"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚУАНЫҢЫЗ, ЖАЗДА ЫСТЫҚ СУ БОЛАДЫ

06.02.2018
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қаңтарда қыспаққа алған өткендегі аязды ешкім ұмыта қойған жоқ шығар, сірә. Апта бойы әбігерге салған аяз да артта қалды, қазір күннің райы қалыпты. «Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметкерлерінің айтуынша, абырой болғанда, Семей қаласы сарышұнақ аязды апатсыз, ешқандай төтенше жағдайсыз өткізіпті. Бұл күндері қаладағы жылу орталықтары штаттық режімде жұмыс істепті. Бұл жайында өткен бейсенбі күні Семей қалалық әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Баспасөз мәслихатына қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, тұрғын үй инспекциясының басшысы Светлана Заурбекова, «Теплокоммунэнерго» МКК директоры Нұржан Зеинуллин және аталмыш кәсіпорынның жылу беру инспекцияларының жетекшілері қатысты.

— Штаттық режімде жұмыс істеудеміз және барлық жылу қазандықтары жұмыс істеп тұр. Өткендегі аязды апатсыз өткердік,- деді Нұржан Асанұлы.

Жалпы, қала бойынша жылу үздіксіз берілгенімен, «тоңдық» деп дабыл қаққан тұрғындар болыпты. Шәкәрім көшесіндегі 38-ші үй тұрғындары жылуға қатысты, Засядько, 58 мекенжайындағы семейліктер ыстық су мәселесі бойынша шағым жасаған.

— Шәкәрім көшесіндегі үйге байланысты айтар болсақ, ол үйдің жылу жүйесі бұзылған. Онда көптеген тәртіп бұзушылықтар орын алған. 1-шіқабаттардағы шағын кәсіпкерлік нысандар жертөледен тікелей өз жүйелерін тартып алған. Ол гидравликалық режімнің бұзылуына әкеліп соқты. Сонымен бірге ПИК-тің рұқсатынсыз тұрғындардың жылу құбырларын пластикке ауыстыруы (бұрынғымен салыстырғанда құбырлардың диаметрі өзгеріске ұшырап, айналым жүйесіне әсер еткен) мәселені қиындатқан,- деп түсіндірген «Теплокоммунэнерго» КММ жылу инспекциясының басшысы Жұман Мусин мәселе жылу беру жүйесінен емес, тұрғындардың осындай әрекеттерінен орын алғанын атап өтті.

Құбырларды ауыстырумен қоса, жылу батареяларының секциясын көбейтіп, тіпті жылы еден тартып алған тұрғындар да бар екен. Жылу мекемесінің басшылығы мұндай жағдайға барғандарды жауапкершілік күтіп тұрғанын айтады.

Ал Засядько көшесіндегі 58-ші үйге берілетін ыстық суды жылу берушілер амалсыздан тоқтатқан.

— Күзден бері 20 шақты рет ыстық судың екпіні шамадан тыс қатайды. Сондықтан сапалы жылу беру үшін ыстық суды тоқтатуға мәжбүр болдық. Құбырлар жөнделген соң, жаз маусымында берілетін болады,- деген Нұржан Зеинуллин ағымдағы жылы қаланың бірқатар аудандарында жылу құбырлары жөнделіп, ыстық су берілетіні жайлы жағымды жаңалықпен бөлісті.

— Ағымдағы жылы жазда қаланың 80 пайызы ыстық сумен қамтылатын болады. Яғни, сол жағалау толықтай, оң жағалауда қаланың орталығы, 35-ші, 72-ші ықшам аудандардағы көп қабатты тұрғын үйлер ыстық сумен қамтылады. Қарағайлы ықшам ауданын қайта құру жобаларына және РК-3 жылу қазандығының қуатын арттыру жұмыстарына байланысты Затон ауданына (1-ші ықшам аудан) биыл емес, келер жылы ыстық су берілетін болады.

Сонымен қатар ыстық суды қабылдай алмайтын үйлер де бар. Бұл қатарда Шығыс кенті аталды.

Силикат кентіндегі жаңа үй аязда қатып қалды деген ақпарат тараған болатын. «Теплокоммунэнерго» МКК директоры ол үйді жылыту Силикат зауытының құзырында екенін және бұл мәселеге орай жауап бере алмайтынын айтты.

Баспасөз мәслихатында жылу мекемесінің алдындағы тұрғындардың қарызы жайлы да мәселе қозғалды.

— Абоненттердің дебиторлық қарызы 340 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде 275 млн. теңгесі қарапайым тұрғындардың берешегі болса, 50 млн. теңгесі заңды тұлғаларға тиесілі. Өткен жылдармен салыстырғанда жағдай біршама жақсарды. Заңды тұлғалар өтемақы төлейді. Мәселе қарапайым халықта. Үш жылдан бері берешектерін өтеуден жалтарып жүрген абоненттер бар. Олармен жұмыс арнайы құрылған штаб, рейд және сот орындаушылары арқылы жүргізілуде,- деп атап өткен Нұржан Асанұлы жылыту маусымының соңына дейін көмір қоры жеткілікті екенін де еске салды.

Жиын қорытындысында «Теплокоммунэнерго» басшылығы әрбір үй жылыту маусымына дайындық кезінде ПИК арқылы тыңғылықты әзірленіп, құбырларды жуып-шаю жұмыстарын ретімен жүргізсе, сапалы жылу алатынын баса айтты.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

7 часов бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

7 часов бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

7 часов бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

7 часов бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

7 часов бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

7 часов бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

7 часов бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

7 часов бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

7 часов бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

7 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС