"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТУҒАН ЖЕРДІ ТҮЛЕТКЕЙСІҢ, ЖАС МАМАН!

13.12.2013
ТУҒАН ЖЕРДІ ТҮЛЕТКЕЙСІҢ, ЖАС МАМАН!
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әйгерім Сәрсенғали,«Семей таңы»

Туған жер – әр адам үшін киелі де қасиетті мекен. Алтын бесік аялаған балалар ер жеткенде сол алтын бесіктерін-аялауы өмір заңдылығы. Әр аудан, ауылдың болашағы сол жерден нәр ал-ған, сол топырақтан жаралған перзенттер екенін ескерген Елбасымыз оңтайлы бағыт-бағдар берді. 2009 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Дипломмен –  ауылға» бағдарламасы ауыл жастарын туған өңірлеріне тартып, оларды жұмыспен қамтып, ауылды жерлерді гүлдендіруге үлкен мүмкіндік жасап отыр.

Ал, осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша аймақтағы әр ауданның басшылары  облыс орталығы Өскемен мен Семей қалаларында білім алып жатқан өз өңірлерінің түлектерімен кездесіп, дипломдарын алғаннан соң туған жерлерінде қызмет істеуге шақыруда. Дәл осы мақсат бойынша сәрсенбі күні ШҚО білім басқармасы және өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен  Қатонқарағай ауданының әкімі Дәурен Тлеубаев қаламыздағы Семей мемлекеттік медицина университетінде жерлес студенттермен жүздесті. Кездесуге ауданның жетекші мамандары, екі аурухананың басшылары мен арнайы шақырылған осы өлкенің түлектері және студенттер қатысты.

 

Жиылған жұртты Тәуелсіздік күнімен құттықтаған Дәурен Әділханұлы ең алдымен студенттермен кездескеніне қуанышты екенін білдірді. Туған өлкенің қашан да ыстық болатынын айтқан аудан әкімі қазіргі таңда жасалып жатқан жұмыстар легімен жастарды таныстырды.

 

— Биыл біз ауданға қарасты 4 мектепті күрделі жөндеуден өткіздік. Аққайнар ауылында 80 орындық мектеп жаңадан қолданысқа берілді. Осы ауылда 10 кабинеттік емдеу амбулаториясы ашылды. Жаңадан мәдениет үйлері салынып жатыр, барлық мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтті. Үлкен Нарын ауылында салынып жатқан «Шығармашылық үйін» осы айдың аяғында іске қосамыз. Онда түрлі музыкалық үйірмелер іске қосылады. Қазақстан футболының 100 жылдығы қарсаңында 8 футбол алаңы ашылды. Біз осындай шаруалар атқарып жатырмыз. Кім үшін? Сіздер үшін. Осы бар дүниені сақтап қалатын сіздер. Аудандағы ең үлкен мәселе — экономикалық не әлеуметтік мәселе емес, ол -демографиялық мәселе. Бұрын, екі аудан қосылғанда 50 мың халық болса, қазір 28 мың болып отыр. Табиғи өсім аз. Аудан орталығында еңселі аурухана бой көтерді. Бірақ, аудандағы перзентханада дүниеге келіп жатқан нәресте көп емес. Бұл аудан болашағына алаңдаушылық туғызды. Бізге сіздердей ауданымызды көркейтетін, демографиялық саясатымызды өрге сүйрейтін білімді жастар ауадай қажет. Ауыл, аудан сіздерді тосып отыр. Туған өлкеге қайтыңыздар! – деген аудан әкімі өзінің Алатаудың баурайында, Алматы қаласында білім алып, жолдамамен Қатонқарағай ауданына келіп, осы киелі топырақтан еңбек жолын бастағандығын айтты. Сол үрдістің қазір де қайталанғанын жөн санады.  Үш мемлекетпен шекаралас ауданның ауылдары қаңырап бос қалса, мемлекет үшін, халық үшін сын екендігін де жеткізді. Жастар мемлекеттен не аламын деп емес, мемлекетке не беремін деген ойды нысанаға алуы керек, сонда ғана мемлекет те жастарынан барын аямасы анық екендігін айтты.  Сонымен қатар, жастарды аудан болашағымен таныстырған әкім Қатонқарағайдың әр салада даму көрсеткіші жоғары екенін тілге тиек етті.

Аудан экономикасының басты бағыт-тары: ауыл шаруашылық өндірісі, орман шаруашылығы, марал, омарта шаруашылығы. Омарта, марал шаруашылықтары аудан экономикасының өзіндік бренді болып табылады. Туризм саласын дамыту жақсы жолға қойылған. Жылына 13 мың турист келеді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге шағын несиелер беріліп, олар өз қонақүй, дәмхана, омарта шаруашылығын ашып жатыр. Қазіргі таңда коммерциялық фирмалар тұтынушыларына пантамен емдеу қызметін көрсетуде.  Ауданда туризмді ары қарай дамыту мақсатында инфрақұрылым (жол, мобильді байланыс, демалыс пен емделуге қолайлы жағдай) белсенді түрде жолға қойылған.  Туризмді дамытсақ, түрлі санаторийлер ашуға да мүмкіндік бар, — деді. Осы салаларды дамытатын жастар екендігін аудан басшысы тағы бір мәрте айтып өтті. Сонымен қатар, ауданда мәдениет саласында оң өзгерістер орын алуда. Мәдениет үйлері мен клубтарға жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Келер жылы 550 орындық мектеп пен Үлкен Нарында спорт модулі салынады. Барлығы да жастар игілігіне.

Кездесуге келген осы аудан азаматшасы, Жаңа-Үлгі ауылының тумасы, ҚазИГЗУ-нің гуманитарлық факультетінің деканы Шынар Сейітова туған жердің топырағының ыстықтығын айта келе:

— Асқақ Мұзтауын, түркілердің алтын бесігі Алтайын сағынып Үкөгі мен Берелін бабамның құтқоныс Ергенеқоны деп айналып табар ердің қазығы Қатонқарағай болса, бүгінгі қатонқарағайлық жастармен кездесудің басты мақсаты да – туған елге тағзым етудің бір көрінісі ғана. Ауданға қатысты мыңдаған мәселенің шешімі сіздердің қолдарыңызда. Ұлттық ономастика мәселесімен айналысу- кезек күттірмейтін мәселе. «Ономастикалық экспедиция» құрамымен ауданға барып, он үш елдімекеннің топономиялық атауларын жинастырғанымызда, көптеген шешуін күткен мәселелердің бар екендігіне көз жеткіздік. Осы мәселемен сіздер шұғылданбасаңыздар, кім шұғылданады,- деп Қатонқарағайдың өзекті мәселесін айтқан аудан перзенті әкім ұсынысы жөнінде ойланып, туған жерде қызмет ету жолын таңдасаңыздар, ауылдарыңызды  одан әрі көріктендіруге өз күштеріңізді жұмсап, содан рухани ләззат алып, азаматтық тұлғаларыңыз сомдала түсері сөзсіз, — деп сенім білдіре отырып, жастарды дұрыс шешім қабылдауға шақырды.

Ауданда екі медициналық бірлестік бар. Кездесу медицина университетінде өткізіліп отырғандықтан, осы сала сту-   денттеріне екі бірлестік мамандарының ауруханалардың бүгінгі жетістіктерін баяндауы да заңды еді. Алғаш сөз алған  №2 медициналық бірлесігінің маманы Арқабек Қадырбаев:

— Аудан орталығындағы аурухана халыққа қызмет етуде. Қазіргі таңда ауданда 55 орындық жаңа заман талаптарына сай аурухана бар. Хирургия, терапия, жансақтау , жұқпалы аурулар бөлімі мен перзентхана бар. Аудан орталығы дәрігерлермен толық қамтамасыз етілген. Ақсу және Аққайнар ауылдарында тәжірбиелі маман тапшы,- деген бірлестік маманы жұмысқа келген жас мамандар жалақысының көлемі аз еместігін, орта есеппен 100 мың екендігін атап өтті. Сонымен қатар, аудандық ауруханада жапондық эндоскоп аппараттары, Италиядан әкелінген рентген қондырғысы,     зертханада гемотологиялық, био-химиялық қондырғылар, екі ота    жасату блогының бар екендігін атап өтті. Осы мүмкіндіктерге ие аудан маманның жоқтығына қарамастан, соңғы уақытта қаладан ота жасайтын мамандарды шақыртып, сол ауруханаларда халыққа ота жасап жүр. №1 медициналық бірлестігінің бас дәрігерінің орынбасары Мақтагүл Молдажанова ауданға қажетті мамандарды және қай ауылға қандай маман иесі керек екенін айтып, жастарды жұмысқа шақырды.

Жалпы,  ауданға 8 дәрігер мен 19 мұғалім қажет. «Дипломмен — ауылға» бағдарламасымен туған өлкелеріне жұмысқа орналасқан жастарға мемлекет тарапынан 121 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақының да берілетіні айтылды, жиында. Бұл ретте студенттер де саналарында жүрген сауалдарын да жолдады.

— 8 дәрігер қажет деп айттыңыз, анығырақ айтқанда қандай мамандар қажет? – деп алғашқы сауалды жолдады СММУ-дің 5 курс студенті Әйгерім Амантай.

— Ақсу, Аққайнарға 2 дәрігерлік амбулатория меңгерушілері, рентгенолог, статист, физиатор дәрігерлер қажет.

— Менің мамандығым қоғамдық ден-саулық сақтау мамандығы. Маған қандай жұмыс ұсына аласыздар?

— Санитарлық эпидемиологиялық орталықтарда жұмыс істей аласыз. Және ауданымызға келсеңіз сізге таңдау жасауға мүмкіндік жасаймыз, туризімді дамытамыз деп жатырмыз, сіздің мамандығыңыздағы мамандар қажет бізге, — деген сауалға аудан әкімінің орынбасары Ренат Құрманбаев  жауап берді.

— Педагогикалық мамандықтарға сұраныс бар дедіңіздер, сіздерге қандай  мамандар қажет? – деген сауалды Раушан есімді Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 4 курс студенті жолдады.

— Бізге химия, ағылшын, орыс тілі, тарих, физика, дене шынықтыру, информатика мен математика пәндеріне мұғалімдер, жалпы 19 мұғалім қажет, — деді аудандық білім бөлімінің бас маманы Гүлмира Бозжігітова.

— Сонымен қатар, студенттер тарапынан аудан болашағына қатысты, жас мамандарға жасалатын жағдайлар жайлы түрлі   сауалдар жолданып, жауап та берілді. Жиын соңында аудан басшысы:

—  Жастардың өмір сүруі үшін не қажет? Ең алдымен баспана. Үлкен Нарында екі қабатты, барлық жағдайы жасалған үйлер бар. Екінші кезекте – жұмыс. Жұмыспен қамтамасыз етеміз. Жалақының мөлшерін естіп отырсыздар. Ұялы байланыс жүйелері де жолға қойылған. Аудандық мәдениет үйі,   жастар орталығы да бар. Спортпен айналысамыз десеңіздер, футбол алаңдарының ашылғандығын да айттық.  Жастар ауданға, ауылдарға келу үшін біз өз тарапымыздан барлық жағдайды жасаймыз, сіздер өз аудандарыңызға келіп, туған ауылдың түтінін түтетсеңіздер деймін. Туған жерді түлетейік, жас мамандар, — деп, аудан басшысы ауылдан түлеп ұшқан жастарды тағы бір мәрте туған өлкеге шақырды.

Кездесу соңында аудан атын асқақтатып жүрген студент жастарға арнайы әкім сыйлығы табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

16 часов бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

16 часов бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

6 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС