"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

03.11.2017
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, қарашаның алғашқы күнінде Семейдегі №10 мектепте қала әкімінің орынбасары Надежда Шарованың жетекшілігімен, ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаевтың қатысуымен мектеп және колледж директорларымен кездесу болып өтті. Мектептегі «Мәңгілік Ел» кабинетінде бас қосқан олар Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде қалада атқарылып жатқан шараларды саралап, іске асуы тиіс бірқатар жобаларды тізбектеді.

Басқосуда ең бірінші болып сөз алған Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев өз баяндамасында бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 61 жоба іске қосылып жатқанын атап өтті. Бұл жобалар «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» сынды 4 бағдарлама бойынша жүргізілуде. Дәл қазіргі уақытта қала әкімдігі алдында осы бағыттағы іс-шаралар легін құру міндеті тұр. Ол үшін қалалық ішкі саясат, білім, мәдениет және тілдерді дамыту, кәсіпкерлік бөлім мамандарынан құралған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобалық кеңсесі  құрылмақ. Олар меценаттар мен жаны жомарт жерлестер тарапынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты түскен ұсыныстарды жинаумен айналысатын болады.

— «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасы бойынша үш тілде білім беру аймақтық жобасы іске асуда. Енді «Қоғамдық сана онтогенезі», «Отаны бірдің – жүрегі бір», «Туған өлке тарихы», «Шығыс жастары», «Білікті маман» жобалары бойынша жүргізілетін шаралардың құжаттары мен жарлықтары жасалмақ. «Рухани білім беру» жобасы шеңберінде ағымдағы жылы облыс әкімі 200 білім грантын бөлді. Қазіргі күні қаладағы колледждердің бірінде 25 студент жас исламтану мамандығы бойынша ілім алып жатыр. Екінші ішкі бағдарлама «Атамекен» деп аталады. Бұл — қазақстандықтардың азаматтық позициясын нығайтуға, Отан алдындағы перзенттік борышын, жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталып отыр,- деді Айдар Садырбаев.

Биылдың өзінде демеушілер мен меценаттардың қаржылай көмегімен жалпы құны 714 млн. 950 мың теңгені құрайтын 18 арнайы жоба жүйесін тапты. Жобалардың дені әлеуметтік маңызға ие нысандарды жаңғыртуға, заманауи үлгідегі құрылғылармен жабдықтауға, елді мекендер мен ауыл-аймақтарды абаттандыруға арналған.

Үшінші ішкі бағдарлама «Рухани қазына» деп аталады. Аталмыш бағдарлама аясында, алтынкөз оқырманның есінде болар, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық торқалы тойы құрметіне орай, халықаралық қоғамдық-ғылыми «Таң» журналының №5 санының тұсаукесері өткен болатын. Сондай-ақ «Абай әлемі» сериясынан кітап шығару ісі өз жалғасын таппақ. Сонымен қатар «Туған жер – Шығыс Қазақстан» бірыңғай интернет платформасын құру мәселесі де жоспарлар тізімінен табылды. «Қазақстанның 100 киелі жері» арнайы жобасы да осы бағдарлама шеңберінде жүзеге асып, нәтижесінде «М.Әуезов – Алаш арыстары» музейі, Ф.М.Достоевский әдеби-мемориалдық музей-үйі және полигон құрбандарын еске алуға арналған «Өлімнен де күшті» монументі республиканың киелі жерлері қатарына қосылды.

«Ақпарат толқыны» дейтін төртінші ішкі бағдарлама «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеуге бағытталып отыр. Бағдарлама шеңберінде «100 жаңа тұлға» арнайы жобасы қолға алынған. Жобаға қатысуға бүкіл ел бойынша 302 үміткер тіркелген, оның 20-сы — семейліктер. Қазіргі таңда оларға онлайн режімінде дауыс беру «100 есім.кз» сайтында жүргізіліп жатыр. Дауыс беру қорытындысы 10 қараша күні жарияланбақ.

Ұлт алдындағы межелі міндеттер, келелі мәселелер жан-жақты сөз болған кездесуде өз ойын ортаға салғандардың бірі Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия директоры Алма Әубәкірова болды. 90 жылдық тарихы бар мектепке басшылық етіп отырған ол мектеп ұжымы әр уақытта өз түлектерімен мақтанатынын тілге тиек етті.

— Бүгінде Шәкәрім Құдайберді-ұлының есімімен аталатын қара шаңырақтың тарихы Алашорда тарихымен тікелей байланысты. 2014 жылы мұрағат құжаттарын ақтару үстінде мектептің алғашқы жылдары Алаш мектебі деп аталғаны белгілі болды. Яғни, мектеп сол кезеңнен бастап талай тарихты басынан өткерген, ал бүгін тәуелсіздігіміздің арқасында тұғыры мықты бірегей білім ордасына айналды. Мектептің тарихында еліміздің тарихы жатыр. Ал еліміздің тарихы сол мектептің қабырғасынан шыққан түлектермен, олардың өмірімен, сол мектепте қызмет еткен азаматтардың еңбек жолымен тікелей байланысты. Өнерде, спортта, білім және еңбек саласында жетістіктерге жеткен адамдардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі ету арқылы олардың да өз елінің тарихында іздерін қалдыруларына мүмкіндік жасауды мақсат тұтып отырмыз. Бұл ретте әрбір сенбі күнін рухани жаңғыру шараларына, түлектермен кездесулерге арнауды жөн деп таптық. Оқушылар үлгі ететін адамды алыстан іздемеуі керек. Жаныңда жүрген адамдардың өзі де үлгі болады. Даниал Ахметовтің бастамасымен өткен «Туған жер» форумы мектеп басшыларына да көп ой салды. «Бүгін біз мектеп басшысымыз, ал кешегі күні мектептен түлеп ұшқан түлекпіз ғой. Өз елімізге, өз мектебімізге қандай үлес қосамыз?» деген ойлар туындады. Облыс әкімі мектеп кабинеттерін құрылғылармен жабдықтауға өзінің бір айлық қаражатын аударатын болса, ал біз өзіміздің екі күндік қаражатымызды аударсақ, бұл, теңізге тамған тамшыдай болғанымен, мектебіміздің көркеюіне қосқан үлесіміз болар еді,- деді №5 гимназия директоры Алма Медетқызы.

Ал Жоламан кентіндегі осыдан 25 жыл бұрын қазығын қаққан № 21 жалпы білім беретін орта мектеп ұжымы «Менің мектебім» жобасына дайындықты бірнеше жыл бұрын бастап кеткен. Мәселен, 2007 жылы белгілі кәсіпкер, меценат Марат Құрманбайдың демеушілігімен аталмыш білім мекемесінде «Тарих тағылымы» кабинеті ашылып, сонымен бірге Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан майдангерлер мен соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш тақта орнатылды. Мұндай ауыз толтырып айтуға тұрарлық оң бастамалардың ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор екенін айтады мектеп директоры Тоқтарбек Зейнелов.

Электротехникалық колледждің директоры Азат Сарпековтің сөзіне қарағанда, мұнда да рухани жаңғыру істері анық байқалады. Экономикалық дағдарыс жылдары аталмыш колледждің жатақханасы жабылып қалған болатын. Өткен жылы колледжге қаладағы музыкалық училищенің бұрынғы ғимараты беріліп, жалпы құны 260 млн. теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттары әзірленіпті. 6400 шаршы метр аумақты қамтыған жатақхананың жөндеу жұмыстарын колледж оқытушылары мен осындағы студенттер, құрылыс отрядының, «Жасыл ел» жасағының жастары бірлесіп жүргізген. Қазіргі таңда 400 адамға арналған жатақханаға «Серпін» бағдарламасымен оқуға келген оңтүстіктің 200 студенті жайғастырылды,- дейді колледж директоры Азат Сарпеков.

Қазіргі уақытта Семей қаласында меценат атанған 57 мектеп түлегі бар. Өткен аптада қаладағы №37 және №9 мектепке меценаттар 1,5 млн. теңгеге екі кабинетті заман талабына сай озық технологиялармен жабдықтап, аймақ басшысы Даниал Ахметовтің бастамасымен тұсауы кесілген «Менің мектебім» акциясына өз үлестерін қосты. Айта кеткен жөн болар, жуырда өткен білім беру мекемелері директорлары мәжілісінде әр басшының ай сайын өзінің екі-үш күндік еңбекақысын «Парыз» қорына аударуы туралы шешім қабылданды. Бұл мыңды жығатын білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеуге жасалған игі қадам екені даусыз.

Айтпақшы, өңір мектептері қалалық меценаттар форумына дайындық үстінде. Форум желтоқсан айында өтеді деп жоспарланып отыр.  Мұндай жағымды жаңалықпен жиын соңында қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова бөліскен еді.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

10.06.2026
101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шәкәрім университетінің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов пен дәстүрлі әнші Қайрат...

Толығырақ...Details

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

10.06.2026
Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

На пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций о предстоящем культурном проекте рассказали проректор по стратегии и социальному развитию Университета имени Шакарима...

Толығырақ...Details

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

10.06.2026
В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

В Департаменте полиции области Абай в рамках реализации Концепции по продвижению идеологии «Закон и порядок» на 2025–2030 годы состоялось мероприятие...

Толығырақ...Details

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

10.06.2026
«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 29 мамырда Астана қаласында «Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» тақырыбында дөңгелек үстел...

Толығырақ...Details

«Заң керуені» акциясы өтті

10.06.2026
«Заң керуені» акциясы өтті

«Заң керуені» көшпелі акциясы аясында құқық қорғау және облыстық мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған мобильді топ Семей қаласының тұрғындарына құқықтық көмек...

Толығырақ...Details

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

09.06.2026
Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымға орай шомылуға арналған 16 ресми орын белгіленіп, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді және қауіпті учаскелерде тәулік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

2 часа бұрын

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

2 часа бұрын

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

2 часа бұрын

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

3 часа бұрын

«Заң керуені» акциясы өтті

15 часов бұрын

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

20 часов бұрын

Абай облысында инвестициялық жобалар саны төрт есеге артты

21 час бұрын

Абай облысында демалыс орындарының санитариялық жағдайы тұрақты қадағаланады

1 день бұрын

Абай облысында банкроттық рәсімін пайдаланғандар саны 2,4 мыңнан асты

1 день бұрын

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС