"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ПОЛЯК ЕЛШІСІ СЕМЕЙДЕ

09.11.2017
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

3 қараша күні Семейге Польша мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Селим Хазбиевич келіп, поляк елінің Семей кәсіпкерлерімен әріптестік қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін жеткізді. Кездесуге қала кәсіпкерлерімен бірге, қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров қатысты.

Келесі жылы Польша мемлекеті ел тәуелсіздігінің ғасырлық мерейтойын атап өтеді. Осыған орай поляк елі ауқымды іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Оның бірі Семей қаласымен байланысты. Атап айтсақ, Польша билігі Семей қаласында дүниеге келген поляк қайраткерлеріне ескерткіш тақтатас орнатпақ ниетте.

— Келесі жылы Польша мемлекетінің азаттық алғанына 100 жыл толады. Осы мерейтой қарсаңында ел азаттығы жолында тер төккен қайраткерлердің табаны тиген өңірлерді аралап жүрміз. ХХ ғасырдың басында  Семейде де Алашорда үкіметі құрылып, ел бостандығы үшін қызмет етті. Сіздер де биыл Алашорда үкіметінің жүз жылдығын ел көлемінде атап өттіңіздер. Дегенмен сол кездегі саяси жағдайларға байланысты Қазақстанға тәуелсіздікті тағы біраз уақыт күтуге тура келді,- дейді елші.

Сондай-ақ С.Хазбиевич поляк кәсіпкерлерінің Қазақстан-мен, соның ішінде семейлік кәсіпкерлермен Польша экономикасының маңызды тетігі саналатын ауыл шаруашылығы техникасы саласында сауда және әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін жеткізді.

— Елші болғандықтан Қазақстанның әр қаласын аралау — менің қызметім. Қазақстанға елші ретінде келерден бұрын әріптестік төңірегінде көп сұрақтар туындады. Тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ бизнесмендері Польшадан өз серіктестерін тапты. Сондықтан семейлік кәсіпкерлерді де Польша мемлекетімен, поляк кәсіпкерлерімен бірігіп жұмыс істеуге шақырамын. Бұл қарым-қатынас екі ел арасын жақындатып, екі жақ үшін де тиімді болатынына сенімдімін. Бүгінде Польшадағы көптеген кәсіпкерлер Қазақстан туралы, әріптестік туралы сұрайды. Бізде ауыл шаруашылығы техникасы өте жақсы дамыған, мамандарды тек ауыл шаруашылығы саласына дайындайтын 2-3 жоғары оқу орны бар. Бұл салада бәсекеге қабілеттілігіміз жоғары. Есесіне біздегі бағалар Германия, Франция мемлекеттерімен салыстырғанда арзан-дау. Сондықтан алдағы уақытта ауыл шаруашылығы техникасы саласында Қазақстан мен Польша арасында әріптестік қарым-қатынас жандана түсетініне сенемін,- деді ол.

Польша мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне келместен бұрын саясаттанушы қызметін атқарған С.Хазбиевич  тарихтың мемлекетаралық мәдени байланыстардың дәнекері екенін айтады.

— Мен Қазақстанға тамыз айының ортасында келдім. Саясаттанушы ретінде қазір Қазақстанда қазақ халқының бірігуі жолында үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын байқадым. Мен, жалпы, саясатты тарих саясаты және әр мемлекеттің ішкі саясаты деп екіге бөлер едім. Тарих саясаты да елдің ішкі саясатының бір бөлшегі. Әсіресе бұл мемлекеттердің жақындасуы жолында үлкен рөл атқарады. Қазақстан Азия мен Еуропа мемлекеттерінің ортасында жатыр. Ал Польша Еуроодақпен байланыста. Кейде Еуроодақпен көзқарастарымыз да келісе бермейді. Еуроодақ — нағыз демократиялық ұйым,- дейді С.Хазбиевич.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Марат Нүгеров  Қазақстанның қазіргі күні Польшамен жеміс-жидек тасымалы, тұрмыстық техника және тоқыма өнеркәсібі саласында сауда байланысын орнатқанын тиек етіп, поляк тауарларының сапасына көңілі толатынын жеткізді.

— Польша мемлекетінен әкелінетін жеміс-жидектердің сапасына көңіліміз толады. Ал тұрмыстық химияның сапасы әлемдік брендтермен тең деп айтуға болады. Бұл салада Қазақстанның Польшамен әріптестік қарым-қатынас орнатқанына 15 жылдың жүзі болды. Тоқыма өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіп саласындағы сауда байланысын әлі де кеңейтеміз деген үміттемін. Қазақ елі Польшамен шекаралас болмаса да екі елді тарих байланыстырады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында және соғыстан ке-йін Балтық жағалауынан, Поволжьеден көптеген поляк қайраткерлері Қазақстанға жер аударылды. Қазақ елі поляк азаматтарын шетке қақпай, өз бауырындай көрді. Нәтижесінде жүз мыңдаған поляк азаматтары соғыс аяқталып, шекара ашылғанда аман-есен өз жұртымен қауышты. Поляк елі мен қазақ елі арасындағы байланыстың нығаюына біз де өз тарапымыздан мүдделіміз,- деді М.Нүгеров.

Қала кәсіпкерлері кездесу барысында сауда байланысына қатысты сауалдарын қойып, елшіден тұшымды жауаптар алды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС