"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – ЕЛ БІРЛІГІ

24.04.2018
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Ақылдастар» ауыл ардагерлері қоғамдық бірлестігінің 10 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру: Жас ұрпақ елдің ұлттық — рухани тамырынан нәр алса,        адаспайды» атты қалалық форум Достық үйінде болып өтті. Форум басталмас бұрын, қатысушылар қоғамдық бірлестіктің он жыл бойы атқарған жұмыстарына арналған көрмені тамашалады. Аталған қалалық форумға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов және қазыналы қариялар, зиялы қауым өкілдері, мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты.

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов форумға жиналғандарды құттықтап, мұндай игі шаралардың жас ұрпаққа берері мол екенін атап өтті.

— Ардақты ақсақалдар, қадірлі жерлестер, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету — қанымызға сіңген асыл қасиет. Қариясын қазынаға балап, тектілікті сақтай білген Семей жерінде бүгін орны бөлек форум өтуде. Біз алдыңғы толқын ағаларға құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз. Төрден орын алып, батасын берген, ақылын айтып, жол көрсеткен аға буынға алғысымыз шексіз. «Ақылдастар» қоғамдық бірлестігі тіл мен тарихты насихаттап, батыр бабаларға тағзым етіп, рухани жаңғыруға үлес қосып келеді. Жастарымыз осы жолды бағалап, аманатты сақтауға міндетті. Бізге дәстүрді жалғап, аталы сөзге тоқтап, баталы іске жұмылу керек. Бұл баршамызға ортақ. Ардақты ағайын, батамен көгерген ұлы Абай, мұхит ойлы Мұхтар, дана Шәкәрім туған жерде әрқашан бірлік болсын! Ел аман, жұрт тыныш, болашақ жарқын болсын,- деді өз құттықтауында қала әкімі Ермак Бидахметұлы.

Құттықтаудан кейін Семей қаласы әкімінің алғыс хаттары бірлестіктің Ахметкәрім Ахмадиев, Нұржамал Имашқызы, Әбдеш Имаханов бастаған 12 белсенді мүшесіне табыс етілді. Торқалы тоқсаннан асқан Әбдеш Имаханов ақ батасын беріп, қала басшысының ісіне табыс тіледі.

Өзіне сөз кезегі тиген бірлестік төрағасы Сағындық Бейсенбаев ұжымның қаламыздың рухани — мәдени, қоғамдық — саяси өміріне қосқан үлесін кеңінен баяндап беріп, сөз аяғында ақсақалдардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны мен рөліне жан – жақты тоқталды.

Бұдан кейін жастар тәрбиесіндегі тарихи тағылым мен ұрпақтар сабақтастығына арналған 4 баяндама оқылды. Тарихшы ғалым Мұхтарбек Кәрімов «Алаш қозғалысы кезіндегі Шығыс Қазақстанның саяси өмірі» тақырыбында жиналғандарға соны деректер ұсынып, таным көкжиектерін кеңейтті. Танымал этнограф, белгілі шежіреші қария Молдабек Жанболатов «Әдет-ғұрып, салт-дәстүр – тәрбие бастауы» атты баяндамасында қазақ қоғамындағы бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді қозғап, тыңдаған жанға ой салар орамды пікір айтты.

Қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, Р.Байсейітов атындағы қаржы – экономикалық колледжінің директоры Думанғазы Арғынғазиннің жасаған баяндамасында мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны сөз болды. Ал Семей қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Майра Қуандықова «Құқық қорғау бағытындағы жастар тәрбиесіндегі басты назар аударатын мәселелер» тақырыбында баяндама жасады.

Форум Семей қаласы өнерпаздарының концертімен аяқталды.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

08.07.2026
Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу тәртібі, төлеу мерзімі және салықтық жеңілдіктер туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Ақпараттық хабарлама

08.07.2026

«ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС («Semei tańy», «Вести Семей», «Біздің Бесқарағай», «Наш Бескарагай», «Жаңа уақыт», «Новое время», «Жаңарған Жаңасемей», «Жаңасемей сегодня»...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

08.07.2026
«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясында «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты стратегиялық сессия өтіп, онда сарапшылар, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының өкілдері Қазақстан...

Толығырақ...Details

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

07.07.2026

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат (2026 жылғы 7 шілдедегі № 89-НҚ) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасы...

Толығырақ...Details

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

06.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы...

Толығырақ...Details

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

06.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

10 часов бұрын

Ақпараттық хабарлама

14 часов бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

14 часов бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

1 день бұрын

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

3 дня бұрын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

3 дня бұрын

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

5 дней бұрын

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

5 дней бұрын

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

5 дней бұрын

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС