"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕНАТОР СЕМЕЙДЕ

06.04.2018
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болды. Сенатордың бұл жолғы сапары Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының мән – мағынасын халық арасында, жастарға жан – жақты насихаттау, түсіндіру болғанымен, Семейге келгенде тасқын судан зардап шеккен тұрғындармен де жүздесті.

Алдымен Д.Қалматаев атындағы медициналық және М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждерде жастармен жүздескен сенатор Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының қазіргі Қазақстанның дамуы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы үшін маңызды екеніне баса тоқталды.

— Елбасы жариялаған 5 әлеуметтік бастама қоғамда үлкен қолдауға ие болып, қызу талқылауға түсуде. Себебі мұнда халықтың көкейінде жүрген мәселелер қозғалды деп есептейміз. Бастаманың бесеуі де халықтың тұрмыс — тіршілігін жақсартуға, деңгейін көтеруге бағытталған. Бұл мәселелер депутаттық сауал ретінде де Парламент палаталарында көтеріліп келген. Барлығыңызға мәлім, осы жолғы құжатта жастарға берілетін мүмкіндіктерді арттыру жолдары қарастырылған. Жасыратыны жоқ, түлектердің оқу грантын жеңіп алу мүмкіндігі аз болып келген еді. Сондықтан бұл жастарымыздың болашағына үлкен үміт артатын Елбасының салиқалы саясаты деп айта аламын,- деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Халық қалаулысы сондай-ақ сол күні Мирный кентінің тұрғындарымен жүздесіп, олардың өтініш-тілектеріне де құлақ асты. Семейде орын алған тосын жағдайға қатысты өз пікірін былайша білдірді:

— Семейде орын алған тосын жайт табиғат апаты емес. Естіген боларсыздар, Шүлбі су электр станциясынан келетін судың тәуліктік мөлшері секундына 1800 текше метрге дейін ұлғайған. Жағдайға кінәлі – Семей қаласы әкімдігіне, облыс басшылығына ескертпей су жіберген «Ертіс» бассейндік инспекциясы мен Шүлбі су электр станциясы. Бастысы, адам шығыны жоқ, дер кезінде жедел шешім қабылданып, мұз жару жұмыстары жүргізілді. Мұз жару жұмыстары 2 – 3 сағатқа кешіктірілгенде, жағдай бұдан да жаман болар еді. Қала әкімі уақытында дұрыс шешім қабылдай білді. Сонымен қоса жергілікті әкімдік биылдан қалмай Ертіс өзені жағалауын бекіту жұмыстары басталатынын мәлімдеді. Екіншіден, қалада, жалпы, облыста төтенше жағдайлар кезінде әрекет ететін техникалардың жетіспейтіні рас. Мұны аймақ басшысы Даниал Ахметов те айтқан еді. Ескертулер жасалды, тиісті органдар бұл жағдайды назарға алады деп ойлаймын,- деді Дүйсенғазы Мусин.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС