"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АЛАШ ҰЛАҒАТЫ» ЖАРЫҚ КӨРДІ

10.11.2017
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақ ұлты барда, Алаш қайраткерлерінің есімі өлмейді. Сәрсенбі, 8 қараша күні Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Алматы қалалық әкімдігінің Ішкі саясат басқармасына қарасты Қайым Мұхамедханов атындағы қоғамдық қордың қолдауымен жарық көрген «Алаш ұлағаты» кітабының тұсаукесері өтті. Жинақты құрастырушы — Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, тарихшы Амантай Исин.

Жинақ екі тілде, 3000 данамен жарық көріпті. Алаш қайраткерле-рінің  ұрпағына қалдырған ұлағатты сөздері мен өсиеттері — кітаптың негізгі арқауы.

— Қайым Мұхамедханов атындағы білім және ғылым орталығы соңғы уақытта игілікті істердің бастамасы болып жүр. Өткен жылы, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы қарсаңында, биыл, Алашорда үкіметінің 100 жылдығы қарсаңында, көптеген алқалы жиындарды ұйымдастыруға мұрындық болды. Жақында осы орталықтың ұйымдастыруымен Алматы қала-сындағы Ұлттық кітапханада үлкен конференция өтіп, Алаш зиялыларының ұрпақтары бас қосты. Осындай игілікті істердің бастамасы бүгін Семейде жалғасын тауып отыр. Кітапта Алаш зиялылары айтқан ұлағатты сөздер бірнеше тақырыпқа бөлінген. Оқырман кітаптан өзіне керегін тез тауып алады деген ойдамыз. Жинақтың жастар үшін, ел үшін берері көп,- дейді А.Исин.

6 қазан күні Алматыдағы Ұлттық кітапханада ұйымдастырылған конференцияда жинақтың алғашқы тұсаукесері болып өткен. Алаш астанасы саналатын Семей қаласында да кітаптың тұсаукесерін өткізуді жөн көріпті ұйымдастырушылар.

-Осыдан он жыл бұрын құрылған Қайым Мұхамедханов атындағы қор ғалымның ғылыми еңбектерін сақтап, халыққа жеткізуді мақсат тұтады. Алашорда үкіметінің 100 жылдығы қарсаңында осы кітапты жарыққа шығардық. Бұл — Алаш қайраткерлері алдындағы біздің борышымыз. Қайым Мұхамедхановтың әкесі  Мұхамедхан Сейітқұлов та белгілі Алаш қайраткері болған. Семейде Алаш қайраткерлері үшін арнайы үй ашқан. Кезінде Ахмет Байтұрсынов Қайым Мұхамедхановты көргенде: «Бұл бала біздің есімімізді жаңғыртады»,- деп айтқан екен. Қайым Мұхамедханұлы Абайдың ақындық мектебін ашқаны үшін 1951 жылы 25 жылға жер аударылса да, алған бетінен бас тартқан жоқ. Әкелі-балалы Қайым Мұхамедханов пен Мұхамедхан Сейітқұлов өз елінің нағыз патриоттары болды,- дейді Дина Мұхамедханова.

Шара Қайым Мұхамедхановтың жеке архивінен алынған алаш-ордашылардың өмірі мен қызметінен сыр шертетін көрмемен жалғасты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС