"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

12.12.2017
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, өңірдің аграрлық секторы өкілдерінің қатысуымен қала әкімдігінде салтанатты жиын өтіп, үздіктер марапатқа ие болды. Шараға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері мен ардагерлері, сала озаттары қатысты.

Ауыл шаруашылығы саласының ел экономикасындағы маңызы да айрықша екені мәлім. Сондықтан аталмыш салаға мемлекет үнемі қолдау танытып келеді. Биыл бұл салада Семей өңірінде оң өзгерістер бар, жетістіктер де көңілге қуаныш ұялатады.

— Биылғы жылды өңірдің аграрлық саласының қызмет-керлері жақсы нәтижемен аяқтауда. Соңғы үш жылда тамақ өнеркәсібінде өнімділік артып, өндіріс көлемі ұлғайды. 2017 жылы шаруалар 520 тонна дәнді дақылдар, 55,1 мың тонна картоп, 36,9 мың тонна көкөніс, 1 мың тонна бақша дақылдары мен 530 тонна майлы дақылдарды жинады. Мал өсіру ісімен айналысатындар да жаман нәтиже көрсеткен жоқ. Биыл 30 мың тонна ет, 35 мың тонна сүт, 3 млн. дана жұмыртқа және 140 тонна тері өндірілді. Жыл сайын мал басы саны артып барады. Тек соңғы жылдары ұсақ мал саны күрт төмендеп кетті. «Роза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі комбинатында байпақ-киіз бұйымдарын өндіруді жетілдіру ісі сәтті жүзеге асса, ұсақ мал саны артып, мәселенің шешімі түбегейлі шешілмек. Осы жылы Семей өңірінде мал тұқымын асылдандыруға, сүт қабылдау пункттері мен мал сою алаңдарын ұйымдастыруға бағытталған 24 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Келесі жылы тағы бірнеше кооператив ашу көзделіп отыр. Негізгі басымдық құрылған кооперативтерге берілетін болады, себебі олар дәл қазір ауыл шаруашылығы техникалары мен асыл тұқымды мал түрлерін сатып алуда мемлекет қолдауына мұқтаж. 2018 жылы ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жеңілдетілген шағын несие беру мақсатында 160 млн. теңге қарастырылып отыр,- деген қала әкімі Ермак Сәлімов ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала мамандарының бірқатарына алғыс хаттар табыс етті.

Мерекелік жиын барысында экономиканың басты механизміне айналған ауыл шаруашылығы саласының гүлденуіне сүбелі үлес қосқан қызметкерлер Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамотасымен де марапатталды. Сонымен бірге Семей қаласының ветеринарлық-фитосанитарлық қызметінің аға ветеринар дәрігері Советқан Төлебаев пен «Приречное» агрофирмасы ЖШС қызметкері Жұмағазы Құмаров ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталса, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық «Еңбек ардагері» медалі ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Талғат Нүрпейісовке табысталды.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС