"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДӘУІРДІҢ ДАРА ПЕРЗЕНТІ

10.10.2017
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлы Абайды халқымен қауыштырып, әлемге қазақ баласын танытқан кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл. Мұхтар тойы ел тойына ұласып, әртүрлі танымдық іс-шаралар өтуде.

Жарма жаңалықтың жаршысына айналғандай. Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықовтың бастамасымен, ұлы тұлғаның мерейтойына орай, ауданға қарасты Әуезов кентінде жазушының еңселі ескерткіші бой көтерді. Ескерткіш өткен сенбі күні салтанатты түрде ашылды.

Ескерткіштің ашылуына заңғар жазушының ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, абайтанушы, философ, ғалым, қоғам қайраткері Ғарифолла Есім, абайтанушы ғалым Арап Еспенбетов, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Мейір Ескендіров, «Семей таңы – Вести Семей газеттері» ЖШС-нің директоры Риза Молдашева сынды құрметті қонақтар қатысты.

Салтанатты жиын Мұрат Әуезов пен Ғарифолла Есім бастаған құрметті қонақтардың ескерткішті ашуымен бастауын алды. Биіктігі 5 метрге жуық мыстан құйылған мүсін тарихи тұлғаның өмірлік ұстанымын ашып тұрғандай. Бұл жас мүсінші Нұрбол Қалиевтің сәтті шыққан туындысы десек, артық айтқандық емес.

Рухани тағылымы мол, тәлімдік танымы жоғары шараны ашқан аудан әкімі Нұрлан Сыдықов жиылған қауымды құттықтап, қолға алған бастамалы істің түпкі мәні мен мағынасына тоқталды. Бақыршық аталған кентке алаш ардақтысының есімі сонау 1967 жылы берілгенін атап өтті.

— Әуезов үні, Әуезов дәстүрі, Әуезов мектебі бірнеше ұрпаққа рухани күш, демеу болып, ізгілікке шақырып келеді. Уақыт озған сайын жазушы мұрасының маңызы арта түспек. Өйткені оның терең ойлы, көркемдігі жоғары туындылары адамзат дүниесіне тән мәңгілік құндылықтарды паш етеді. Сондықтан Әуезовтей ғұлама жазушы шығармаларынан нәр алған ұрпақтың санасы сергек, ойы озық, рухы мықты болмақ. Бүгінгі іс-шара да осы мақсатты көздейді,- деді Нұрлан Сыдықов.

Ескерткіштің бой көтеруіне жырақта жүрген атымтай жомарт азамат Оразхан Қалиев демеушілік жасағанын Нұрлан Бәтташұлы айрықша атап өтті. Әлбетте, жақсының жақсылығын айту парыз. Ескерткіштің ашылуына арнайы келген барлық құрметті меймандарға жармалықтардың атынан алғыс айтқан аудан әкімі қазақы дәстүрмен қаламгердің ұлы Мұрат Әуезовтің иығына шапан жауып, астына ат мінгізді. Туған жерді сүюдің үлгісін көрсеткен Оразхан Қалиевке Жарма ауданының Құрметті азаматы атағын табыс етті.

Оразхан Қалиев — Әуезов кентінің тумасы. Азаматтың бұл қадамы туған өлкесіне деген алғашқы қолдауы емес. Бұған дейін де оның демеушілігімен кентте жаңадан үлкен мешіт салынып, соғыс ардагерлеріне арналған ескірткіш монумент бой көтерген болатын.  Атымтай азамат бүгінде Ресейдің Ханты-Мансий автономиялық округінің Сургут қаласындағы «ЮганСтройТранс» мекемесінің бас директоры қызметін атқарады. Жырақта жүрсе де кіндік қаны тамған жерін жадынан шығарған емес.

Жарма халқына алғысын жеткізген Мұрат Әуезов ерекше толқыныспен тебірене сөйледі.

— Бүгін қасиетті Жарма жерінде ұрпаққа тағылым боларлық оқиға өтуде. Мұхтар Әуезов есімін үлкен құрметпен еске алып, ескерткіш орнатып жатқандарыңызға мың да бір рақмет айтамын. Мүсіншіге ерекше алғысымды білдіремін. Қараңыздаршы, қандай ғажап! Ой да бар, мұң да бар. Әкеміздің көптеген ескерткіштерінің арасынан ойып тұрып орын алады. Мен үшін енді Әуезов кенті үлкен мәнге ие болды,- деді асылдың сынығы Мұрат Мұхтарұлы.

Абайтанушы, қоғам қайраткері Ғарифолла Есім  игілікті істердің бастауы болған киелі мекеннің осынау жетістігінің алдында басын иетінін жеткізді.

— Мұрат Әуезов «ұлыларды құрметтейтін халықтың өзі ұлы халық» деген жақсы сөз айтты. Сіздерге бас иеміз. Ескерткіш өте сәтті шыққан. Мұндай мүсін Астанада да, Алматыда да, Семейде де жоқ. Ұлы жазушы осы мүсіні арқылы «Абай жолымен» жүрейік дейді бізге. Абай жолы – халықты даналыққа бастайтын, жақсылыққа, ырыс-берекеге, молшылыққа апаратын жол. Абай жолында болайық, Абайды оқиық. Ұлыларымызды ұлықтап, кемеңгер Мұхтардың есімін жаңғыртып отырған Сіздер де кемеңгерсіздер,- деп лебізін білдірді.

Жарма халқының атынан сөз алған еңбек ардагері Бекен Билейішқызы тарихи тұлғаның ескерткіші жазушы есімімен аталатын кентте бой көтергені орынды іс болғанын айта келе, Мұхтар рухына арнауын оқыды.

Ғалым Арап Еспенбетов:

— Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жармалықтардың іске асырып жатқанын көреміз. Ұлы Абайдай данышпанды тәрбиелеген Зере әжейге, айтыскер ақын Қалихан Алтынбаевқа да ескерткіш орнатылды, енді, міне, Әуезовтің ескерткіші менмұндалап тұр. Үлгі аларлық үлкен іс атқарылды,- деді.

Демеушілік жасап, жерлестерінің алғысына бөленген Оразхан Қалиев:

— Заңғар жазушыға ескерткіш орнату арқылы ұлы тұлғаға деген құрметімізді танытып отырмыз. Қаламгердің шығармаларының бүгінгі және келешек ұрпақтың рухын көтеруде алар орны ерекше. Білім алып, өсіп-жеткен туған жерімдегі осындай маңызды жобаға атсалысып, ізімді қалдырып отырғаныма мен өте қуаныштымын. Шын ниетпен атқарылған бастама қашанда берекелі болады. Осындай салихалы ой тастап, бастамашы болған аудан әкіміне және бір кісідей жұмыла білген барша қауымға алғысымды білдіремін,- деді кәсіпкер.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Болат Жүнісбеков ұлы тұлғаларымызды дәріптеп, өскелең ұрпаққа өнеге етуден ұтар тұстарымыз көп екенін айтып өтіп, ұлы Абайдың, заңғар Мұхтардың  мұрасын насихаттауда үлкен еңбек сіңіріп жатқан аудан әкімінің жұмысын жоғары бағалай келе, Нұрлан Бәтташұлына музейдің арнайы медалін табыс етті.

Салтанатты жиын жармалық өнерпаздардың концертімен жалғасын тапты. Сонымен қатар жаңа алаңда оқушылардың қолынан шыққан түрлі туындылардан көрме ұйымдастырылды. Ал кент тұрғындары бұл күнді еш уақытта ұмытпайтындарын айтады.

— Кентке М.Әуезовтің есімі өткен ғасырдың 60-шы жылдарының бел ортасында берілген болатын. Шыны керек, есімі берілгенімен, лайықты насихатталмай келді. Міне, аудан әкімінің бастамасымен жазушының ескерткіші бой көтеріп, кент атауы жаңаша жаңғырып отыр. Осы істі ұйымдастырып, маңызды жұмысты жүзеге асырған барша азаматтарға алғысымды білдіремін,- дейді кент тұрғыны Бақытбек Әмірғазин.

Мұрат Әуезов бастаған құрметті меймандар кенттегі Бақыршық кен орнын игеруге күш салып жатқан «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің жұмысымен жақын танысты. «Қызыл» жобасын жүзеге асырып отырған кәсіпорын бүгінде кен игеру жұмысына қызу дайындық үстінде. Серіктестік басшысы Юрий Овчинников ауқымды жобаның негізгі дайындық жұмыстары аяқталуға жақын екенін айтып, кен орнын және аяқталуға жақын қалған фабрика құрылысын көрсетті.

Дәл осы күні Мұхтар Әуезовтің құрметіне арналған футболдан жастар арасында аудандық жарыстың ақтық ойындары өтті. Осыған дейін іріктеуден өткен Шар және Әуезов кенті командалары қорытынды ойында жеңімпаздарын анықтады. Шар қаласының командасы ұлы жазушының 120 жылдығына орайластырылған жарыстың жеңімпазы атанды.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС