"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

30.10.2017
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жұма, 27 қазан күні қала әкімі Ермак Сәлімов жолаушылар тасымалдаушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсенбек Ақжалов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серіққали Жұманов және «Семей қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС директоры Бейсенғазы Тастекеев қатысты.

Семейде қазіргі уақытта 35 автобус пен 15  шағын автобус жолаушылар тасымалымен айналысады.  Негізгі жеті тасымалдаушы мекеме бар: «Семавтопарк» ЖШС, «Азия комби» ЖШС, «Автомигди» ЖШС, «Таксомоторный парк» ЖШС, «Семдортехника-2» ЖШС, «Семей көлігі» ЖШС және ЖК «Мусапиров».

Келісімшарт бойынша, күнделікті 420 қоғамдық көлік жолаушылар тасымалымен айналысуы шарт. Алайда, жолаушыларға жүйелі қызмет етпегені үшін, №№ 5, 37, 8, 10  және 45 автобустарға қатысты экономикалық соттың шешімі шығып, басқа мердігер мекеме тағайындалды. Сондай-ақ№№ 22, 24, 43 автобустарға қатысты да тұрғындар наразылығы байқалған.

Қоғамдық көліктің жүру кестесі соңғы рет 2013 жылы бекітілген болатын. Бұл кестеге орай, қоғамдық көліктер жазғы және қысқы маусымға сай қызмет етеді. Ал биылғы жылдың 17 маусымынан бастап жазғы кестенің уақыты 23.00-ге дейін ұзарса, қазан айынан бастап барлық қоғамдық көліктер, қысқы кестеге сай, 21.00-ге дейін жүріп-тұруды бастады.

Биылғы жылы жолаушылар тасымалын қамтитын 23 шақырым жол жөндеуден өтсе, келесі жылы 25 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серіққали Жұманов мәлімдеді.

— Биылғы жылы жол жөндеу жұмыстарына қазынадан 1 млрд. 181 млн теңге бөлінсе,  ағымдағы жол жөндеу жұмыстарына 200 млн., орташа жол жөндеу жұмыстарына 916 млн. теңге қарастырылған еді.  Нәтижесінде ұзақтығы 23 шақырымды құрайтын сегіз орталық көше (М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж. Шайжүнісов, Қайым Мұхамедханов, Абай, Шмидт) орташа жөндеуден өтті. Жолаушылар тасымалын қамтитын тағы 25 шақырым жол мен кәріз жүйелерінің дренажды желілеріне келесі жылы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал биылғы жылы осы дренажды желілерді қалпына келтіруге 170 млн. теңге бөлінді,- деді С.Жұманов.

— Қоғамдық көлікке қатысты туындаған мәселелерді бір арнаға түсіру үшін биылғы жылы маршрут желілерін оңтайландыру процесін жүргіздік. Барлық қоғамдық көліктердің тасымал жүйесі, тиімділігі, қозғалыс кестесі, жолаушылар саны тексеріліп, келесі жылдың тамыз айында жаңа тасымалдаушы мердігер компанияны таңдауға байланысты өткізілетін конкурсқа дайындық жұмыстары пысықталды. Нәтижесінде «Семавтопарк» ЖШС көліктерінің қозғалыс жиілігі өткен жылмен салыстырғанда 54%-дан 77%-ға, «Азия Комби» ЖШС 64-тен 80%-ға, «Таксомоторный парк» ЖШС 77-ден 83%-ға, «Автомигди» ЖШС 43-тен 83%-ға, «Семдортехника» 85-тен 91%-ға, «Семей көлігі» 69-дан 76%-ға артқаны анықталды, — дейді «Семей қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС директоры Бейсенғазы Тастекеев. — Біздің орталық қоғамдық көліктердің қозғалыс жиілігін бақылап қана қоймай, санитарлық талаптардың сақталуын да назарда ұстап келеді. Осы жылдың қазан айында ғана 320 көліктің тазалық нормаларын сақтамағаны белгілі болды. Тасымалдаушыларға тексеріс жұмыстарының нәтижесін жазып, жиі хат жолдаймыз. Алайда тасымалдаушылар тарапынан кері байланыс бола бермейді,- деді ол.

Жиын соңында Ермак Сәлімов тасымалдаушыларға ескерту жасай отырып, оларды атқарушы билікпен бірге халық игілігі үшін жемісті қызмет етуге шақырды.

Жадыра Төлегенқызы, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС