"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛУ ТАРИФІ ҚЫМБАТТАЙДЫ

13.10.2017
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Келесі айдан бастап семейлік тұрғындар жылу мен ыстық суға жаңа тариф бойынша төлем жасайтын болады. Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаковтың жетекшілігімен, ТҮКШ бөлімінің басшысы Марат Аленов пен «Теплокоммунэнерго» МКМ-нің жетекшісі Нұржан Зейнуллиннің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Жаңа тарифке сәйкес, жылудың бір гигакалориясы орташа есеппен алғанда 4659 теңгені құрайды. Заңды тұлғалар жылуға ай сайын 6680 теңге төлесе, қарапайым тұрғындар үшін тариф бағасы 3523 теңге шамасында. Бұл Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің ШҚО бойынша департаментінің 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тариф шеңберінде жасалған жоспарлы қадам екенін атап өту керек. Алдағы үш жыл ішінде жылу жүйесінің тарифі өсіп отырады. Мәселен, келесі жылы жылу тарифі орташа есеппен тағы 4,5 пайызға, 2019 жылы тағы да 2,7 пайызға өседі. «Теплокоммунэнерго» МКМ-нің қаржылық жағдайы соңғы жылдары біршама жақсарған. Үкімет бөлген қомақты қаржы көмегімен жылдар бойы қаржылық мәселелері қордаланған мекеме жуырда дағдарыстан шықты. Бүгінде жылу берушілер алдындағы халықтың берешегі 199 млн. 800 мың теңге көлемінде. Оның 20 млн-нан астамы заңды тұлғаларға тиесілі. Борышкерлермен күрес жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2625 іс сот орындаушыларға жіберілген.

Қазіргі күні әлеуметтік маңызға ие нысандардан бөлек, орталықтандырылған жылу жүйесіне қаладағы 1069 тұрғын үй қосылған. Қатты аяз кезінде баспаналарды жылумен қамтуға тартылатын қосымша жылу қазандықтары да сақадай сай деп сендірді Семей қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Марат Аленов. Қалада пәтер иелері кооперативі ұйымдастырылмаған, жылу маусымына дайындық құжаттары жасалмаған тұрғын үйлер де бар. Мұндай жағдайда «Теплокоммунэнерго» мекемесінің мамандары үй тұрғындарына олқылықтың орнын толтырып, мәселенің мән-жайын суық түспей тұрып анықтауға кеңес берді.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС