"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

10.11.2017
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

8 қараша күні шаһар басшысы Ермак Сәлімов, сондай-ақ ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев семейлік жолаушылар тасымалдаушылармен қала әкімдігінде кездесті. Күн тәртібіне автобус парктерінің алдағы тендерлерге дайындығы және қоғамдық көліктерді жаңарту мәселелері қойылды.

Бүгінде Семейдегі қоғамдық көліктердің басым көпшілігінің тозығы жеткен, қызмет сапасы да көңіл көншітпейді. Айтыла-айтыла жауыр болған осы және қоғамдық көліктерге қатысты өзге де мәселелер бүгінгі күнге дейін бір емес, бірнеше мәрте көтерілді. Сәрсенбі күні өткен жиында жоғарыда аталған мәселелер бүге-шігесіне дейін сөз болды. Кездесуде  Семей қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Серғазинов:

— Техникаларды жаңарту – бүгінгі күннің ғана мәселесі емес, ол күн тәртібінен түспейтін мәселе. Бұл бағытта нақты  мағлұматтар беруге жолаушыларды тасымалдаушылардың барлығы дерлік ниет білдіре бермейді,- деді.

Жиында белгілі болғандай, автобус парктерінің басшылары бүгінде тек шағын автобустарды жаңартуға атсалысуда. Ал үлкен автобустар он жылда бір рет жаңартылады. Тасымалдаушылар көлік техникаларының бағасы қымбат екенін әрі  үлкен автобустарды үш жылда бір жаңартуды қалталары көтере бермейтінін айтып налыды.

— Бұрнағы жылдары қоғамдық көлік жүргізушілерінің тапқан табысын бақылауға мүмкіндік болмады. Алайда тексеру жұмыстарынан кейін, болжалды мәліметтер бойынша, автопарктердің қазіргі табысымен тек шағын автобустарды ғана емес, үлкен класты автобустарды да жаңартуға болатынына көз жеткіздік,- деді қала басшысы Ермак Сәлімов.

Айта кетейік, 2015 жылдың 26 наурызында қабылданған келісімшарт бойынша, көлік техникаларын жоспарлы  түрде жаңарту соңғы екі жыл ішінде жүргізілуі тиіс еді. Бірақ  жолаушыларды тасымалдаушылардың атынан сөз сөйлеген «Семавтопарк» серіктестігінің директоры техниканы жаңартуға дайын екенін, бірақ бұл бағыттағы жұмыс көлік жүйесін оңтайландырудан кейін, 2018 жылы басталатынын жеткізді.

– Себебі қай бағыттағы, нақты қандай техниканы жаңарту керек екені сол кезде белгілі болады,- деді Сергей Должиков.

— Неге біз 2018 жылды күтуіміз қажет? Қараша халық бүгіннен бас-тап заманауи әрі ыңғайлы автобустармен қатынағысы келеді және бұған олардың толық құқығы бар. Жолаушыларды тасымалдаушылар келесі жылғы тендерлерге қатысуы үшін жаңартылған техникаларымен келуі керек. Себебі тасымалдаушыларды таңдау жолында біз қатаң талаптар қоятын боламыз,- деп ескертті Ермак Сәлімов.

Кездесуге арнайы келген ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев:

— Әр тасымалдаушы бүгінгі күннің талаптарына сай қызмет көрсетуге тиіс. Ең бастысы, қоғамдық көліктер белгілі кестеге сәйкес уақытымен жүруі керек, екіншіден, көліктері таза болып, ескі техника жаңартылуы қажет. Бұл — Көлік министрінің ұйғарымымен қабылданған шешім. Оны міндетті түрде іске асыруға тиіспіз,- деді өз сөзінде.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС