жеткізді.

Айкерім ҚИЫҚБАЙ, Семей қаласы.

 

Ұқсас жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

06.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы...

Толығырақ...Details

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

06.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас...

Толығырақ...Details

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

04.07.2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Әділет» партиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға толықтай дайын екенін мәлімдейді. Біз бұл сайлауды жаңа Конституцияны іске асырудың және Қазақстандағы демократиялық...

Толығырақ...Details

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

04.07.2026
Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

Semeytany.kz – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасымен өткен республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы өз жұмысын аяқтады. Алты айға жуық уақытқа созылған...

Толығырақ...Details

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

04.07.2026
Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Абай атындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ұйымдастырылды. Аталулы шара Ұлттық домбыра...

Толығырақ...Details

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

03.07.2026
Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

Бүгін Курчатов қаласында қуаты 700 Мегаватт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті. Маңызды шараға облыс әкімі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

20 часов бұрын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

20 часов бұрын

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

3 дня бұрын

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

3 дня бұрын

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

3 дня бұрын

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

4 дня бұрын

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

4 дня бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

4 дня бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

5 дней бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС