"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУҚЫМДЫ ЖОБА ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

10.10.2017
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

7 қазан күні Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов «Agro Portal» ЖШС бас директоры Әмір Щекарчимен, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ ШҚО бойынша өңірлік директоры Мадина Байсалбаевамен, «Ертіс ӘКК» ҰК» АҚ активтер бөлімінің жетекшісі Станислав Ясинскиймен кездесті. Кездесу барысында ирандық инвестордың біздің қаламызда жаңа кәсіпорын ашу ісі талқыланды.

2015 жылы аталған ирандық компания Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне ет өңдеумен айналысатын комбинат құрылысын салуға инновациялық жоба ұсынған болатын. Аталған жоба іске асса, өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосылар еді. Алайда түрлі себептерге байланысты аяғына дейін жетпей, тоқтап қалған. Міне, сол іске Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өзі араласып, облыс үшін маңызы зор ірі жоба қайта қолға алынбақшы.

«Kazakh Invest» компаниясы Шығыс Қазақстанда ағымдағы жылдың наурыз айында құрылған. Компания аймағымызда жұмыс істеуге ниетті шетелдік инвесторлардың бизнес — жоспарларынан бастап жобаның жүзеге асып, соңғы нүктесі қойылғанға дейінгі аралықтағы жұмысын жүргізуге көмектеседі. Аталмыш жобада «Kazakh Invest» инвестициялық және кедендік артықшылықтарды алуда ирандық инвесторларға серіктес саналады.

Екі жақты кездесу барысында қала әкімі Ермак Сәлімов жобаның сәтті жүзеге асуы Семей қаласы үшін ерекше маңызға ие екеніне тоқталды.                                                                                                           — Комбинат іске қосылса, оның біз үшін де пайдалы тұстары көп. Ол жергілікті халықты жұмыспен қамтып қана қоймай, өңір дамуына да жаңа серпін берер еді. Комбинат тәулігіне 2000 бас ұсақ мал мен 400 бас ірі қара малының етін өңдеуге қауқарлы. Осының арқасында мал саны артып, бордақылау алаңдары көптеп салынатын болады. Мұның барлығы, түптеп келгенде, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына көмектесері сөзсіз,- деді шаһар басшысы өз сөзінде.

Күні бүгінге дейін облыс әкімі Даниал Ахметов ирандық жобаға қатысты «Agro Portal» ЖШС өкілдерімен екі мәрте жұмыс кездесуін өткізген. Кездесу барысында жергілікті тиісті органдарға жобаның нәтижелі іске асуы үшін нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Қала билігі алғашқы жұмыстарды бастауға дайын. Комбинаттың құрылыс жұмыстары үшін жасалатын жобалық–сметалық құжаттама мен өзге де құжаттарды әзірлеу, темір жол тұйығы құрылысын салу, жарық, су, жылу желілерін тарту мәселелері бойынша жобаларды талқылау жүргізілуде.

Ермек ИСАБАЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС