"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҚАУІПСІЗ АУЛА» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛА БАСТАДЫ

14.11.2017
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде пәтер тонау фактілері толастамай тұр. Ағымдағы жылы құқық қорғау органдары қала бойынша 1300 пәтер тонау фактілерін тіркеген. Осыған орай өңірде ҚР Бас прокурорының «Ұрлыққа тосқауыл» бағдарламасы шеңберінде «Қауіпсіз аула» жобасы жүзеге асырыла бастады. Жоба аясында «Қазақтелеком» АҚ компаниясы тұрғын үйлер подъездерінің іші мен сыртына бейнебақылау камераларын орнатуды қолға алған. Ұрлық көрсеткішін азайту мақсатында қала прокуроры, жергілікті полиция қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі өкілдері, жеке пәтер иелері кооперативтерінің басшылары қала әкімдігінде бас қосты.

Семей ІІБ жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Әділбек Нұғыманов өз баяндамасында бүгінде қаладағы көп пәтерлі 9 подъезге және он шақты аулаға бейнебақылау камералары орнатылғанын тілге тиек етті. Айтуынша, Семейде, пәтер тонаудан бөлек, аулада тұрған автокөліктердің дөңгелегін, аккумуляторын ұрлау жиілеп кетті.  Осы ретте «Қазақтелеком» АҚ Семей филиалының даму цехының директоры Мұратқазы Мәліков аула қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жиынға қатысушылар назарына арнайы жоба ұсынды.

— Қазіргі күні шаһардағы 224 көп қабатты үй «Қазақтелеком» компаниясының қызметіне жүгінеді. Тұрғындарға осы үйлердің подъездеріне бейнебақылау құрылғыларын тегін орнатуды ұсынамыз. Камераның біреуі подъездің кіреберісіне, екіншісі үйдің бірінші қабатына орнатылады. Әрбір тұрғын компаниямен жеке келісімшартқа отырып, ғаламтор арқылы жеке кабинетіне кіріп, өз подъезін, үй ауласын бақылауға мүмкіндік алады. Видеокамераларға техникалық қызмет көрсету ақысы үшін тұрғындар ай сайын 350 теңге төлеуі қажет. Құрылғыда жазылған мәліметтер сервер жүйесінде жеті күнге дейін сақталады. Ал құқық қорғау органдары қажетті ақпараттарды соңғы отыз күн ішінде көре алады,- дейді  «Қазақтелеком» АҚ Семей филиалының даму цехының директоры Мұратқазы Мәліков.

Жуырда 94 көп қабатты үй тұрғындары бейнебақылау камераларын орнату жөнінде «Қазақтелеком» компаниясымен келісімшарт жасасып, 124 подъезде камера орнату мақсатында монтаж жұмыстары басталып кетті. Десек те азаматтардың жеке өміріне қатысты заңды бұзбау үшін ПИК төрағалары мен қызмет көрсету ұйымдарының басшылары міндетті түрде тұрғындармен кездесіп, жалпы жиналыс өткізуі немесе жазбаша сауалнама жүргізуі тиіс. Тұрғындардың басым көпшілігі қарсылық танытпаған  жағдайда ғана аталған құрылғыны орнату жолдары қарастырылады.

Жібек Серғазы, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС