"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ

20.04.2018
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының іргесіндегі зираттардың санитарлық жағдайымен «Семей» абаттандыру мен көгалдандыру» мемлекеттік мекемесі айналысады. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің тапсырмасына байланысты ұзақ жылдардан бері жиналып қалған тұрмыстық қалдықтар қорымдар мен барша зираттар аумағынан толықтай шығарылатын болады. Ата — аналар күні қарсаңында коммуналдық қызмет жұмысшылары Павлодар бағытындағы күре жолдан 18 шақырымдағы зиратты және Семей қаласынан 3 шақырым жердегі қорымды тұрмыстық қалдықтардан толықтай тазартты.

«Семей» абаттандыру мен көгалдандыру мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ержан Шайжүнісовтің айтуынша, бұған дейін зираттар мен қорымдардың тазалығымен айналысқандар ондағы санитарлық жағдайға бейжай қараған. Соның салдарынан атқарушы билік пен ТҮКШ тарапына туғандары жерленген тұрғындардан зираттар мен қорымдарда қоқыстан аяқ алып жүре алмайтыны туралы көптеген арыз — шығымдар түскен. Керек десеңіз, туыстарының қабірінің жанын тазарту кезінде жиналып қалған тұрмыстық қалдықтар жол бойына лақтырылған жағдайлар да орын алыпты. Кейбіреулер тіпті көне қабірлердің үстіне қалдықтарды үйе салатын жағдай да кездеседі екен.

— Біз 18 шақырымдағы зираттың аумағын бүгінгі күні толық тазарттық. 20 КамАЗ тұрмыстық және кездейсоқ қалдықтар шығарылды. Қазір біз қарағай ішіндегі ескі зират қорымы аумағында жарты күн бойы жұмыс істеп жатырмыз. Дәл қазір сегіз КамАЗ қалдық тасымалданды. Зираттарды тазартуға 35 жұмысшы мен 20 бірлік техника жұмылдырылды. Қосымша еңбек күшін тартып, жұмысшы санын 60 адамға жеткізетін боламыз. Ұзақ жылдардан бері жиналып қалған қалдықты шығарып болғанша бел шеше еңбек етеміз,- дейді Ержан Шайжүнісов.

Зираттар мен қорымдарды тұрмыстық қалдықтардан тазартып қана қоймай, қоқыс тастауға арналған арнайы орын салу жұмысы да қоса жүргізілуде. Кейін осы жиналған қалдықтар белгілі бір күні аумақтан шығарылып отырады. Мұны туғандарының басына келушілер білуі үшін, арнайы белгі де орнатылатын болады. Сонымен қатар таяу арада су жеткізіліп, 5 қоғамдық әжетхана орнатылады.

Ержан Шайжүнісов қорымдар мен зираттар қоқыс пен қалдықтан толық тазартылғанша жұмыс тоқтамайтынын айтады. Енді қаланың коммуналдық қызметінің келесі қолға алатыны — ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде Семей қаласында эвакогоспитальдарда емделіп, алған жарақатынан қаза тапқан майдангерлердің Силикат зауыты маңындағы қорымы. Осы орайда бір айта кететін жайт, жабылған қорым аймағына тіркеумен өтетіні, туғандарының басына барудың тауқыметі жайында қаладағы қоғам белсенділері тарапынан мәселе көтеріліп, БАҚ беттерінде жарияланып, теледидардан көрсетілген болатын. Енді бұл мәселе өз шешімін тауып, бұрынғы орманшылардың зиратқа келушілерді тіркеуге алып отырған үйшігі алынып тасталды.

Бұдан былай «Семей» абаттандыру мен көгалдандыру» мемлекеттік мекемесі зираттарды санитарлық қалыпқа сай ұстап отыруды да жоспарлап отыр. Ол үшін мекеме мамандары Өскемен қаласындағы зираттарда болып, жергілікті әріптестерімен тәжірибе алмасып қайтты.

– Біздің алдымызда тұрған ең басты міндет — Семей қаласы маңындағы барша зираттар мен қорымдарды қоршау,– дейді Ержан Шайжүнісов. – Қала бюджетінен осы жобаларды қаржыландыру үшін өтінім жасаймыз. Өйткені, қоршалмағандықтан, заңсыз жерлеулер орын алып, қаңғыбас иттер мен қараусыз малдар кіріп кетіп, құлпытастарға зақым келтіреді. Ең бастысы — бәрін жөнге келтіріп қана қою емес, жұмысты жолға қойып, оны тұрақтандыру.

Флора ЛЕВИНА,

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС